Сабақ тақырыбы: Барлығы өзім туралы Мен кіммін? Мектеп: Күні



бет54/153
Дата07.02.2022
өлшемі18,1 Mb.
#93756
түріСабақ
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   153
Байланысты:
Дүниетану ҚМЖ

Сабақтың мақсаты:

1.1.1.1 түрлі дереккөздерді зерттей отырып, «отбасы» ұғымын түсіну және мәнін түсіндіру

Сабаққа байланысты деректі материалдар



Сабаққа қатысты ескертпелер



Үй дегеніміз не? «Үй» сөзі латынның «домус» деген сөзінен шыққан, бұл «баспана», «шаруашылық» дегенді білдіреді. Сондықтан адамдар өмір суретін, тіршілігін жасайтын мекенді үй деп атайды. Адам баласы үшін үй – баспана, қорған және жайлылық мекені.


Дәстүрлі тұрғын үйлер. Үйді салған кезде елді мекеннің табиғи жағдайы есепке алынады. Әр
халыққа тән тұрғын үйдің көптеген түрлері бар: Арабияда –шатыр, Америкада – вигвам, типи, хоган, Бразилияда – хижина (лашық), Гренландияда – иглу, Испанияда – пальясо, Қырғызстанда, Монғолияда – киіз үй, Қытайда – фанзай, Ресейде – изба (ағаш үй), Украинада – хата (там).
Киіз үй. Қазақ халқы ерте заманда көшпелі тіршілік еткен. Олардың негізгі байлығы мал еді. Қазақ халқы малдан түрлі тағам өнімдерін және тұрмыстық заттар жасайтын материалдарды алған. Мал басының өсімі жайылым мен су көздерін ауыстыруға да байланысты болды. Мұндай жағдайда киіз үй көшпелі тіршілікке қолайлы болып табылатын. Бұл ерекше үй түрі. Жазда аптап ыстықта киіз үйде салқын, ал қыста жылы және жайлы. 5-7 адам тұратын шағын киіз үйді екі сағатта орнатып, бір сағатта жинаған.

Киіз үйдің негізін ағаш қаңқа құрайды. Төменгі бөлігі жиналатын торлы керегеден тұрады. Кереге неғұрлым көп болған сайын киіз үйдің көлемі де үлкен болды. Керегені есікке терме белдіктермен байлайды. Олар киіз үйдің бүкіл құрылымын ұстап тұрады. Керегені (киіз үй қабырғаларын) жауып тұратын өрмені ши деп атайды. Есік орнын киізден жасалған тығыз жапқышпен жапқан. Шаңырақты керегемен уықтар байланыстырады. Киіз үйдің терезесі – түндік. Ішінен сырықтармен айқастырып бекітілген ағаш шеңберді шаңырақ деп атайды. Оны әдетте қайың ағашынан жасайды. Қазақ халқы «шаңырақ» ұғымына ерекше мән берген. Ол отбасындағы берекені білдіреді.


Киіз үйдің ортасына ошақ қойылған. Ол тамақ әзірлейтін және суық кезде жылынатын жер. Есікке қарама-қарсы қонақтарға және құрметті адамдарға арналған төр орналасқан. Есіктегі бос кеңістік «босаға» деп аталады.



Тақтаға үлкен ватман қағазын іліңіз. Оқушылар сабақ барысында әр дұрыс жауап үшін үйді дайындауға қажетті «іргетас», «кірпіш», «шатыр» желімдейді. «Кірпіштерге» үйді сипаттайтын сөздер жазуға болады. Мысалы, жайлы, жарық, таза, кең, жылы, әдемі, биік және т.б.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   153




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет