Сабақ тақырыбы: Барлығы өзім туралы Мен кіммін? Мектеп: Күні



бет63/153
Дата07.02.2022
өлшемі18,1 Mb.
#93756
түріСабақ
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   153
Байланысты:
Дүниетану ҚМЖ

Қосымша тапсырмалар



Жаратылыстану. Оқушылар тұсбағдар өсімдік – сүтшөп (латук) туралы мәлімет алады.

Өнер. Жұмыс дәптерінде оқушылар үйдің айналасында орналасқан заттардың суретін салады және бояйды.





«Шатастырма!» ойынын өткізіңіз. Алдын ала әріптер дайындап алыңыз. Оқушылар бірден сөзді қай тілде бастау қажет екенін түсіне алуы тиіс. Әріптер белгілі бір түсте болуы қажет: қазақ тілінде – жасыл, орыс тілінде – сары, ағылшын тілінде – қоңыр. Оқушыларды екі топқа бөліңіз. Оларға әріптердің біреуін көрсетіңіз. Мысалы, «С» әрпі жасыл түсті. Бірінші оқушы «солтүстік» сөзін қазақ тілінде айтады, келесі оқушылар бұл сөздерді орыс және ағылшын тілдерінде айтады. Барлық сөздерді дұрыс және тез айтқан топ жеңеді. Ойын тірек сөздерді еске сақтауға көмектеседі, сонымен қатар оқушыларды мұқият болуға үйретеді.
Тұсбағдарды қолдана отырып, тәжірибелік дағдыларын бекіту мақсатында оқушыларға өз үйінің қалай орналасқанын анықтауға тапсырма беріңіз.

Бағалау



Оқушылар

–– көкжиек және оның тұстары – солтүстік, оңтүстік, батыс, шығыс туралы;

–– тұсбағдардың көмегімен және жергілікті жер белгілері бойынша бағдарлау тәсілдері туралы білді.


Оқушылар

–– тұсбағдарды пайдалануды; –– нысандардың бағытын анықтауды;
–– тірек сөздерді дұрыс қолдануды үйренді.

Блиц-сауалнама (әр оқушыға арналған үлестірме парақшалардағы кестеде). Әр жауаптан кейін дұрыс болса (+) белгісін, бұрыс болса (-) белгісін қою қажет.





  1. Көкжиек – бұл айналамыздағы көрінетін жер. (+)




  1. Бағдарлау үшін 5 негізгі көкжиек тұстары қолданылады. (-)




  1. Тұсбағдар – көкжиек тұстарын анықтауға арналған құрал. (+)




  1. Тұсбағдардың көк (жасыл) тілі оңтүстікті көрсетеді. (-)




  1. Тұсбағдар адаспау үшін қажет. (+)

  2. Күн әрқашан шығыстан атады. (+)

  3. Тал түсте күн солтүстікте болады. (-)






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   153




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет