Сабақ тақырыбы Дұрыс және тиімді тамақтану мәзірі



бет2/23
Дата29.04.2024
өлшемі0,58 Mb.
#201541
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
Көркем еңбек 4 тоқсан 5 сынып ҚЫЗДАР

Пәнаралық байланыстар

химия- тағам өнімдерінің құрамы, ерекшеліктері, қасиеттерін талқылау

АКТ қолдану дағдылары

Ақпараттарды өңдеу. Қажетті ресурстарды іздеу.

Бастапқы білім



Бастауыш сыныпта өткен тағам өнімдерінің түрлері, пайдасы мен зияны туралы біледі

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту.
7 мин.

(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.
2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруда шаттық шеңбері жүзеге асырылады.
3. Оқушыларды топтарға біріктіру.



Топқа кітап, дәптер және қаламсап оқу құралдарының суреттері бар қима қағаздар беріледі. Әр оқушы қима қағаздарды таңдау арқылы ұқсас құралдармен 3 топқа бірігеді.
1 топ: Кітап
2 топ: Дәптер
3 топ: Қаламсап



Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.
Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі көрінеді. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.

Оқулық, жұмыс дәптерлері
Кітап, дәптер, қалам суреттері бейнеленген қима қағаздар топтамасы


(Қазіргі жағдайда)
ДК экраны

Сабақтың ортасы



Жеке жұмыс.
Оқушы өткен күнде жеген тағамын, бір тәулік бойы жеген тағамдарын дұрыс тамақтану тиімділігін А 4 форматта көрсетеді. Оқушы тәулік бойы жеген тағамдарының тиімділігін білу барысында және тағамдардың пайдалы, зияндылығын анықтауда, уақытылы тамақтануға назар аударуды білу мақсатында өз жұмыстарын бір -бірімен ауыстырады.
Бір-бірін тексереді. Өз ұсыныстарын жасайды.
(С) Зиянды тағам өнімдері бойынша видео көреді (3 мин)
(С) Сыныппен көрген видео талқыланады: Оқушылармен келесі сұрақ -жауаптарды талдау: қандай тағамдар пайдалы?, қандай тағамдар зиянды болып табылады?, Зиянды тағамдардан қандай аурулар туындауы мүмкін? таңғы, түскі, кешкі асқа қандай ас мәзірі ұсынылады? Таңғы, түскі, кешкі ас мәзіріне қандай талаптар қойылады?
(С) Оқушылар тақтада немесе өздерінің қағаздарында тағамдарды пайдалы және зиянды деп 2 топқа жіктейді.
(К) Оқушылар ас мәзірі ұғымымен танысады. Мұғалім презентация бойынша түсіндіреді.

(ҚБ) Оқушылар төменде берілген ақпараттар бойынша топтарға бөлінеді:
Нәруызды тағамадар
А дәруменіне бай тағамдар
С дәруменіне бай тағамдар
Құрамында кальцийі бар тағамдар
Құрамында темірі бар тағамдар
Оқушылар шағын топтарда зерттеу жұмыстарын орындайды. Жұмыстарын бағалау үшін өздері бағалау критерийларын жасайды.
Критерий мысалы:
- ас мәзірін әртүрлі тағамдарды қолданып жасау
Тағам құрамында болатын барлық компоненттерді атау
Таныстырылымда (презентация) суреттер, сызбалар және өте аз түсіндірме ақпараттың болуы
Әрбір топ мүшесінің қатысуы
Регламент сақтау (уақыт көрсету)
(Т) Оқушыларға барлық ресурстар ұсынылады: презентация, ссылкалар немесе тағам калориясы бойынша кестелер.
Жоғары деңгейдегі оқушылар төменде берілген арнаулы формула бойынша тәуліктік тағам қажеттілігін есептеуі мүмкін.

Ә йелдер үшін : Негізгі зат алмасу(НЗА) = 9,99 * салмақ(кг) + 6.25 * бойы (см) - 4,92 * жасы – 161

Ерлер үшін : НЗА = 9,99 * салмақ (кг) + 6.25 * бойы (см) - 4,92 * жасы -5

Бір тәуліктегі калорияның жалпы жұмсалуын анықтау үшін негзі зат алмасу нәтижесін төмендегі коэффициентке көбейту керек:


Дене белсенділігі төмен: НЗА x 1.2
Аз белсенділік (спорт аптасына 1-3 күн): НЗА x 1.375
Орташа белсенділік (спорт аптасына 3-5 күн): НЗА x 1.55
Жоғары белсенділік (спорт аптасыа 6-7 күн): НЗА x 1.725
Өте жоғары белсенділік (күнде спортпен белсенді шұғылдану,жұмыста жоғары физикалық белсенділіктің болуы, күніне 2 рет жаттығуға бару): ОО x 1.9
(ҚБ) Оқушылар топтағы зерттеу жұмыстарын талдайды, әрбір тағамның рөлін қоса айтады.

Сабақтың соңы
Ой толғаныс.
Рефлексия
7 мин.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет