Сабақ тақырыбы Бүтін сандар. Рационал сандар



бет1/2
Дата21.11.2019
өлшемі328,89 Kb.
#52247
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
Бүтін сандар. Рационал сандар. 08.10

Қысқа мерзімді жоспар


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

6.1В Рационал сандар және оларға амалдар қолдану

Мектеп: 77 мг


Күні:08.10

Мұғалімнің аты-жөні: Бекежанова А.К

Сынып: 6 а,г

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Бүтін сандар. Рационал сандар.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.1.1.6

бүтін сан ұғымын меңгеру;

6.5.2.3

шамаларды сипаттау үшін бүтін сандарды қолдану;



6.1.1.8

рационал сан ұғымын меңгеру;



Сабақ

мақсаттары

Оқушылар:

  • бүтін сандар ұғымын білу;

  • шамаларды сипаттау үшін бүтін сандарды қолданып білу;

  • рационал сандар жиынын білу.

Бағалау

критерийлері

Оқушылар:

  • бүтін сандар ұғымын біледі;

  • шамаларды сипаттау үшін бүтін сандарды қолданады;

  • рационал сандар жиынын біледі.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

  • бүтін сан, теріс сан, рационал сан ұғымдарын біледі;

  • сандарға классификация жасай алады;

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

  • оң сан;

  • теріс сан;

  • бүтін сан;

  • қарама-қарсы сандар;

  • рационал сан;

  • бүтін сандар жиыны;

  • рационал сандар жиыны;

  • координаталық түзу;

  • санақ басы;

  • бірлік кесінді;

  • оң бағыт;

  • нүкте координатасы;

  • оң/теріс жарты ось;

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

  • 12 саны -21 санынан үлкен, себебі ... орналасады;

Құндылықтарды

дарыту

Сенімді тұлғааралық қарым-қатынасты, өзара сыйластықты, өзара жауапкершілікті қалыптастыру және қолдау.

Пәнаралық

байланыстар

Оқушыларға алған математикалық білім мен дағдыларды практикада қолдану арқылы ғылыми дүниетанымның қалыптасуына ықпал етеді.

Бастапқы білім

Координаталық сәуле туралы ұғым. Ондық және жай бөлшектерге арифметикалық амалдарды орындай алу. Жай және ондық бөлшектерді координаталық сәуледе кескіндей алу.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы
0 – 3 мин



Ұйымдастыру кезені

Бірлескен оқу ортасын құру.

Үй тапсырмасын тексеру.

Алған білімдерін жүйелеу:



  1. Қандай сандар оң сандар деп аталады?

  2. Теріс сандар қандай таңбамен жазылады?

  3. Координаталық түзу анықтамасын тұжырымдаңыз.

  4. Қандай сандарды қарама – қарсы сандар деп аталады?

  5. Натурал сандарға мысал келтіріңіз.







Сабақтың ортасы
3 – 13 мин

13 – 19 мин

19 -21 мин

21 – 27 мин

27 – 29 мин


29 - 37 мин


Жалпы сыныппен жұмыс

Білімді актуалдау үшін оқушыларға өткен білімді қайталау ретінде келесі тапсырмаларды орындату:


Тапсырма 1.

  1. Алғашқы алты натурал санды жазыңыз;

  2. Оларға қарама – қарсы сандарды жазыңыз;

  3. 0 санына қарама – қарсы санды жазыңыз.

Тапсырма орындалған соң оқушылар жұбымен дәптерін алмастырып мұғаліммен бірге тексереді.

Осы жұмыстан соң мұғалім қорытынды жасайды:

Натурал сандар, оларға қарама – қарсы сандар және 0 саны бүтін сандар жиынын құрайды. Бүтін сандар жиыны Z әрпімен белгіленеді. Бүтін сандар жиыны шектеусіз жиын.
Тапсырма 2.

-20; 7; ; 9; -3; 14; -0,6; 0; сандарын өздерің білетін сандар топтарына біріктіріңдер.

Сонда қандай топтарға біріктірдіңіздер?


  • бүтін сандар жиыны;

  • оң және теріс бөлшектер.

Бүтін сандар, оң және теріс бөлшектер рационал сандар жиынын құрайды. Рационал сандар жиыны Q әрпімен белгіленеді. «ratio» латын тіліндегі, қазақша «қатынас», «бөлінді» дегенді білдіреді.

Кез келген рационал санды ( m- бүтін сан, n - натурал сан).


Жұптық жұмыс

(қарама – қарсы сандар бойынша жұпқа біріктіріңіз).

№290,293

-30; 5; ; 9; -1; 13; -0,2; 0; рационал сандарынан

- бүтін оң сандарды;

- қарама – қарсы сандарды;

- бүтін теріс сандарды бөліп жазыңыз.

№328


Берілген сандарға қарама – қарсы сандарды және кері сандарды жазып, кестені толтырыңыз:


Берілген сандар

8



-0,2



1,25

-18

Қарама – қарсы сандар



















Кері сандар




















Дескриптор: Білім алушы:

- бүтін оң сандарды, қарама – қарсы сандарды, бүтін теріс сандарды бөліп жазады;

- берілген сандарға қарама – қарсы сандарды және кері сандарды жазады.

Жұптар арасында өзара бағалау жүргізіледі.


Жеке жұмыс

№302,306


Қай тұжырымдама тура:

1) Кез келген натурал сан – бүтін сандар жиынының элементі;

2) Кез келген бүтін сан – натурал сандар жиынының элементі;

3) Кез келген рационал сан бүтін сандар жиынына тиісті;

4) Кез келген бүтін сан рационал сандар жиынына тиісті;

5) 0 саны рационал сандар жиынына тиісті.



№335

Бос орындарды тиісті санмен толықтырып, рационал санды алымы бүтін сан, бөлімі натурал сан болатын бөлшек түрінде жазыңыз:

1) ; 2) ; 3) ;

4) ; 5) ;6) ;



Дескриптор: Білім алушы:

  • дұрыс тұжырымды анықтай алады;

  • кез келген рационал санды бөлшек түрінде жазып біледі.

Бір бірінің жұмысын «карусель» әдісімен бағалау жүргізіледі.

Топтық жұмыс



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет