Сабақ Тақырыбы: Бұл кім? Мұғалімнің аты-жөні



бет39/198
Дата31.01.2022
өлшемі236,9 Kb.
#116436
түріСабақ
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   198
Байланысты:
1 сынып ҚМЖ 2019-20ж

(МК, Ұ) 2-тапсырмада оқушылар толықтырып айтуға жаттығады. Берілген үлгі бойынша жастарын айтады. Мысалы: Мен алты (жеті,сегіз, тоғыз, он) жастамын. Яғни, біріншіден, оқушылар сандарды айтады, екіншіден, берілген сандар бойынша неше жаста екенін айтады, үшіншіден, Сен неше жастасың? сұрағына толық жауап беріп, өз жасын айтады.

(МК, Ұ) Осыдан кейін мұғалім оқушылардың назарын «Есте сақта!» айдарына аударады. Яғни үш жақта жасын қалай айту керек екенін үйретеді.Мысалы: Мен жеті жастамын. Сен жеті жастасың. Ол жеті жаста.

(МК, Ұ )3-тапсырмада мұғалім оқушыларды жаңа сұрақ үлгісімен таныстырады: Ол неше жаста? Осы сұраққа сурет арқылы жауап беруге дағдыланады. Оқушылардың жауаптары: Ол төрт жаста. Ол бес жаста. Ол екі жаста.Мұғалім оқушылардың назарын ол сөзіне аударады, оқушылар бұл сөздің қызға да, ұлға да байланысты қолданылатынын меңгереді.

(Ж) 4-тапсырма арқылы оқушылар жаңа тақырып бойынша сөйлесу үлгісінбір диалог ішінде қайталайды. Оқушылар мынадай дағдыларды үйренуі тиіс: мұғалімнің (Сенің атың кім? Сен неше жастасың?) сұрақтарына жауап бере алу, өзі сұрақ қоя алу.Содан кейін бір-бірінен атын, жасын сұрайды

Үлгі:


-Сәлем!

-Сәлем!

-Сенің атың кім?

-Менің атым - ... . Сенің атың кім?

-Менің атым - ... .

-Сен неше жастасың?

-Мен ... жастамын. Сен неше жастасың?

-Мен жеті жастамын.

(МК, Ұ) Дәптердегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі.

(Ө).Қосымша тапсырма арқылы оқушылар сабақта алған білімдерін бекіте түседі. Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыланады



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   198




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет