Сабақ тақырыбы: Батырлар жырлары туралы түсінік Жалпы мақсат


Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті



бет3/3
Дата31.12.2019
өлшемі183,08 Kb.
#54807
түріСабақ
1   2   3
Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

І. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушылар назарына «Табиғат тамашалары» видеоролигін ұсынады. Түстер арқылы топтастырады.

Орындарында отырып видеоролик тамашалайды Ортаға шығып берілген түстерді таңдап, сол бойынша топқа бөлінеді.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

Ердің бағын  ашпаса ,
Ер  мұратқа  жетер ме?
Ерінің сағын  сындырса,
Ел  мұратқа  жетер ме?- депӘйтеке би  айтқандай , елін, жерін жаудан қорғап, еліне  бостандық , бірлік  сыйлаған  батырлардың  бірі –Алпамыс.
 Алпамыс сөзіне ассоциация құру
нәзік жүректі жан, батыр, арлы, аңғал, айлалы

Оқушылардан өз таңдаулары  бойынша ең түйінді сөздерді табу:
Батырлық
Арлылық
Аңғалдық
Өнерпаздық
Мейірімділік

ІІІ. Жаңа тақырып

« Алпамыс батыр» жырындағы басты кейіпкерлерге мінездеме беру.

Жағымды кейіпкерлер: Алпамыс, Гүлбаршын, Байбөрі, Аналық, Кейқуат

Жағымсыз кейіпкерлер: Ұлтан, Мыстан кемпір

Кітаппен жұмыс: Гүлбаршын мен Алпамыстың кездескен жерін кітаптан оқиды.


Сабақты мұқият тыңдап, есте сақтау. Топпен ынтымақтастықта қарым- катынас жасау. Сұрақтарға жауап беру, өз ойларын айту, талқылау.

IV.Шығармашылық жұмыс

Ұлтан мен Алпамысқа салыстырмалы түрде мінездеме береді.

Айырмашылығы ұқсастығы айырмашылығы
















V.Қорытындылау

Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын.

Алпамыс жырда қалай бейнеленген?

Ұлтанды Алпамыс қалай өлтіреді?

Ұлтан Байбөріге қандай қорлық көрсетеді?



Постер қорғау.

Білу, түсіну, қолдану. Әр топ- тың спикері шығып қорғайды

VI. Үйге тапсырмасын беру

Алпамыс пен Ұлтанға мінездеме жазып келу.

Үй тапсырмасын білу, түртіп алу

VII. Бағалау

Формативті бағалау

Топтардың бірін-бірі бағалауы(Жасыл,сары,қызыл жұлдызшаларды көрсету арқылы) Формативті бағалау

VIII. Рефлексия

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстары туралы қысқаша жаздыру

«Екі жұлдыз, бір тілек » кері байланысы арқылы сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын қысқаша жазу



Уақыты:

Қазақ әдебиеті


Мұғалім:

Сынып:

Сабақ тақырыбы:

«Күлтегін» жыры

Жалпы мақсат:

Күлтегін жырлары туралы терең түсіндіре отырып, көркемдік ерекшелігін ұғындыру. Оқушылардың ізденімпаздыққа, шығармашылыққа деген ынталарын арттырып, білімдерін кеңейту. Орхон ескерткіштерінен табылған жырда айтылатын негізгі мәселелерді таныстыра отырып, жырдағы тұлғаларға жан-жақты сипаттама беру.Өзіндік ерекшелігі мен құндылығын бағалау.

Сілтеме:

  1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық

  2. Қазақ тілі мен әдебиеті оқыту әдістемесі

  3. 6-сыныпқа арналған оқулығы

  4. Үлестірме материалдары

Оқу нәтижесі:

Ежелгі дәуір әдебиеті туралы білімді тереңірек ұғындыру. Халық тәуелсіздігі үшін күрескен Күлтегіннің батырлық бейнесін таныту.

Сабақта қолданылатын материалдар:

Қосымша оқулықтар,интерактивті тақтадан көрсетілетін слайдтар.

Оқыту әдістері:

Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер, оқытуда АКТ-ны пай-далану, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.




Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

І. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушылар назарына «Табиғат тамашалары» видеоролигін ұсынады. Түстер арқылы топтастырады.

Орындарында отырып видеоролик тамашалайды Ортаға шығып берілген түстерді таңдап, сол бойынша топқа бөлінеді.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

Секен Тұрысбековтың «Күлтегін» күйі ойнатылады.
Интерактивті тақтадан көне түркі алфавитінің, тас ескерткіштердің суреті көрсетіледі.
«Түркі халқының атақ-даңқы өшпесін... »(«Күлтегін»жырынан.) сөзіне оқушылардың назары аударылады.

Талдау,жинақтау,қорыту.


ІІІ. Жаңа тақырып

Жырда айтылатын негізгі мәселе
1.Түркі қағанатының тәуелсіздігінен айырылған 630-680 жылдар.
2.Түркілердің тауғаштарға бағыныштылығы;
Бірі - тауғаштың алтын-күмісіне, жібек матасына алданып қалуы;
Екінші – таққа отырған ұрпақтарының жігерсіздігі;
2. «Күлтегін» жырын мәнерлеп оқып, түсіндіру.Оқушыларға мәнерлеп, үзінді оқыту.
Оқулықпен жұмыс. Жырдың көркемдік ерекшелігін білдіретін сөз айшықтарын теріп жазу.Мысалы:
«от-су қылмадым»,
«түнде ұйықтамадым, күндіз отырмадым»,
«тізеліні бүктірді, бастыны еңкейтті»;
3.Жырдағы тұлғаларды топтастырып, сипаттама беру.
Күлтегін
Тоңұқұқ
Білге қаған
Елтеріс
Қапаған
Елбілге ана,
Тауғаш халқы
Ұмай ана

Сабақты мұқият тыңдап, есте сақтау. Топпен ынтымақтастықта қарым- катынас жасау. Сұрақтарға жауап беру, өз ойларын айту, талқылау.

IV.Шығармашылық жұмыс

Күлтегін- жырдағы оқиғаны ұйымдастырушы негізгі тұлға.Оны түркі халықтарының ерлік туралы ұғымының жиынтық бейнесі деуге болады.Күлтегінде түркілерге тән ержүрек, өршіл,қайсар, қайтпас мінез бар.Елдің «Сондай батырым болса» деген арманына сай нағыз батыр.
47жас жасаған әскербасы,Бумын,Қапаған, Істемі қағандардың ұрпағы, Білге қағанның туған інісі, жырдағы ең өзекті тұлға, эпостық образ.
3. Қүлтегін бейнесіне жан-жақты талдау жасау.
Күлтегін - атқа мықты,бекем бекзада деген сөз.
Күлтегін тұлпарлары - Алып шалшы ақ айғыр, Азманақ, Қарагер, Башғы боз ат
Күлтегін өмірінің жырда әртүрлі жас белесімен айқын сипатталуын теріп жазып көру.
...інім Күлтегін жеті жаста қалды...-7жас;
...Он жаста...інім Күлтегін ер атанды...-10 жас;
...Он алты жасқа келгенде. ...ел-жұртын сонша молайтты...-16 жас;
Жиырма бір жасында Чача Сеңүнмен айқастық...-21 жас;
Күлтегін жиырма алты жасқа келгенде...-26 жас;
Күлтегіннің жиырма жеті жасында. ..-27 жас;
Күлтегін сол соғыста отыз жаста еді...-30жас;
Күлтегін отыз бір жаста еді...-31жас;
Күлтегін өлгенде қырық жеті жаста еді...-47 жас;
4. Жырды батырлар жырымен салыстыру.
«Күлтегін» жыры
Қойға шапқан бөрідей,
Талқандап қуып береді...
Әкем қағанның
қосыны бөрідей,
Талқандап қуып
береді...
Айдарлысын құл қылды,
Тұлымдысын тұл қылды...
Бек ұлдары құл болды,
Пәк қыздары күң болды...

V.Қорытындылау

Батырлар жыры – елдікті,
«Күлтегін»жыры- елдікті,
Исатай-Махамбет-еркіндікті,
Желтоқсан көтерілісі-тәуелсіздікті ту етті, сол үшін күресті.
« Бүкіл түркі халқы үшін
Түн ұйқымды төрт бөлдім,
Жанып күйдім, өрт болдым» («Күлтегін»жырынан.) деген жыр жолдарын бүгінгі күнмен байланыстыр.(Өзіндік пікірін сабақтан алған әсерімен байланыстыру).

Білу, түсіну, қолдану. Әр топ- тың спикері шығып қорғайды

VI. Үйге тапсырмасын беру

«Жыршы тастар –әлемнің керемет таңғажайыбы » (ойтолғау жазу.)

Үй тапсырмасын білу, түртіп алу

VII. Бағалау

Формативті бағалау


Топтардың бірін-бірі бағалауы(Жасыл,сары,қызыл жұлдызшаларды көрсету арқылы) Формативті бағалау

VIII. Рефлексия

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстары туралы қысқаша жаздыру

«Екі жұлдыз, бір тілек » кері байланысы арқылы сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын қысқаша жазу



Уақыты:

Қазақ әдебиеті


Мұғалім:

Сынып:

Сабақ тақырыбы:

Д.Бабатайұлы «О Ақтан жас, Ақтан жас» өлеңі

Жалпы мақсат:

Дулат Бабатайұлының өмірінен мәлімет бере отырып оқушыларды елін,Отанын сүюге тәрбиелеу;

Оқушылардың бойына әдептілік,қарапайымдылық,инабаттылық қасиеттерін қалыптастыру;

Оқушылардың білімін бақылау арқылы мәнерлеп оқуға дағдыландыру;


Сілтеме:

  1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық

  2. Қазақ тілі мен әдебиеті оқыту әдістемесі

  3. 6-сыныпқа арналған оқулығы

  4. Үлестірме материалдары

Оқу нәтижесі:

Д.Бабатайұлының  өмірі мен  шығармашылығына шолу жасау, өлеңнің құрылысы мен көркемдік ерекшеліктеріне тоқталу

Сабақта қолданылатын материалдар:

Интерактивті тақта, кестелер,т.б

Оқыту әдістері:

Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер, оқытуда АКТ-ны пай-далану, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.




Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

І. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушылар назарына «Табиғат тамашалары» видеоролигін ұсынады. Түстер арқылы топтастырады.

Орындарында отырып видеоролик тамашалайды Ортаға шығып берілген түстерді таңдап, сол бойынша топқа бөлінеді.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

1/Күлтегін  жырында  еркіндік, бостандық, тәуелсіздік  идеясы  қалай  көрінген2/ 2/Күлтегін  жырының  басты тақырыбы қандай, нені ұқтыңдар?

3/ Күлтегін жырының  тәрбиелік мәні  неде?



Талдау,жинақтау,

қорыту.



ІІІ. Жаңа тақырып


 Д.Бабатайұлы  1802жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысының  Аягөз ауданында  дүниеге келген.Қарапайым  ортадан  шыққан.Жастайынан ауыз  әдебиетінен, жыраулар мұрасынан  нәр алып өскен. «Өсиетнама» атты өлеңдер жинағы бар. Ақынның шығармалар жеке кітап болып басылып шыққан.

1/ Өлең неліктен  «О, Ақтан жас,Ақтан жас» деп аталды, өлең  бойынша жай жоспар құру:

1/Жетімдік

2/Тоқшылық

3/Бозбала шақ,ғашықтық

4/Жастық шақ,батырлық

5/Ел қорғаны

6/Орындалған арман

7/Үміт

Өлеңді мәнерлеп  оқыту.

Бежін-Қытай елінің астанасы  Пекин.


Сабақты мұқият тыңдап, есте сақтау. Топпен ынтымақтастықта қарым- катынас жасау. Сұрақтарға жауап беру, өз ойларын айту, талқылау.

IV.Шығармашылық жұмыс

Өлең құрылысына  талдау жасау. Қысқаша түсінік  беру,еске       түсіру . /Шұбыртпалы ұйқас/

Жа- рық    сәу- ле  //  кө- ре   ал-  май, а  8буынды,2бунақты

А.б     б.б        б.б    а.б.    а.б   а.б   т.б     б.б

Ел    ша  -ңы    на  // е-  ре   ал- май, а  8буынды,2бунақты

Т.б    а.б   а.б   а.б  а.б а.б   т.б   б.б

Сол   бо-  йы   //ке-  тер   ме   е- кен- сің? ә 9 буынды,2бунақты

Б.б   а.б    а.б  а.б   б.б  а.б а.б  б.б   б.б

Жа  -пан-  ға    біт-  кен   жа- пы- рақ  б

А.б   б.б   а.б   б.б   б.б   а.б   а.б   б.б

Өлеңнен тұрақты сөз тіркестері  мен  шешендік  оралымдардың  айырмашылығын  тауып,жазу

Шешендік оралымдардың  еркін тіркестерге  қарағанда   ой жүйріктігіне құрылады.

Тұрақты  тіркестердің  орны ауыстырылмайды, шешендік оралымдарды, еркін тіркестерді  ауыстыруға болады.

Мысалы: /Жетімдік белі, кедейлік белі,жоқшылық белі;жарық сәуле,от сәуле,т.б./ ел шаңы-көш шаңы;шаң бермейтін-түр бермейтін.

Риторикалық  сұраулы  сөйлемдерді тауып оқу.

«Ақтан  жас»  дегенде сөйлеуші  өз сөзі арқылы сөз арнаушы  адамның өзінен кіші  екендігін меңзеп тұр.

Көріктеу-көрнекті тіл.


V.Қорытындылау

Постер қорғау.

1/ Өлең  неліктен «О,Ақтан жас,Ақтан жас»  деп аталды?

2/Шешендік оралымдарға  тоқтал.

3/ Неліктен, Д.Бабатайұлының  өлеңін  сұрай  арнау  үлгісінде  жазылған  дейміз?



Білу, түсіну, қолдану. Әр топ- тың спикері шығып қорғайды

VI. Үйге тапсырмасын беру

Дулат Бабатайұлы. «О,Ақтан жас, Ақтан  жас» өлеңін мәнерлеп оқу.

Үй тапсырмасын білу, түртіп алу

VII. Бағалау

Формативті бағалау


Топтардың бірін-бірі бағалауы(Жасыл,сары,қызыл жұлдызшаларды көрсету арқылы) Формативті бағалау

VIII. Рефлексия

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстары туралы қысқаша жаздыру

«Екі жұлдыз, бір тілек »

Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет