Сабақтың басы
2 – 10 мин
|
Оқушыларға әртүрлі теңдеулер жазылған үлестірмелер жинағын беріледі. Мысалы:
және т.б.
Оқушыларға теңдеулерді топтастыруға нұсқау беріледі. Оқушылармен бірге «екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер» топтамасын талқылап, олардан анықтама беру сұралады.
Анықтаманы мұғалім тұжырымдайды:
ах+ву=с түріндегі теңдеулер екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер деп аталады. Мұндағы х пен у -айнымалылар, ал а, в және с -қандай да бір сандар. Сызықтық теңдеудегі а, в коэффициенттер, ал с бос мүше деп аталады.
Шешімдер жиыны бірдей болатын екі айнымалысы бар теңдеулер мәндес теңдеулер деп аталады. Шешімдері болмайтын екі айнымалысы бар теңдеулер де мәндес теңдеулерге жатады.
Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулердің қасиеттері:
1-қасиет.
Теңдеудегі қосылғыштың табасын қарама-қарсы таңбаға өзгертіп, оны теңдеудің бір жағынан екінші жағына көшіргенде берілген теңдеуге мәндес теңдеу шығады.
2-қасиет.
Теңдеудің екі жағын да нөлден өзге бір санға көбейтсек немесе бөлсек, берілген теңдеуге мәндес теңдеу шығады.
Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеуді тура теңдікке айналдыратын айнымалылардың мәндерінің жұбы осы теңдеудің шешімі деп аталады.
|
Слайд 4
Математика. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық,
Слайд 5
|
Сабақтың ортасы
10 – 14 мин
14 – 22 мин
22 – 23 мин
23 – 25 мин
25 – 35 мин
35 – 37 мин
|
6x + 5y =10
y- ті x арқылы өрнектейік: 5y =- 6x+10, y= -1,2x+2.
Мәндес теңдеулерге назар аудартыңыз.
Шыққан теңдеу шешімдерін табайық: х – ке кез келген мән беріп, у – тің мәнін табамыз.
x =1 y = 0,8; x =2 y = - 0,4; x = 3 y = -1,6.
Екі айнымалысы бар теңдеу шешімін жазуды түсіндіріңіз.
Жауабы: (1; 0,8); (2; -0,4); (3; -1,6).
Топта жұмысты жалғастыру
(біртіндеп күрделенеді)
№1. Төмендегі теңдеулерден шешімі x = 3, y = 2 болатындарын теріп жазыңдар:
1) 6x - 2,5y – 13 = 0; 2) 0,3x - 4y = 10,8;
3) x +3,5y – 8 = 0; 4) 0,6x - y +0,2=0.
Жауабы: 1); 3); 4).
№2. Теңдеудегі у айнымалысын х арқылы өрнектеп, теңдеудің қандай да бір екі шешімін табыңыз:
1) x + y = 3; 2) 2,5x + y = 4; 3) x +y = 1,5;
4)1,75x + y = 3; 5) 1,4x + y - 2= 0; 6) x +y -1 = 0.
№3.
1) x=-3 пен y=4 мәндер жұбы –ax+3y= 6 теңдеуінің;
2) x=0,5 пен y=2 мәндер жұбы –ax+y=1 теңдеуінің;
3) x=2 пен y=4,5 мәндер жұбы –ax-2y=11 теңдеуінің шешімі болады. Теңдеудегі х – тің коэффициенті а – ның мәнін табыңдар.
Жауабы:1) 2; 2) 1,5; 3) -10.
№4. Екі қаланың арасы 54 км. Велосипедші алғашқы сағаттарда 12 км/сағ жылдамдықпен жүрсе, келесі сағаттарда 10 км/сағ жылдамдықпен жүрді. Велосипедші 12 км/сағ жылдамдықпен неше сағат жүрді? 10 км/сағ жылдамдықпен неше сағат жүрді?
Жауабы: 2 сағ; 3 сағ.
Дескриптор: Білім алушы:
шешіміне байланысты теңдеуді таба алады;
теңдеудегі у айнымалысын х арқылы өрнектейді;
теңдеудің қандай да бір екі шешімін табады;
теңдеудегі х – тің коэффициенті а – ның мәнін дұрыс табады;
есеп шарты бойынша сұраққа жауап береді.
Дайын жауап, дескриптор арқылы топтар арасында өзара бағалау жүргізуді ұйымдастырыңыз.
Көзге жаттығу
|