Жаратылыстану. Жұмыс жұпта өткізіледі. Оқушыларға әртүрлі жануарлардың – мысық, ит, кірпі, тоты, балық және т.б. суреттерін таратып беріңіз. Тапсырма: «Сенің үйіңде бар немесе сен асырағың келетін жануардың біреуін таңда. Неліктен сен жануарлардың дәл осы түрін таңдадың?». Оқушылар өз таңдауын түсіндіреді.
Математика. «Сөзді тап» ойыны. Тақтаға мысалдар жазылған парақшалар ілінеді.
70 – 20 = Қ
35 + 2 = О
20 – 1 = Д
55 + 4 = Т
80 – 80 = С
17 + 3 = Ы
Оқушылар мысалдарды шешіп, жасырынған сөзді табады.
19 37 0 59 20 50
д о с т ы қ
Музыка. Бояуға арналған тапсырманы орындаған кезде С.Бәйтерековтің «Жан досым» әнін қосып қоюға болады. Әнді тыңдағаннан кейін оқушылардан әндегі достық қарым-қатынасты білдіретін сөздерді естеріне түсіруді сұраңыз
|
Оқушылардың ұйымшыл болуы үшін «Кім жылдам?» ойынын жүргізуге болады. Әр топ ешнәрсе айтпай бірінің артына бірі жылдам тұра қалуы және команданың барлық оқушылары бірігіп, шаршы, үшбұрыш, ромб, әріп пішіндерін құруы тиіс. Жаттығуды орындағаннан кейін оқушылардан тапсырманы орындауда қандай қиындық болғанын және тапсырманы орындауда не көмектескенін сұраңыз.
|