Сабақ тақырыбы: Барлығы өзім туралы Мен кіммін? Мектеп: Күні



бет4/5
Дата11.01.2017
өлшемі1,24 Mb.
#6949
түріСабақ
1   2   3   4   5




Қосымша тапсырмалар


Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру

Тірек сөздердің дұрыс айтылуын пысықтау үшін оқушыларға “Қанша?” ойынын ойнауды ұсыныңыз. Бір оқушы заттың суретін көрсетеді де, “Қанша?” деген сұрақ қояды. Сұраққа бірінші болып дұрыс жауап берген оқушы жүргізуші болады. Ойын барлық оқушылар тірек сөздерді айтып болғанша жалғасады.




Суреттер мен парақшаларды сызықпен қос. Нүктесінің саны суреті салынған заттар санына сәйкес келетін парақшаны тап. Олардың арасын сызықпен қос. Оқушылар заттар тобын сәйкес нүктелер санымен сызықтар арқылы қосу керек.

Суретте қанша ойыншық болса, сонша дөңгелекті боя. Тапсырмада оқушылар суреттің

астында тұрған дөңгелектерді суретте бейнеленген заттардың санына байланысты бояйды.

Өнім. Оқушылар иллюстрацияны мұқият қа-рап шығуы тиіс және себетте қанша қызанақ, қияр, шалқан, қызылша, сәбіз, пияз, кәдінің суреті барын санайды. Нәтижесін парақшадағы санмен жалғастыру керек.

Жауабы:

5 дана — қияр, 9 дана — қызанақ, 10 дана — шалқан, 4 дана — қызылша, 7 дана — пияз, 4 дана — сәбіз, 1 дана — кәді.

Бағалау

Оқушылар сабақ соңында:




  1. он көлемінде санауды;

  2. заттардың саны мен сандар арасындағы сәй-кестікті табуды меңгереді.

Сабақ тақырыбын меңгеру деңгейін бағалау үшін
мынадай сұрақтарды қойыңыз:

— Санауды қай саннан бастаймыз? (1 санынан бастап санаймыз.)

— Суреттегі заттарды санаңдар. Қанша …? (10 көлеміндегі заттардың суреттері бар парақ-шаларды көрсетіңіз.)
— Санағанда сандарды қалдырып кетуге бол-майды. Неліктен? Сен қалай ойлайсың?

Оқушылармен жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағымен” өзін-өзі бағалауға байланысты жұмыс өткізіңіз.




Ұзақ мерзімді жоспарлар

1-сынып


Ортақ тақырыптар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі

Бағдарлама бөлімшелері

Оқу мақсаттары

І тоқсан




«Өзім туралы»,


«Менің мектебім»

тақырыптары аясында*



1А бөлім - Сандар мен цифрлар

1.1 Натурал сандар және 0 саны. Бөлшектер

1.1.1.1** санау барысында натурал сандардың реттік номері анықталатындығын түсіну;

10 көлемінде тура және кері санау; олардың натурал сандар қатарындағы орнын анықтау;

1.1.1.2** бір таңбалы сандарды сандарды оқу, жазу және салыстыру

1.1.1.3** бір таңбалы сандардың құрамын анықтау



1.2 Сандармен амалдарды орындау

1.1.2.1 қосу амалын ортақ элементтері жоқ жиындардың бірігуі, азайтуды жиынның бөлігін ажыратып алу ретінде түсіну

1.1.2.5** ондықтан аттамай бір таңбалы сандарды ауызша қосу және азайту тәсілдерін қолдану



3.3 Нүктелер координаттары және қозғалыс бағыты

1.3.3.1 сан сәулесінде белгіленген нүктелердің бір-біріне қатысты орналасу қалпын анықтау

4.3 Тізбектер

1.4.3.1** 10-ға дейінгі сандар тізбегін құрастыру

5.2 Математикалық тіл

1.5.2.1 цифр мен санды бір-бірінен ажырату, бір таңбалы сандарды әртүрлі тәсілдермен (нүктелер жиынтығымен, таяқшалармен және т.б) және сан сәулесінде көрнекі кескіндеу

1.5.1.2** сандарды салыстыру кезінде қолданылатын ұғымдарды пайдалану

1.5.2.3 сандардың қосындысы мен айырмасын, сандарды салыстыру (артық/кем), көршілес сандарды, сандық аралықтарды, сандар қатарын көрсету үшін сан сәулесін пайдалану

1.5.2.2** «+», «-», «=»,«>», «<»таңбаларын, цифрларды қолдану

1.5.2.4 қосу мен азайту амалдарының компоненттері атауларын өрнектерді оқу мен жазуда пайдалану


1В бөлім - Геометриялық фигуралар


4.1 Жиындар және олармен орындалатын амалдар

1.4.1.2 жиындарды элементерінің белгілері (нысандардың түсі, пішіні, өлшемі, материалы, әрекеті) бойынша құру және жіктеу

3.1 Геометриялық фигуралар және олардың жіктелуі

1.3.1.1 геометриялық фигураларды: нүкте, түзу, қисық және сынық сызықтар, тұйықталған және тұйықталмаған сызықтар, кесінді, сәуле, бұрышты бір бірінен ажырату және атау

1.3.1.2 жазық фигураларды (үшбұрыш, дөңгелек, шаршы, тіктөртбұрыш) және кеңістік фигураларды (куб, шар, цилиндр, конус, пирамида, тікбұрышты параллепипед) тану және қоршаған ортадағы заттармен сәйкестендіру



1-сыныпқа «Сауат ашу» пәні бойынша қысқа мерзімді жоспарлау

«Сауат ашу» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі аптасына 6 сағат, оқу жылына 198 сағатты құрайды. I тоқсан (1-тоқсан 54 сағат)
Оқу ісінің меңгерушісі:

Күні:

Сынып: 1

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Өзім туралы. Сәлем саған мектебім! Сөйлеу.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.2 Мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойын анықтау

1.3 Тыңдалған материалды мазмұндау

1.1.1.1 тыңдау барысында тілдік бірліктерді (сөйлеу, сөз, сөйлем, мәтін) ажырату, тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну


Сабақтың мақсаттары

Барлығы: Сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсетеді. Оқиғаларды тыңдайды.

Көбі: Анық сөйлеу арқылы, тақырыпты талқылайды.

Кейбірі: Анық және толық сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсетеді.

Жетістік критерийлері

Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.

Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.



Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Өнер, ана тілі сабағы

АКТ қолдану дағдылары

Аудиожазба , таныстырылым.

Тілдік құзыреттілік

Мектеп, школа,
school.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Ертеңгілік шеңбері

Таңғы шеңберде тұрған оқушылар бір – бірімен «Сәлем!» деп амандасады.



Берілген өлеңді түрлі эмоциямен айту. (көңілді, көңілсіз, ашулы)

Бірінші күн- дүйсенбі

Екінші күн – сейсенбі

Үшінші күн – сәрсенбі

Төртінші күн — бейсенбі

Бесінші күн — жұма

Алтыншы күн- сенбі

Жетінші күн- жексенбі.


Сабақ мақсаттарымен оқушыларды таныстырып өту.

Шаттық шебері





Сабақтың ортасы

8 минут


1 минут

5 минут

3 минут

16 минут



Жаңа сабақты түсіндіру

Суреттен не көріп тұрғаныңды айт. Бүгін қандай күн? Бұл күн сенің өміріңе қандай өзгерістер әкеледі деп ойлайсың?



СЕРГІТУ СӘТІ.

Бәрі оянады

Күн, күн, күн.

Бәрі ұйықтайды

Түн, түн, түн.

Сызбаны оқушыларға түсіндіру




Дәптермен жұмыс


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет