Қожаның портреті “Мынау, міне, мұрным. Әжем кейде атымды атамай “тампыш неме” дейді. Оның айтқаны рас екен ғой. Екі танауыма екі саусағым еркін сыйып кетерлік, қосауыз мылтықтың аузындай үңірейіп тұр. Екі шекемнің шығыңқылығы болмаса, басым қарбыз тәрізді доп-домалақ, тап-тақыр. Сол жақ құлағымның астына таман бір түйір қалым бар. Бәтшағырдың бітпейтін жерге бітуін қарашы. Одан да бетімнің ұшына таман болсашы. Сонда әдемірек көрінер ме едім. Ал бойымды біреулер орта бойлы дейді. Әжем болса, әкең тәрізді сұңғақ боласың”-дейді.
V.Қорытындылау
Повесть сендерге ұнады ма?
Қандай әсер алдыңдар?
Қожа қандай кейіпкер?
Майқанова апайы неге “Түбі адам болатын бала” деп айтты?