2-сурет. Топқа бөліну. Сабақтың ұйымдастыру кезеңінде оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру мақсатында, сыныпта жағымды атмосфера қалыптастыру үшін «Шаттық шеңберін» ұйымдастырдым(1-сурет).Жүректі бір-біріне ұсына отырып бір-біріне деген тілектерін білдірді. «Физиканы өмірдегі мәні қандай?» деген сұраққа жауап бере отырып оқушылар физиканың өмірде маңыздылығын, қолданылуын аша білді. Сұраққа зерттеуге алған орташа деңгейлі Е. есімді оқушымның «Айналамыз түгел физика екен» деген жауабынан оның пәнді кең көлемде және терең түсіне алғандығы айқын сезілді.Физикалық шамаларды, формулаларды қайталап, формулалар топқа бөлу мақсатында пайдаланылды. Кейбір оқушылардың физикалық шамаларды бірліктермен шатастыруы, формулаларға дұрыс түсінік бере алмаулары ойланатын жағдайлар туғызды. «Достық» тренинг жаттығуы арқылы формулаларды таңдау бойынша сынып үш топқа бөлініп отырды(2-сурет).Жаттығу қызықты да әсерлі болды, себебі оқушылар қимыл – әрекеттерді табысты орындай отырып, өздерінің әр нәрсеге икемділіктерінің бар екендігін көрсетті.Әр топтағы оқушылар топ басшысын тағайындады, топ-топқа бөлініп отыру оқушылардың қызығушылығын тудырды.