2-тапсырма (МК, Ұ)
Мұғалім оқушыларға ішемін, жеймін сөздерінің мағынасынтүсіндіреді. Оқушылар берілген суреттер бойынша Мен таңертең... ішемін/жеймңін деп суреттер бойынша таңдап, толықтырып оқиды.
(МК, Ұ) 3-тапсырмада
Сөйлемді толықтырып оқу арқылы оқушылар таңертең не ішіп, не не жейтіндерін тағы бір пысықтайды, жаңа сөздерді қайталайды.
(Ж)4-тапсырма
Жұптық жұмыс орындалады. Жұптар бір-біріне Сен таңертең не ішесің? Сен таңертең не жейсің? Сұрақтарын қойып, өз жауаптарын айту керек. Көмек ретінде оқулықта берілген суреттерді пайдалануға болады.
(МК, Ұ) Ү дыбысымен таныстыру жұмысын Алмабектің суретінен бастайды. Алмабектің ү дыбысын үйреніп отырғанын түсіндіру арқылы оқушылар ү дыбысымен және әріпімен таныстырылады. Ү дыбысын айтқан кезде тілдің, жақтың, еріннің қатысы қандай болатынын түсіндіруарқылы дыбысты дұрыс дыбыстауға жаттықтырады. Ү дыбысы дауысты болғандықтан қызыл түспен барілгінін түсіндіреді. Ұ дыбысы кездесетін сөздерді қатарын суреті бойынша үйретеді. Сондай ақ дауысты дыбыстардың жуан-жіңішке болатынын түсіндіреді Мәселен:Ұ-Ү.
(МК, Ұ)Дәптердегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар арқылы оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі.
(Ө).Қосымша тапсырма арқылы оқышулар сабақта алған білімдерін бекіте түседі.Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыланады
|