Сабақ тақырыбы: Барлығы өзім туралы Мен кіммін? Мектеп: Күні



бет65/153
Дата07.02.2022
өлшемі18,1 Mb.
#93756
түріСабақ
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   153
Байланысты:
Дүниетану ҚМЖ

Сабақтың мақсаты:

1.1.3.1 өз мекенжайын атау және елді мекенінің географиялық орналасқан жерін сипаттау
1.1.3.2 өзі тұратын елді мекеннің басты көшесін, ғимараттарын және көрнекі жерлерін сипаттау

Сабаққа байланысты деректі материалдар



Сабаққа қатысты ескертпелер



Жергілікті жер сұлбасы – бұл аумағы жағынан шағын жер телімінің кішірейтілген көрінісі. Сұлба арқылы біз белгілі бір жердің ерекшеліктерін, сондай-ақ ондағы заттар мен нысандардың орналасу ерекшелігін білеміз. Жергілікті жер сұлбасын қарап отырып, биіктігі әртүрлі ғимараттардың онда бірдей етіп түсірілгенін байқаймыз. Яғни барлық заттардың пішіндері сұлбада төбесінен көргендей бейнеленеді. Жергілікті жер сұлбасы адамдардың күнделікті тіршілігінде қажет. Көбінесе сұлбаны құрылыс жұмыстарында қолданады. Жергілікті жер сұлбасын көбінесе фермерлер жаңа ауыл шаруашылығы алқаптарын игерген кезде және егін егу жұмыстарымен айналысқан кезде қолданады. Сонымен қатар саяхатшы жергілікті жер сұлбасын саяхат жасау кезінде қолданады. Ерте заманнан ақпарат берудің бір тәсілі карта болатын. Карталарды ел билеушілер әскери жорыққа шығу үшін пайдаланды. Олар картаның көмегімен дұрыс бағытпен жүріп отырды. Бірақ ол кезеңде көптеген карталар дәл көрсетпейтін еді. Географиялық білім алу үшін адамдар қиын және қауіпті саяхаттарға шығып отырды.Отандық және дүниежүзілік ғылымға өз үлесін қосқан көрнекті ғалым Ш.Уәлиханов болатын. Өжет саяхатшы және қажымас зерттеуші Ш.Уәлиханов қиындықтарға, қауіптерге толы Қашқарияға, Шығыс Түркістанға сапарына шықты. Ол еуропа ғылымы үшін Қашқарияны ашқан тұңғыш ғалым болды.Ұзақ уақыт бойы Қытайдың Шығыс бөлігі ғылым үшін құпия еді. Көп адам бұл жерлерге бара алмайтын. Оның ғылыми ерлігі Ресей және басқа да елдердің ғалымдарының назарын аударды. Ш. Уәлихановтың еңбектері Лондонда, Берлинде басып шығарылды.Тұңғыш қазақ ғалымы Ш.Уәлихановтың ғылыми қызметі мен еңбектерін орыс және әлем жұртшылығы кеңінен таныды. Туған еліне деген сүйіспеншілік, халықпен тығыз байланыс оған бірнеше жылға ілгері ойлануына мүмкіндік берді.

Сабақты «Достарымның мекенжайы» ойынынан бастасаңыз болады. Оқушылар алдын ала дайындалған кестелерден сынып оқушыларының мекенжайы (көшесі, үйі) туралы ақпарат жинайды. Қай оқушы көбірек ақпарат жинайтын болса, сол жеңеді. Оқушылардан жолда адаспау үшін оларға не көмектесетінін сұраңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   153




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет