Ш.Мұртаза 1932 жылы Жамбыл облысы,Жуалы ауданындағы Мыңбұлақ деген жерде дүниеге келген. Жазушы өзін алғаш «Табылған теңіз» атты (1964) повесімен танытты.
Шығармалары: «1941 жылғы келіншек», «Интернат наны», «Жүрекке әжім түспейді», «Қара маржан» т.б
Драматургиясы: «Сталинге хат», «Бесеудің хаты», «Жалғыз үйлік зілзала», «Домалақ ана», «Есек саудасы». Т.б
«Тұтқын бала» әңгімесінің «Қызыл жебе» романынан үзінді екенін және әңгіменің тарихи шындық екенін түсіндіремін,мазмұнын қысқаша баяндап беремін.
Сұрақтар:\
1. Ш.Мұртаза қай жылы,қай жерде дүниеге келді?
2. Қандай оқу орнында оқыды?
«Тұтқын бала» әңгімесі автордың қай романынан үзінді?
«Қызыл жебе » романы қанша кітаптан тұрады?
Тұрардың әкесі Рысқұл абақтыға не үшін түсті?
Тұрардың орыс шіркеуінің қасынан өткендегі ойы?
Түрмеге келген Тұрар немен шұғылданады?
Бала Тұрарды әкесі абақтыға не мақсатпен алдырады?
Әңгімедегі Ахат ата кім?
Надзирательден Тұрар қандай қорлық көреді?
Автор әңгімедегі тұтқындардың аяғындағы кісеннің үнін неге теңеді?
1906 жылы маусым айында болған оқига?
Камерадағы әке мен баланың соңғы кездесуін суретте?
Тұрар әкесімен қалаи қоштасты?
Тұрар неге тегін «Қырғызбаев» деп ауыстырды?
«Қызыл жебе », «Аспара», «Көке» деген сөздер қандай мағына білдіреді?
Тақтаға шыққан Тұрарға Атамырза неге күлді?
Куәлік аларда Тұрар қандай қылмыс жасады?
Иван Владимирович Тұрарға қандай тілек айтты?
1-бөлім бойынша білімді бекітуге тапсырмалары:
Шығарманың композициялық құрылысына сюжеттік талдау-сатылай комплексті талдау.
1.Басталуы –
2.Дамуы –
3.Байланысы –
4.Шиеленісі –
5.Шарықтау шегі –
6.Шешімі –
ІІ «Тұжырым кестесін» толтыру
|