Сабақ Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі бөлімдері мен мазмұнын баяндау; Өз құқықтары мен міндеттерін айта отырып
6. ҚР өзін қандай мемлекет ретінде орнықтырады? зайырлы, құқықтық, әлеуметік.....
7. Президент қанша жылға сайланады?
8. Жеті жарғыны қабылдаған қазақ хандығы?
9. ҚР Конституциясы қай елдің Конституциясына ұқсас?
10. Депутаттардың ұйымдасқан тобы қалай аталады?
11. Бағалы қағаз?
СӨЗЖҰМБАҚ СҰРАҚТАРЫ:
Конституция, Ата Заң ( латынның лат. constitutio — яғни «құрылым» сөзінен шыққан) — Мемлекеттің негізгі заңы, елдегі барлық басқа заңдарға қатысты жоғары заңды күшке ие заң немесе заңдар тобы.
Конституция осы заманғы мемлекеттіліктің маңызды белгісі, мемлекеттің бастапқы саяси және құқықтық құжаты болып табылады. Қазіргі кезде Парсы шығанағындағы кейбір абсолютті монархияларда
(Сауд Арабиясында, Оманда) ғана Конституция жоқ.
1995 ж. 30-тамызда өткізілген бүкілхалықтық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы — конституциялық заңдардың қағидаларын тұжырымдап, бір арнаға келтірген Ата Заң, яғни мемлекетіміздің Негізгі Заңы болып табылады. Ол кіріспеден және 9 бөлімнен (98 баптан) тұрады.
Конституция 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық дауыс беру арқылы қабылданды. Қазақстан халқы мемлекеттік биліктің қайнар көзі – өзінің егемендік құқығын баянды етті. Ата заң қабылданған күн 30 тамыз – мемлекеттік мереке –
Күн шығыстан шығып, батыстан бататыны секілді, Жердің өз кіндігінен жаңылмай айналатыны сияқты өмірдің өзі белгілі бір тәртіптер мен жүйелерден тұрады. Осындай тәртіптердің өркениетті түрде жүйеленген құжаттық нұсқасы – Заң. Дүниеге сәл – пәл кеңірек көзбен қарайтын болсақ, заңның екі түрі болатынына көз жеткізу қиын емес. Олар – жазылған және жазылмаған заңдар. Құжат түрінде ресми қабылданған заңдарымыздың баршамызға ортақтығы секілді жазылмаған заңдарымыз да бәрімізге ортақ болып табылады. Бүгінгі адамзат баласы саналы түрде осындай екі заңның аясында өмір сүріп жатыр. Ол екеуінің басын қосып адамның өмір сүру аясын белгілеуде Ата Заңымызбен – Конституциямыздың орны ерекше бөлек. Біз оны сондықтан да қадірлеп, құрметтеуге, пір тұтып төбемізге көтеруге дайынбыз. Конституция Қазақстан қоғамының даму заңдылықтарының жоғарғы құқықтық көрінісі болып табылады, сондықтан да ол біздің Негізгі заңымыз. Қазақстан тарихының ажырамас алтын парағы. Еліміз Тәуелсіздік алғаннан бері екі Конституция қабылданды.
Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдум арқылы қабылданған еліміздің Ата Заңы болып табылады. Бұл конституцияның ерекшелігі елімізде демократиялық, құқықтық, зайырлы және әлеуметтік мемлекеттік құрылыстың құрылғандығын паш етті. Осы Конституцияда тұңғыш рет адам мен азаматтың құқықтары, бостандықтары және міндеттері нақты түрде жария етілді. Конституция бойынша еліміздің1993 жылғы қабылданған Негізгі Заңның кемшілігі, президентіміздің айтуы бойынша оның «шынайы әлеуметтік – экономикалық және саяси жағдайдан қол басқару билігінің құзіреттері нақтыланды. Конституцияға сәйкес біздің республикамызда көптеген жаңа заңдар – қылмыстық, азаматтық, әкімшілік, жер, салық, кеден, т.б. кодекістері қабылданды. Барлық қабылданған заңдар мемлекетіміздің экономикасын, саяси жүйесін жетілдіруге қызмет етуде. Қазақстан Республикасының Конституциясы шынайы демократияның көрінісі болып табылады. Ата Заң бізге: - Адамдық қадір – қасиетімізге қол сұғылмауына; - Тіліміз бен дініміздің дамуына; - Ар – ождан бостандығы құқығын қорғауға; - Адал еңбегіміз бен тапқан мүлкіміз бен меншігімізді сақтауға кепілдік берді.
Оның құрылымы кіріспеден, 9 бөлімнен, 98 баптан, көптеген тармақтар мен тармақшалардан тұрады.
І бөлім. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР (1-9 бап)
ІІ бөлім. АДАМ ЖӘНЕ АЗАМАТ (10-39 бап)
ІІІ бөлім. ПРЕЗИДЕНТ (40-48 бап)
ІV бөлім. ПАРЛАМЕНТ (49-63 бап)
V бөлім. ҮКІМЕТ (64-70 бап)
VІ бөлім. КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ КЕҢЕС (71-74 бап)
VІІ бөлім. СОТТАР ЖӘНЕ СОТ ТӨРЕЛІГІ (75-83 бап)
VІІІ бөлім. ЖЕРГІЛІКТІ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖӘНЕ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ (85-89 бап)
ІX бөлім. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР (90-98 бап)
«Егеменді елдің ертеңі оқу мен білімнің тереңдігімен өлшенеді»
Нұрсұлтан Назарбаев
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі»
Конституция. 7 – бап.
«Республиканың азаматы өзінің азаматтығына орай құқықтарға ие болып, міндеттер атқарады»
Конституция. 12 – бап.
«Жер бетіндегі адамдар арасындағы тәртіп орнату үшін заңды қолдану – шөлге жауған жаңбырдай қайырымды»
385 – хадис Мұхаммед пайғамбар
Нұрсұлтан Назарбаев
Ата заң
Кластер
Топтастыру стратегиясы
1. Конституцияның мемлекет өміріндегі орны қандай? 2. Конституция дегеніміз ?
3. Ең тұңғыш Конституциямыз қай жылы қабылданды?
4. «Конституция» сөзінің аудармасы қалай? (Латынның «constitutio»-құрылым, өкілім)
5. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік биліктің бірден –бір бастауы. (халық)
6. Қ. Р өзін қандай мемлекет ретінде орнықтырады? (демократиялық, зайырлы, құқықтық, әлеуметтік)
7. «Құқық» дегеніміз не? (мемлекет тарапынан заңдастырылған және қорғалатын, жалпыға бірдей міндетті нормалар жүйесі) 8. Қ.Р-ның Конституциясы қанша бөлімнен және қанша баптан тұрады? (9 бөлім, 98 баптан)
9. Дүние жүзіндегі тұңғыш Конституция қай елде пайда болды?
(АҚШ-та 1787 жылы) 10. Қ.Р-ның басқару нысаны қандай? (Президенттік республика)