Сабақ тақырыбы: Ә. Марғұлан. Беғазы- дәндібай мәдениеті



Дата26.06.2018
өлшемі70,22 Kb.
түріСабақ
Күні: 28.11.13

Класс: 6 «а»

Пәні: Ежелгі Қазақстан тарихы.
Сабақ тақырыбы: Ә. Марғұлан. Беғазы- Дәндібай мәдениеті.

Мақсаты: қола дәуіріндегі Беғазы- Дәндібай мәдениетінің тарихы, ерекшелігі туралы білімдерін меңгерту мағұлмат беру және тақырыпқа байланысты атауларды есте сақтауға жағдай жасау.

Дамытушылық: өздігінен ойлау қабілетін жетілдіруге жағдай жасау,ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, салыстырмалы талдау жасауға, дүниетанымын тарихи ойын дамыту.

Тәрбиелік: өз елінің төл тарихына,мәдениетке деген құрмет сезіміне тәрбиелеу, өткенін біліп, келешегін болжай алатын ұрпақ тәрбиелеу.

Сабақ түрі: жаңа сабақ.

Сабақ әдісі: сын тұрғысынан ойлау технология ,жобалау технологиясы

Сабақ көрнекілігі: интерактивті тақта,карта

Пәнаралық байланыс: география,өнер,еңбек.

Жүру барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды 3топқа бөліп орналастыру.

Психологиялық дайындық. Ой қозғау.

«Жұмбақ хат» талқылау.

Балалар, бізге Қазақстанның Солтүстік, Орталық Батыс бөлігінен хат келіпті. Сол хатты бірге оқып көрейік.

Бұл кезеңде жалпы адамзат баласының даму тарихында ерекше орын алады. Адамзат металл өңдеді игерді. Өндіріске металл құралдардың енуі еңбек өнімділігін арттырды, шаруашылықтың жаңа түрлері пайда болды.Тұрмыста тұңғыш пайдаланылған металл-мыс.Металл кеніштері қазіргі Зыряновск,Жезқазған маңайы,Қарқаралы, Ақшатау тауларында болған.Кен өндірушілер қонысы -кеніш болған. Кенді қорыту үшін қазандықтар болған.Бұл дәуір б.з.б. 2 мыңыншы жылдықта басталған. Б.з.б. 2800жыл-б.з.б.900 жыл аралығын қамтыған.Бүл дәуір мәдениеті Андронов мәдениеті.Климаты бұдан 3мың жыл табиғаты құрғақ,қысы қатал әрі ұзақ, жазы қысқа, әрі ыстық болған.Еңбек құралдары қатты, әдемі сары түсті, үлкен мыс қазандаржебе ұшы, қанжар жасау үшін құю қалыптар қолданылған.

1.Бұл хатта қандай дәуір айтылған?

2.Қалай сипатталған?

3.Басты ерекшелігі.

4. Бұл дәуірде қандай аймақтар айтылған
Отан... Атамекен....Атажұрт.... Тарих.. Бұл құлаққа асқақ естілер асыл ұғымдар.Тәуелсіздік алғаннан кейін ес жиып, өз Отанының тарихына ден қоя бастады. Біздің туған жеріміз Қазақстан халқымыздың ата баба мекені, ежелгі қоныстарына көңіл бөлініп, зертеле бастады..

ІІ. Жаңа сабақ.Деректі фильм көру. Беғазы Дәндібай мәдениетінің табылу,зерттелу сәттері. Археологтар тапқан ашқан жаңалықтар.

Жаңа ақпарат.

Беғазы-Дәндібай мәдениеті.Бұл атау Орталық Оазақстандағы Беғазы және Дәндібай мекеніндегі обаларға байланысты қойылған.



Бұл мәдениетке жататын үйлер ерекшелігі:

  1. Жерлеу орындарының құрылыстары өте ірілігімен

  2. Тас қашау өнерінің жетілгендігімен ерекшеленеді.

Үйлердің қабырғалары бір-бірімен балшықпен байланыстырылып, ірі тастардан қаланған. Ішкі және сыртқы беттеріне тастың тегіс жағы қаратылған. Беғазы-Дәндібай мәдениетіне жататын жерлеу орындарының көпшілігі- обалар.Беғазы –Дәндібай қорғандары биіктеу болып келеді және ұсақ қиыршық тастар мен топырақтан тұрғызылып, етегі үлкен қақпақтастармен бекітілген.Қыш құмырылардың ерекшелігі:

Ернеуі тік, бүйірі шығыңқы, түбі тегіс болып келеді.



  1. Құмырылар әртүрлі өрнекпен безендірілген.

  2. Тарақ жүзді және үзік сызықты үшбұрышты өрнектер көп кездеседі.

Қола дәуірін жоспарлы зерттеу 1946 жылы басталды. Сол жылы қазақтың біртуар энциклопедист-ғалымы Әлкей Хақанұлы Марғұлан көне дәуір тарихын зерттейтін археологиялық экспедиция құрды.Ә.Х. Марғұлан және оның шәкірттерінің зерттеулер нәтижесінде Қазақстан жеріндегі қола дәуірі ескерткіштерінің сыры ашылды.

Жаңа сөздер: Энциклопедист, Экспедиция

Оқушыларға тақырыпқа байланысты проблемалық сұрақтар күні бұрын беріліп,ізденіп келу тапсырылған болатын.



І тапсырма. «Референт оқыту». Топпен жұмыс.

І топ. Ә.Марғұлан өмірі. Орталық Қазақстанды зерттеу жұмыстары.

ІІ топ Беғазы-Дәндібай мәдениеті.

ІІІ топ. Беғазы-Дәндібай тұрғындар кәсібі.



ІІ тапсырма. «Беғазы-Дәндібай мәдениеті» тарихын білесің бе?

Тарихи сынақ хат. Беғазы-Дәндібай мәдениеті ......... Қазақстандағы ........мен..... мекеніндегі обаларға байланысты қойылған.Осы мәдениетке жататын үйлердің, ....... орындарының құрылыстары ......, ....... .... өнерінің жетілгендігімен ерекшеленеді. Қорғандар ......... болып келеді, ......... тастармен тұрғызылған. Құмыралар әртүрлі өрнекпен безендірілген. ....... жүзді және ......сызықты ......... өрнектер кездеседі Қола дәуірін жоспарлы зерттеу ......жылы басталды.Көне дәуір тарихын зерттейтін археологиялық экспедиция ......... ......... құрды.

ІІІ тапсырма. Венн диаграммасы.

ОртақҰқсастығы



Андронов мәдениеті Беғазы –Дәндібай мәдениеті

Балалар, осындай еліміздің осындай құнды мәдени ескерткіштерімізбен мақтанайық, бағалайық, сақтайық,зерттеуге ат салысайық.



ІҮ-тапсырма. Жеке оқушымен жұмыс. Тест жұмысы.

1. Қола дәуірі хронологиялық ауқымы.

А.б.з.б. 2800жыл-б.з.б. 900 жыл аралығын қамтиды.

Ә.б.з.б. 3000-2800 жыл

Б. Б.з.б 12 мың-5мың жыл

В. б.з.б. 5мың-3мың жыл
2.”Беғазы-Дәндібай мәдениеті” хронологиялық ауқымы.

А. Б.з.б. 12-8 ғасыр

Ә. б.з.б. 3000-2800 жыл

Б. Б.з.б 12 мың-5мың жыл

В. . б.з.б. 5мың-3мың жыл

3.”Беғазы-Дәндібай мәдениеті” орналасқан аймақ.

А. Қалба кен орны.

Ә. Орталық Қазақстан.

Б. Батыс Сібір

В. Петровка мен Боголюбов.

4.Ә. Марғұлан зерттеулері қай дәуір ескерткіштерін зерттеді.

А.жаңа тас ғаыры неолит

Ә. Мезолит дәуірі

Б.Қазақстан жеріндегі қола ескерткіштері

В.палеолит дәуірі

5.Қола дәуірін жоспарлы зерттеу басталды.

А.1999жыл

Ә.1989 жыл

Б. 1946 жыл.

В. 1946 жыл



6. Қола алынады ненің қосындысынан төмендей

А. Мыс пен қалайы.

Ә. Тас

Б. Мыс


В. Қалайы

7. Андрон тайпаларының шаруашылық саласының бірі.

А. кен өндіру, металл өңдеу

Ә. Бау-бақша

Б. Егіншілік

В. Тас өңдеу

8.Қола дәуір қоныстары орналасқан аймақ

А. Өзен-көл жағалауында

Ә. Тау аймағы

Б. Шөлді аймақ

В. Далалық

9.Бұдан үш мың жыл Қазақстан табиғаты

А. Қарлы


Ә. Мұздық

Б. Жаңбырлы

В.Құрғақ, қысы қатал ұзақ жазы қысқа,ыстық.

10.Қазақстан жерінде қола дәуірі басталды.

А.7 мың жыл бұрын,яғни б.з.б.3 мың жыл

Ә.4 мың жыл бұрын, яғни б.з.б.2 мыңынжыл

Б.3 мың бұрын, б.з.б. 5 мың жыл

В. 5 мың жыл бұрын, б.з.б.4 мың жыл
Жауаптары:1.а. 2.а. 3.ә. 4.б. 5.в.6.а 7.а.8.а 9.в. 10.ә.

ІҮтапсырма . Семантикалық карта.




Ежелгі Қазақстан тарихы

Ежелгі Дүние тарихы

1


Қола дәуірі

б.з.б. 2800-б.з.б.900жыл аралығын қамтиды.






2


Қазақстан жерінде Қола дәуірі осыдан 4мыңжыл бұрын,яғни б.з.б.2мыңжылдықта басталды.



1. Б.з.б. ІІмыңж. Египетте құлиеленушілік құрылыс қалыптасты.Ең бай қуатты ел болды.

2. Б.з.б. ІІ мыңж. Тир мемлекеті күшейді.

3.Б.з.б. ІІ мыңж. Қытайда Қытай тайпалары Шан-Инь мемлекеті пайда болды.

4. Б.з.б. ІІ мыңж. Үндістанда алғашқы ірі қалалар пайда болды.

5.Б.з.б ІІ мыңж. орт.Хетт мемлекеті қазіргі Түркия жері . Табарна билеушісі Кіші Азия көп жерін бағындырған.

6.Хетт жерінде тауда металл көп болған, темірді шетелге сатқан.




3.


Орталық Қазақстан қола дәуірі ең соңғы кезеңі Беғазы-Дәндібай мәдениеті Б.з.б. 12-8 ғасырларды қамтиды.



1.Б.з.б. ҮІІІ ғасыр Урарту мықты мемлекетке айналды.Қазіргі Армения.

2.Б.з.б ҮІІІ ғасырда Ассирия қуатты мемлекет болды.

3.Б.з.б. 12-8 ғ Гомер грек ақыны өмір сүрген.


Қазақстан Республикасының Елбасының бастамасымен «Мәдени мұра » бағдарламасы бар. Мәдени мұра - орны толмас құнды рухани, мәдени, экономикалық және әлеуметтік қазына. Мұра осы заманғы ғылым, білім мен мәдениеттің де қайнар көзі. Бұл, табиғи байлықтарымен қатар, ұлттық өзін-өзі сыйлауы мен әлемдік қоғамдастықты мойындатуына басты негіз болып табылады Балалар, осындай құнды мәдени ескерткіштерімізбен мақтанайық, бағалайық, сақтайық.

Бағалау критерий

1. Өзін-өзі бағалау

2. Өзара бағалау.

3. Бағалау


Үйге тапсырма .Беғазы-Дәндібай мәдениеті. Әлкей Хасанұлы Марғұлан.

Әлкей Марғұлан зерттеулерін оқу.

Ашық сабақ

Сабақ тақырыбы: «Беғазы -Дәндібай» мәдениеті» Әлкей Хақанұлы Марғұлан



Өткізген: Тарих және құқық пәні мұғалімі

Садық Индира Әмірханқызы.
Каталог: wp-content -> uploads -> 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> М.Ә. Хасен төле би әлібекұлы
2014 -> «Қостанай таңының» кітапханасы Сәлім меңдібаев
2014 -> 3-деңгейлерге: а/берілген сөздерді аударыңдар


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу