«Шеңбер бойынша әңгімелесу» әдісі арқылы оқушылар
«Абай Құнанбаев туралы не білеміз» тақырыбында өздері білетін ақпаратты бөліседі. Абай Шығыс Қазақстан облысында туған. Әкесі - Құнанбай. Анасы – Ұлжан. Туған жылы 1845жылы туған, 1904 жылы дүниеден өткен.
Мұғалім: Жеңгелері Абайды «Телғара» деп атапты. Бұл халықтың қай дәстүрі? («ат тергеу» дәстүрі, 5-сыныпта өткен «Табу» деп аталатын тақырып, ал жеңгелерің сендерді қалай атайды?
Сабақтың тақырыбы мен мақсаты таныстырылады:
Бала Абайдан дана Абайға дейін
Тыңдалым және айтылым: Аудиожазбадан (04.mp3) халық ақыны Нұрпейіс Байғаниннің «Абайға айтарым» өлеңін тыңдап, ондағы негізгі ойды анықтаңдар. Құрылымдық ерекшелігі қандай?
Нұрпейіс Байғанин
Абайға айтарым
Ұстазы көркем сөздің асыл Абай,
Білімді, зейінді асқан, ақын Абай,
Зейіні артық ұшқыр жаннан асқан
Озатша астанадан затың, Абай.
Сіңірген байтақ елге еңбегіңмен
Шашылды жер жүзіне атың, Абай!
Асқар тау, биік шыңсың қол жетпеген,
Білікпен зейініне сөз жетпеген.
Бұтағың көк тіреген сен бәйтерек
Мәуеңе қараса жұрт көз жетпеген.
Зейінің артық асқан, көңілің кеңіс,
Ақылың, ақындығың бәрі тегіс.
Үлгіңнен, Абай ақын, нұсқау көріп
Ақындар күннен-күнге тапты өріс.
Үлгің деп сенің берген, ақын Абай,
Заманда рахатты жедік жеміс.
Аузыңнан шыққан сөзің гауһар-маржан,
Жырыңның бас-аяғы бірдей тегіс.
Абайдың өзі өлсе де, сөзі өлген жоқ,
Абайға ешбір ақын теңелген жоқ.
Мәңгілік бүгінгідей сенің жырың,
Ескіріп айтқан үлгің көнерген жоқ.
Халыққа үлгі берген сенен өзге
Ақында сіз сияқты шебер де жоқ.
Көңіл салып оқыңыз Абай жырын,
Аузынан шыққан жыры шекер-шырын.
Үлгілі айтқан жыры ақын Абай,
Халыққа үлгі берген бізден бұрын.
Мақпалдай қалы кілем секілденіп
Тыңдатқан астанаға жырдан түрін.
Халықтың қамы үшін жырлап өткен
Сайратып шын шежіре шешен тілін.
Ақтарып көңілінен асыл сөзді
Заманның болжап өткен ақыр түбін.
Өзінің терең ой мен ақылынан
Ер Абай болжап кеткен ойдың түбін.
Бұрынғы өткен қулар елемеді,
Советім, халқым білді жырдың бұлын
«Тест инервью» интербелсенді тақтадағы сұрақтар:
Ақынның негізгі ойы қандай?
Көнерген сөздер болса, атаңдар.
Дескрипторы:
Мәтіннің мазмұнын түсінеді, Абай туралы мәліметті толқытырады.
Бағалау парақшасы арқылы бағаланады.
2. «Бала Абайдан дана Абайға дейін»
1) Мәтінді оқып, негізгі және қосымша ақпаратты ажыратыңдар.
2) Әдеби тіл нормалары. Әр топ мәтінінен көнерген сөздерді тауып,
құрылысына қарай ажыратыңдар.
Бала Абай
Ұлы ақын, ағартушы, қазақтың жазба әдебиетінің және әдеби тілінің негізін салушы – Абай (ИбраҺим) Құнанбайұлы Шығыс Қазақстан облысы (бұрынғы Семей уезі) Абай ауданында (бұрынғы Шыңғыстау облысы) Шыңғыс тауының бауырында дүниеге келді. Абай атақты Тобықты руының Ырғызбай деген тобынан тарайды. Ол ауыл молдасынан оқып жүрген кішкентай кезінен-ақ зеректігімен көзге түседі. Кейін ол Семей қаласында 3 жылдық медресе тәрбиесін алады.
Абай көпті көрген әжесі Зеренің тәрбиесінде болды. Шешесі Ұлжан да ақылды ананың бірі болған. Әкесі Құнанбай Өскенбайұлы орта жасқа келгенде атқа мініп, ел билеу жұмысына араласқан, Ресей патшалығының Қазақстанның батысы мен орталық аймағын отарлап, ел билеу жүйесін өз тәртібіне көндіре бастаған кез. Құнанбай өз заманында ел басқарған адам болды. Ол ел билеу ісіне балаларының ішінде Абайды баулып, араластырды.
Абайды оқудан ерте тартып, оқудан шығарып алуы да сол билікке ұлын қалдыру мақсатында еді. Әке еркімен ел ісіне жастай араласқан Абай тез есейіп, балалықтан да ерте айырылып, жастайынан ел ішіндегі әңгіме, сөз өнерін, билердің шешендік өнеріне құлақ салып, өзінің ерекше талантымен бойына сіңіре білді. Әке-шешесінің қасында жүрсе де, жас Абай оқудан қол үзбейді, бос уақытында қазақтың мәдениетін, араб, парсы, шағатай тілдерін үйренеді. Шығыс әдебиетінің алыптары
Низами, Хожа Хафиз, Науаи, Физули, т.б. ақындарының өлеңін жаттап өседі. Кейін ол орыс әдебиеті мен тілін өздігінен үйреніп, орыстың ұлы ойшылдары Пушкин, Гоголь, Лермонтов, Щедрин, Некрасов, т.б. шығармаларымен танысады. Сонымен бірге ағылшын ғалымы Дарвиннің, Шекспирдің шығармаларын да оқиды. Соның арқасында дүниетанымын кеңітіп, білімін шыңдай береді.
(http://abaialemi__
|