4,5-суреттер. Топтық талдаулар.
Тәжірибелік жұмыс орындау барысында оқушылар өзара пікірлер мен болжамдар айта отырып, топтық талдау жүргізіп, бірлесе жұмыс жасады. Бұл жерде тапсырманың берілу шарттары да әр түрлі болды. Оқушылар мұнда тек есептер шығарып қана қойған жоқ әрбір есепті шығару барысында әр түрлі қиыншылықтарды жеңу үшін ілгері ұмтылып, мағынасын аша білді.
Сабақты бағалау кезеңінде оқушылар сабақ басында алған бағалау парағына сабақтың әр кезеңіне өз бағаларын қойды. Оқушыларға сабақтағы белсенділіктерін, алған білімдері мен оны есептер шығаруда тиімді қолдануларын басшылыққа алынып қорытынды жиынтық бағасы қойылды.
6-сурет.Рефлексия кезеңі.
Рефлексия кезінде «Бүгінгі сабақтан алған әсерлерің қандай?» деген сұраққа балалар ашық күннің, бұлтты күннің және жартылай бұлтты күннің суреттерін көрсету арқылы өз-өздеріне шынайы да әділ бағаларын берді (6-сурет).«Жақсы, жаман» жаттығуы кезінде «Маған бүгін жақсы, өйткені...» және «Маған бүгін жаман, өйткені...» деген сұрақтарға тәжірибе кезінде зерттеуге алған жоғарғы деңгейлі мінезі ұяң,сабақ үлгерімі жақсы, орыс қызы Т. «Маған бүгін жақсы, өйткені білмегенімді достарымнан үйреніп,білгенімді басқаларға үйреттім деп ойлаймын» және «Маған бүгін жаман, өйткені...»дегенге «Маған жаман ештеңе болған жоқ, өйткені барлығы түсінікті болды»деп сыни тұрғыдан жауап беруі мен үшін сабақтың нәтижелі өткендігінің дәлеліндей көрінді.
Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдерді біз әрдайым жандандырып, жаңартып отыруымыз керек.Әрине сабақтың оң нәтижеге жетіп, табысты болуы үшін мұғалім құзыры жоғары дәрежеде болуы керек.Ол үшін мұғалім бойында Шульман «Мұғалімнің үш көмекшісі»(Shulman,2007.Мұғалімге арналған нұсқаулық,8-бет) деп атаған қасиеттер міндетті түрде болуы керек.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Мұғалімге арналған Нұсқаулық. «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ, 2012
2.Мектептегі тәжірибе кезеңінде орындауға арналған тапсырмалар«Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ, 2012.
3. Физика және астрономия:Жалпыға білім беретін мектептің 7-сыныбына арналған оқулық. Р.Башарұлы, У.Тоқбергенова, Д.Қазақбаева. Алматы «Атамұра»2012
Достарыңызбен бөлісу: |