Жансен Кереев атындағы орта мектебі.
Ашық сабақ
Тақырыбы: «Dөңгелек және шеңбер»
Сыныбы: 5 «а»
Математика пәні мұғалімі: Жанбауова Маруан Сакеновна.
Сыныбы: 5 «а»
Тақырыбы: Дөңгелек және шеңбер.
Құзіреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат-міндеттері:
а) ақпараттық: шеңбер және дөңгелек ұғымдарына түсінік беру, шеңбердің элементтерімен таныстыру;
ә) коммуникативтік: математикалық сауаттылықты арттыру;
б) проблемалық: шеңберді дөңгелектен ажыратуға үйрету, диаметр мен радиусты табуға қатысты есептер шығаруда ұтымды қолдануға үйрету.
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың типі: аралас (жаңа материал түсіндіру)
Сабақтың әдісі: көрнекілік (иллюстративті),
сөздік (баяндау, сұрақ-жауап),
практикалық.
Педагогикалық технология: ҮӨЖ-нің, деңгейлеп-саралап оқытудың элементтері, сұрақ-жауап
Оқытудың түрі: ұжымдық, даралап оқыту
Оқыту құралдары: оқулық, интерактивті тақта, дидактикалық материалдар, циркуль.
Көрнекілігі: слайдтар, гимнастикалық сақина, стакан, кесе, глобус.
Пәнаралық байланыс: жаратылыстану, тарих.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ. Үй жұмысын тексеру бөлімі.
ІІІ. Миға шабуыл (жаңа материалға дайындық бөлімі)
IV. Жаңа материалды меңгерту бөлімі
V. Оқулықпен жұмыс. Есептер шығару.
VI. Үй тапсырмасын беру бөлімі.
VII. Сергіту сәті.
VIII.. Қорытынды бөлімі.
І. Ұйымдастыру бөлімі.
Сәлеметсіңдер ме, балалар! Жоқ оқушыларды түгендеу, класс тазалығын тексеру.
ІІ. Үй жұмысын тексеру бөлімі.
№367
(х+24)3=87
x+24=87:3
x+24=29
x=29-24
x=5
№368
1) 2a+3a+7a+5=12a+5;
a=4; 124+5=48+5=53
2) 16a+5a-3a+9=18a+9;
a=7; 187+9=135
3) 8b+6+2b+7=10b+13
b=3; 103+13=43
№381
1) 3(x+2)+4(x+5)=3x+6+4x+20=7x+26;
2) 2(3x+4)+6(3+x)=6x+8+18+6x=12x+26;
3) 8(2+x)+3(7+4x)=16+8x+21+12x=37+20x;
4) 9(x+5)+4(3+2x)=9x+45+12+8x=17x+57
ІІІ. Миға шабуыл (жаңа материалға дайындық бөлімі)
1.
Мына фигураларға назар аударыңыз. А, В, С, Д фигураларының қайсысының барлық нүктелері берілген нүктеден ( О, Е, К, L) бірдей қашықтықта жатыр?
2. Сақина мен монетаның ұқсастығы неде, айырмашылығы неде?
Достарыңызбен бөлісу: |