Ұйымдастыру кезеңі:
(Ұ) “Гүлмен тілек” әдісі арқылы оқушылардың бір-біріне жақсы тілек айту арқылы жағымды ахуал қалыптастыру.
Топта жұмыс жасау ережені еске түсіру.
Топтастыру.
|
Оқушыларды топтарға біріктіруді ұйымдастыру:
Фигуралар көмегімен оқушыларды 3 топқа біріктіру.
I – Үшбұрыштар тобы
II – Дөңгелектер тобы
III – Төртбұрыштар тобы
|
Мақсаты: оқушылар бойында идея немесе тілек білдіру, тыңдау дағдыларын дамытуға бағыттау, сондай-ақ барлық оқушыларды қатыстыру арқылы оқыту жағдайларын теңестіру.
Тиімділігі: оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл күйін көтереді, бауырмалдығын оятады.
|
Ортасы
|
Өсімдік шаруашылығының негізгі бағыты.
«Жеміс дақылдары » туралы бейнежазбалар көру. Бейне жазбаны көру барысында, оқушылар жеміс-жидек дақылдарының түрін анықтау мақсатында топ арасында карталарды жинайды.
Оқушылар «Көкөніс дақылдары» және олардың өсуіне жарық пен көлеңкенің әсері туралы бейне жазбалар көреді.
Талқылауға арналған сұрақтар:
Қандай дақылдар көкөністерге жатады?
Көкөніс түрлерінің өсіп-өнуіне қандай талаптар қойылады?
Жарық көп түскен жағдайда өнімді көп алу мүмкін бе?
Өнімді өсіру барысында қажетті шарттардың бірі болмаса (жарық,су....) не болады?
Өсімдіктердің дұрыс өсіп-өнуі, жақсы өнім беруі үшін қандай шаралар қолдануға болады?
|
Тақтаға оқушылардың жауаптарынан қорытынды жазу
су + жарық + жылу + ауа + минералдар + топырақ
Жеміс түрлері жазылған карточкалар талдау, мысалы, дәнекті, цитрусты, сүйекті, жемісті және осы дәнді-дақылдардың бейнелері салынған карточкалар. Оқушылар атаулары мен суреттері сәйкес келетіндей етіп карточкаларды жинайды.
|