Сабақ тақырыбы: Барлығы өзім туралы Мен кіммін? Мектеп: Күні


Бұрынғы және қазіргі баспана



бет55/153
Дата07.02.2022
өлшемі18,1 Mb.
#93756
түріСабақ
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   153
Байланысты:
Дүниетану ҚМЖ

Бұрынғы және қазіргі баспана. Оқушылардың назарын әртүрлі үй суреттеріне аударыңыз. Олар әр үй туралы не айта алады? Оқушылар қандай қорытынды жасайды? Олардың жауаптарын әр елдің баспаналары туралы ақпаратпен толықтырыңыз. Олардан қандай үй түрлерін

білетінін анықтаңыз. Оларды салыстыруын сұраңыз. Оқушыларға үйшік түріндегі үлестірме


парақшалар таратып беріңіз. Әр оқушы өз үйін сипаттайды. Оларды тақтаға немесе қабырғаға ілінеді.


Мәтінді оқығаннан кейін киіз үй туралы білімдерін тексеріңіз. Оқушылар киіз үйді қайдан көргенін сұраңыз.

Жауабы: Суреттен, мерекелерде, ауылдық елді мекенде және т.б.


Сен білесің бе? Оқушылардан мәтінді оқып шығуын сұраңыз. Олармен бірге өткен сабақта танысқан «дәстүр» сөзінің мағынасын еске түсіріңіз. Шаңырақты әкеден балаға мирас ету ұрпақ жалғастығын, отбасылық дәстүрлер мен рухани құндылықтың сақталуына ықпал етеінін білуі қажет.


Зертте. Келесі тапсырманы орындау үшін киіз үйдегі заттардың неліктен қатаң тәртіппен орналасатыны туралы әңгіме өткізіңіз. Оқушыларға киіз үйдегі заттардың орналасу реті туралы сұрақ қойыңыз. Олардың назарын киіз үйдегі әр заттың белгіленген орында орналасуының белгілі бір мәнге ие екеніне аударыңыз. Киіз үй үлгісін және бірнеше заттардың (сандық, кебеже, дөңгелек үстел, ошақ) суреттерін алыңыз. Оқушылар оларды орналастырады. Содан кейін киіз үйдегі заттардың дұрыс орналасу тәртібі туралы таныстырылымды көрсетіңіз.


Жауабы: Киіз үйде бос орын аз. Үй іші таза және жайлы болуы үшін заттарды орналастыруда қатаң тәртіп сақтау қажет болған.

Балаға көмектес. Оқушылардан бала неліктен өз портфелін таба алмай жатқанын сұраңыз. Оқушылар балаға мінездеме береді. Бұл тапсырманы қорытындылай отырып, оқушылар өз үйлерінде тазалық пен тәртіпті қалай сақтайтынын әңгімелейді. «Жайлылық» және «өзіне-өзі қызмет көрсету» ұғымдарын түсіндіріңіз.


Үйдегі жайлылық – бұл тек тазалық, тәртіп қана емес, сонымен бірге үйдегі жандар жылы ерекше жағдай. Үйдегі тәртіпті отбасының әр мүшесі сақтауы тиіс. Өзіне қызмет көрсету – бұл жайлылық пен тазалық сақтауға бағытталған қызмет түрі.

Анықта. Бұл айдар оқушылардың «мекенжай» ұғымы бойынша білімін анықтауға көмектеседі. Бұл тапсырманы сыныпта немесе үйде өз бетімен орындайды. Тапсырма оқушылардың өз мекенжайларын дұрыс айту және жазу дағдысын бекітеді.


Орындап көр. Оқушыларға түрлі түсті геометриялық фигуралардан үй құрастыруға тапсырма беріңіз. Үшбұрыш, тік төртбұрыш, шаршы, сопақ фигураларды қолдануға болады. Оқушылардан бұл фигураларды атап, санап шығуын сұраңыз.


Сабақ соңында оқушылардың назарын өздері бірге құрастырған үйге аударыңыз.








Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   153




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет