"Ұшқыр ойдан- ұтымды жауап" /үй тапсырмасын тексеру кезеңі/
1. Сайын Мұратбеков қай жылы дүниеге келген?
2. Жазушының туған жері?
3. Жазушының басқа қандай әңгіме, повестері бар?
4. "Қылау" әңгімесінің негізгі тақырыбы?
5. Жазушы шығармаларында қай жылдардағы оқиғалар суреттеледі?
6. Қылау дегеніміз не?
ІІІ. Әңгіменің қомпозициялық құрылымы.
Оқиғаның басталуы
Ұйқы құшағындағы Сатай.
Оқиғаның байланысы
Әке тапсырмасы
Оқиғаның дамуы
Сатайдың Рәбиғамен кездесуі
Шиеленісі
Балалар арасындағы әңгіме.
Шарықтау шегі
Сатайдың қорқынышы
Шешімі
Рәбиғаның сыйлығы.
Ширату сұрақтары. /оқулықта берілген сұрақтарға жауап беру/
1. Таң азанғы әке даусы Сатайдың құлағына неге жағымсыз естілді?
2. Әке ақылы Сатайды неге ызаландырды, сендер де ересектердің ақыл сөзін солай қабылдайсыңдар ма?
3. Өлім мен өмір туралы Сатайдың ойлауына не түрткі болды?
4. Сатайдың сезімталдығы мен жайдарылығы, қайырымдылығы оның қандай әрекеттерінен байқалады?
5. Рәбиғамен келе жатып қасқырды көргенде Сатайдың айқайға басуы оның батылдығы ма, мақтаны ма, не деуге болады?
6. Орынсыз мақтанды сүймейтіндігіне Сатайдың қай әрекеті дәлел?
|
Достарыңызбен бөлісу: |