Физикалық дененің массасын, көлемін
қолдана отырып тығыздығына сандық
және сапалық есептеу жүргізуді үйренейік (оқушылар топпен жұмыс жасайды)
Масса тобына
1.Заттың тығыздығы мына формуламен анықталады: ρ=
Жауап:
Көлем тобына
2.Сәйкес тығыздық бірліктерін жаз:
1 г/см3 = ______________ кг/м3
1000 т/м3=_____________ кг/м3
0,09 кг/мм3= ____________кг/м3
34 ц/дм3=_______________кг/м3
Жауап
Сәйкес тығыздық бірліктері:
1 г/см3 = 1000 кг/м3
1000 т/м3= 1000000кг/м3=106 кг/м3
0,09 кг/мм3=90000000кг/м3= 9*107 кг/м3
34 ц/дм3=3400000 кг/м3=34*105 кг/м3
Масса тобына
3.Бірдей шелектердің біріне ауыз су, екіншісіне теңіз суы толтырылған. Бұлардың массалары бірдей бола ма?
Жауап:
Жоқ ,теңіз суының тығыздығы
кестеде көрсетілгендей таза ауыз суынан көп,
сондықтан массасы да көп болады.
Теңіз суының тығыздығы =1030кг/
Таза ауыз судың тығыздығы =1000кг/
Көлем тобына
4.Ыдысқа толтыра су құйылған. Қандай жағдайда ыдыстан су көбірек төгіледі: ыдысқа массасы 1 кг қалайыны батырғанда ма, әлде қорғасынды батырғанда ма?
Жауап:
Қалайыны суға батырғанда су көп төгіледі,
себебі қалайының тығыздығы қорғасынның тығыздығынан аз болғандықтан көлемі үлкен болады.
Қорғасынның тығыздығы =11400 кг/
Қалайының тығыздығы =7300кг/
|