Сабақ тақырыбы: Ә. Кекілбаев «Аңыздың ақыры»



бет1/3
Дата08.12.2023
өлшемі124,97 Kb.
#195659
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
1578211794 2


Пәні: қазақ әдебиеті
Сабақ тақырыбы:
Ә. Кекілбаев «Аңыздың ақыры» 1- сабақ

Мектеп:

Уақыты:

Мұғалімнің аты – жөні:

Сынып: 10-сынып

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Белгілі бір оқыту мақсаты; Осы сабақтың сол мақсатқа қол жеткізуде тигізетін үлесі

Т/Ж1.Көркем шығарманың мазмұны мен пішіні

Сабақтың мақсаттары

10. Т/Ж1. Әдеби шығарманың сюжеттік-композициялық құрылысын талдау арқылы идеялық мазмұнын терең түсіну;



Пәнаралық байланыс

Қазақстан тарихы, әлем әдебиеті, өнер 



АКТ –ны қолдану дағдылары

Таныстырылым (слайдтар)

Бағалау критерийі

1. Шығарма мазмұнын қысқаша баяндап, әдеби тілдік қорымен , түсінікті тілде жеткізе алады;
2. Әдеби шығарманың сюжеттік-композициялық құрылысын талдай алады.

Тілдік
міндеттер

Оқушылар түсінеді және сипаттайды...
Диалог және жазылымға пайдалы тіркестер:
Менің байқағаным,...Менің ойымша,... Мен ойлаймын...

Алдыңғы білім



Оқушыларға Ә. Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» шығармасын оқып келу

Жоспар

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған іс - әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы
5 минут



1.Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу.
2.Оқушылардың назарын сабаққа аудару үшін ой шақыру кезеңі. Суреттерге қарап отырып, сабақтың тақырыбын болжайды.
3.Сабақ тақырыбымен, оқу мақсаттарымен , күтілетін нәтижелермен таныстырылады.




Сабақтың ортасы

5 минут

5 минут
5 минут
5 минут

10 минут




Ой шақыру бөлімі: Біліміңді зерделе
Мағынаны тану
Ә. Кекілбаевтың өмірі және проза жанры туралы қысқаша түсінік беріледі.
«Әбіш Кекілбаев – заманымыздың бір заңғар тұлғасы. Кекілбаев туралы сөз айту кімге болса да, оңайға түсе қоймас»,-деп Қуаныш Сұлтанов «Кекілбаев кеңістігі» атты мақаласында айтып өткендей, Әбіш жайында сөз қозғау, оның шығармашылығын зерттеу, оған үңілу көп еңбек пен ізденісті талап ететін дүние. Жазушы 1939 жылы 6 желтоқсан күні Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы (бұрынғы Гурьев облысы), Оңды ауылының Мырзайыр деген жерінде туған. Арғы атасы Жанайұлы Қожаназар қазақтар көшін Маңғыстауға бастап келген. Белгілі, білікті, беделді, дәулетті адам болған. Тектінің ұрпағы тектілік танытпаса, айыбы, аманатқа қиянат жасағаны. Әбіштің әлемі сол текті бабаның көріп-білген дүниесін балаға аңыз бен ертегі, әңгіме ретінде жеткізгенінен пайда болды. Әбіш әлемі - өзіндік бір пәлсапалық, дүниетанымға толы әлем. Әбіш Кекілбаев өткен ғасырдың 70-80 жылдар аралығында мәдениет, әдебиет, кино салаларында ұйымдастыру-шығармашылық қызметтерін атқара жүріп, өзінің жазушылық кәсібін алдыңғы қатарға қоя білді. Партияның Орталық Комитетінің мәдениет бөлімінде әдебиет секторының меңгерушілігіне Әбіш Кекілбаев жазушыларға да, қоғамға да сөйлесе, сөзі өтетін, қажет кезінде басқарушы билікке олардың да талап-тілегін, сөзін өткізе алатын беделді қаламгер, тәжірибелі саясаткер ретінде қызметке шақырылды. Ә. Кекілбаев Орталық Комитеттен Мәдениет министрінің орынбасары қызметіне жіберіліп, қысқа мерзімде қыруар істер атқара алды. Жаңа мемлекет тұсында да Әбекең – депутат, Комитет төрағасы, Жоғарғы Кеңес төрағасы, Мемлекеттік хатшы, Сенат депутаты сияқты лауазымды қызметтерді атқарып келді. Оның «Аңыздың ақыры», «Үркер», «Елең-алаң» тарихи романдары – тек тарихи шежіре емес, бүгінгі қоғам үрдісімен, ұлт мүддесімен астасып, бостандық рухы мен өркениеттің өшпес құндылықтарына ұмтылатын мінез тәрбиелерлік қуатты шығармалар. Әбіш Кекілбаевтың қай қасиетін сөз етсек те, ең алдымен, қазақ санасында оның әдебиет сыншысы, шебер, көркем шығарма жазушылығы алғы кезекке шығады. Әдебиетке бала кезінен мол дайындықпен келгені оның терең шығармаларынан айқын көрінеді. Әдеттегідей жасқана, имене әдебиеттің есігін ашқан жас өскін емес, білімі толық, кемелі келісті, қаламы төселіп, даусы орныққан дарын иесі екендігі шүбәсіз, нық басқан салмақтылықпен келді. Ол өзінің көркем сөз зергерлігімен біздің рухани өмірімізді байытты, көзімізді ашты, көкірегімізге ұлттық сенім, сана ұялатты. 
1 ДЖИГСО әдісі бойынша оқушылар «Аңыздың ақыры» шығармасын оқып , мазмұнымен танылады, бірін-бірі оқытады
2. ДЖИГСО ұжымдық оқыту әдісі. Оқушылардың жауапкершілігін арттыру мақсатында топтық оқыту әдісі қолданылады.
- Алдымен сынып 4 адамнан тұратын топтарға бөлінеді. Бұл “жанұя” топтар деп аталады. Оқушылар 1, 2, 3, 4-ке дейін санау арқылы 1-лер бөлек, 2, 3, 4 өз алдына “жұмыс” тобын құрайды. Оқуға ұсынылатын шығарманың оқулықтағы беттері белгіленген соң, әр оқушыға шығарма бөлігін түсініп оқу қажет екендігі ескертіледі.
4 логикалық бөлікке бөлінген шығарманың 4 бөлігін 4 топтың оқушылары бөліп алады. Жұмысты бастамас бұрын оқушыларға “жұмыс тобында” шығарманың тиісті бөлігін жақсы меңгеру қажеттілігін, өйткені сол бөлікті “жанұя топ” оқушыларына түсіндіруге жауапты екенін, мәтінді тұтас түсіну әр оқушының жауапкершілігіне байланысты екені түсіндіріледі.
- Сыныптағы оқушылар бастапқы топтарымен қайта табысып, өздерінің оқып келген бөліктеріндегі мазмұнды ортаға салады. Осы әдіс арқылы топтағы оқушылар бірін-бірі оқытуға, шығарма мазмұнын қысқаша баяндауға үйренеді.
Оқушылар бірін-бірі «Саусақ әдісімен» бағалайды. Шығарма мазмұнын түсінікті тілмен жеткізе алған оқушылар марапатталады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет