Сабақ тақырыбы: Барлығы өзім туралы Мен кіммін? Мектеп: Күні



бет102/153
Дата07.02.2022
өлшемі18,1 Mb.
#93756
түріСабақ
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   153
Байланысты:
Дүниетану ҚМЖ

Сабақтың мақсаты:

1.3.2.1 көрнекі материалдардың негізінде қазақтардың өмір салтын сипаттау

Сабаққа байланысты деректі материалдар



Сабаққа қатысты ескертпелер



«Толағай» – халық аңызы. Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданындағы тау атауына байланысты. Ерте заманда, үлкен өзен бойында Саржан деген аңшының отбасында Толағай деген ұл дүниеге келеді. Толағай ай санап емес, күн санап өседі. Күндердің күнінде жауын жаумай, қуаңшылық болады. Шөлден мал қырылып, жұт келеді. Елін жұттан құтқару үшін алыстағы тауды өз еліне әкеледі. Шаршаған батыр ауылына жеткенде тау астынан шыға алмай мәңгіге сол таудың астында қалып қояды. Содан бері бұл тау «Толағай» деп аталады.Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайы, әсіресе Жәнібектің баласы Қасым ханның (1511–1523 жж.) тұсында нығайды. XVІ ғасырдың екінші он жылдығында Қасым хан ұлан-байтақ қазақ жерін өз қол астына біріктірді. Тарихшы-ғалымдардың зерттеуіне сай Қасым ханның тұсында қазақ халқының саны 1 миллионға жетті. Қасым дана және көреген саясаткер, дарынды және ер жүрек қолбасшы болған.

Бұл сабақты «фольклор» ұғымын түсіндіруден бастаған дұрыс. Ол үшін Қожаберген жыраудың нағыз қазақ әніне айналған «Елім-ай» әнінің дыбыстық немесе бейнежазбасын тыңдатуға болады. Тыңдап болғаннан кейін оқушылардан бұл ән қандай сезім оятқанын, мағынасы қандай екенін сұраңыз. Оқушылардың болжамдарын тыңдаңыз. Бұл ән қазақ халқының ең ауыр жылдарында пайда болғаны туралы әңгімелеңіз. Қаптаған жоңғарлар қазақтың бейбіт ауылдарына қаһарлы күшін төкті. Мыңдаған адамдар туған жерлерін тастап кетуге мәжбүр болды. Міне, сол кезде барлығы білетін және айтатын осындай зарлы ән пайда болды. Ауыздан ауызға беріліп отырған осындай әндер, мақал-мәтелдер, аңыздар фольклор немесе халық ауыз әдебиеті деп аталады.
Толағай. Бұл тапсырманы орындау үшін «Жеті жебе» әдісін қолданыңыз. Ол үшін сабақ басталар алдында тақтаға қазақ батыры бейнеленген суретті іліңіз. Суреттің айналасына бормен жеті жебенің суретін салыңыз. Балаларға «Жеті жебе» бізге қазақ батырлары туралы әңгіме қозғауға көмектесетінін айтыңыз. Оқушыларға оқулықтағы 1-суретті ұсыныңыз. Егер мүмкіндік
болса, оларға Толағай батырдың ерлігі көрсетілген мультфильмнен үзінді көрсетіңіз. Оқушылар жұпта қандай қасиеттері арқылы Толағайды батыр деп атауға мүмкіндік беретінін талқылайды. Талқылағаннан кейін оқушыларға қалауы бойынша жебелерге батырдың ерекше қасиеттерін жазуды ұсыныңыз.
Жауабы: Күшті, ержүрек, батыр, қайсар, елжанды, жанашыр, мейірімді.
Оқушыларға оқулықтағы 1-мәтінді өз бетімен оқуды ұсыныңыз. Бекіту ретінде жұмыс дәптерінде қосымша тапсырма орындауға болады.
Халық даналығы. Оқушылар мақал-мәтелді оқиды және мағынасын түсіндіреді. Тапсырманың екінші сұрағына жауап беру үшін оқушылар өз өмірлік тәжірибелерін қолдануы тиіс. Олардың назарын бейбіт өмірде адамдардың игілігі үшін жасалған кез-келген игі істер ерлік болып саналатынына аударыңыз. Мысалы, қарттарға, мүгедектерге көмек, өрт сөндіру.
Мен кіммін? Тақтаға Қасым ханның суретін іліңіз. Оқушыларға бір-бірден стикер таратыңыз және портретке қатысты бір сұрақтан жазуды ұсыныңыз. Содан кейін оқушылар айдардың мәтінін және 2-мәтінді өз бетімен оқысын. Оқушылардан оқыған материалдарда сұраққа жауап бар ма екенін сұраңыз. Егер жауап бар болса, онда оқушылар тақтаға барып, өз стикерін алсын. Егер тақтада тағы да стикерлер қалған болса, онда деректі материалды қолдана отырып, сұрақтарға жауапты өзіңіз бере аласыз. 2-3 қызықты сұрақты қалдырып, қабілеті жоғары оқушылардан үйден интернет ресурсынан жауаптар табуға тапсырма беріңіз.

Сен білесің бе? Бұл айдар мазмұнының тәрбиелік мағынасы зор, бірақ 1-сынып оқушыларының қабылдауы қиын. Сондықтан мұғалім оның мағынасын өзі ашып бергені дұрыс. Мәтінді оқудың алдында оқушыларға бейнелі түрде салыстыруды ұсыныңыз. Оларға әр халықтың ана тілі, мәдениеті – бұл оған қорек беретін және ұстап тұратын өсімдік тамыры тәрізді екенін түсіндіріңіз. Сыныптағы ең әдемі бөлме гүлін үстелге қойыңыз. Бұл гүлді суармаса, не болатынын сұраңыз.


Жауабы: Гүл қурайды. Ана тілі де тура сол сияқты. Егер ана тілінде сөйлемесе, ол біртіндеп жойылып кетеді. Тіл болмаса, халық та болмайды.
Орындап көр. Жұмысты топта өткізіңіз. Әр топқа қазақ халқының ұлттық құндылығы көрсетілген мақал-мәтелдер мен суреттер салынған үлестірме парақшалар таратып беріңіз. Оқушылардың міндеті – шағын жоба (аппликация, сурет, ермексаздан жасалған заттар) көрсету. Оқушылар өз материалдарын қолдана отырып, шетелдік қонаққа қазақ халқын таныстырады. Мынадай үлестірме парақшалар ұсынуға болады: қазақ батырының суреті салынған үлестірме парақшада «Батыр туса – ел ырысы, жаңбыр жауса – жер ырысы», аттың суреті бар үлестірме парақшада «Ер қанаты – ат», мереке суреті бар үлестірме парақшада «Гүлсіз болса жер мұңды, Күлкісіз болса ел мұңды», ауыл суреті бар үлестірме парақшада «Туған жердің жуасы да тәтті» және т.б. мақал-мәтелдері. Әр топ өзіне таныстыру түрін таңдайды.
Сабақты Ерболат Құдайбергеновтің орындауындағы «Мен қазақпын» әнімен бастап, «Жау жүрек мың бала» көркем фильмінен үзінді көрсетумен аяқтаңыз. Оқушылар әуенмен би билеуіне немесе қарапайым қозғалыстар жасауына болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   153




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет