Бәйтеректің ұшар басында Самұрық құс ұя салып, қасиетті алтын жұмыртқа салады екен. Егер кенеттен әлемді түнек басса, құс жұмыртқаны тағы да салып, қайтадан әлемді тіршілік жайлайды. Ағаштың етегінен әртүрлі өзендер бастау алған екен.
Астана – Бәйтерек монументі.«Бәйтерек»монументі орналасуы мен құрылысы жағынан ертедегі көшпенділердің өмір туралы түсінігін
білдіреді. Олардың әңгімесі бойынша өткен мен бүгіннің арасында өзен ағып жатады екен. Ал өзен жағасында зәулім биік Бәйтерек ағашы өсіп тұрады. Оның тамыры жерді ұстап тұрса, ұшар басы көкті тірейді екен.
Монумент Қазақстанның елордасы Астанада тұрғызылған. Ол Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы бойынша салынды.
. Монумент жобасының авторы – әйгілі ағылшын сәулеткері Норман Фостер. Ғимараттың биіктігі 97 метрді құрайды. Бұл сан елорданы Алматыдан Астанаға ауыстырған уақытты (1997 жыл) білдіреді. Алтын түстес шардың диаметрі 22 метр. Төменгі деңгейі төрт жарым метрге дейін тереңге бойлаған
Аңыз. Оқушылар мәтінді оқып шыққаннан кейін аңыз туралы айтып берулерін сұраңыз. Оқушылар Астанадағы монумент неліктен Бәйтерек деп аталатыны туралы өз бетімен болжам жасай алуы тиіс.
Салыстыр. Оқушылардан фольклорлық өмірағашы мен Астанадағы монумент суреттерін салыстыруды ұсыныңыз. Олар жұпта әр суретке 1-2 сұрақ дайындап, бір-біріне сұрақтар қояды.
Зертте. Оқушыларға «Бәйтерекке саяхат» фильмін көрсетіңіз. Фильмді көріп жатқан уақытта оқушылардың назарын Бәйтеректің әр бөлігіне аудартыңыз. Мұнардың үш бөлігі аңызға сай үш дүниені – жер үсті, жер асты, аспан әлемін білдіретінін түсіндіріңіз. Әр әлемде кімдер мекен еткені туралы әңгіме өткізіңіз. Оқушылар монументтің әр бөлігінде не орналасқанын өз бетімен жазады
Бәйтерек
монументі
Сабақтыңсоңы
«Еркін микрофон»
-Бүгін не үнады?
-Қандай әсер алдым?
-Не білдім?
Рефлексия Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма? Бүгін оқушылар не үйренді? Сабақ қалай өтті? Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неге?