Сабақ тақырыбы Екісанның қатынасы. Екісанның пайыздық қатынасы



бет39/93
Дата18.10.2022
өлшемі23 Mb.
#153728
түріСабақ
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   93
Байланысты:
6 сынып1 токсан

Бағалау критерийі

Дескриптор

Эйлер-Венн шеңберлерінің көмегімен рационал сандар жиынын көрсету

Ішкі жиын ұғымын біледі

Эйлер-Венн шеңберлерінің көмегімен рационал сандар жиынын көрсете алады.

Тапсырма 1.
Натурал сандар жиыны бүтін сандар жиынының ішкі жиыны екнін Эйлер-Венн дөңгелектері арқылы кескіндеп, белгіленуін пайдаланып жазыңыз.
Тапсырма 2.
Ауылдағы отбасылары мүшелерінің жиыны-А. Ауылдағы мектепте оқитын ауыл отбасылары балаларының жиыны -В. А және В жиындарын Эйлер-Венн дөңгелектері арқылы кескіндеңдер.
Тапсырма 3.
А В ; С және D жиындарының қайсысы F жиынының ішкі жиыны? Эйлер-Венн дөңгелектері арқылы кескіндеп, белгіленуін пайдаланып жазыңыз.
Тапсырма 4.
Берілген А және В жиындарының бірігуі D жиыны элементтерін жазыңдар. Эйлер-Венн дөңгелектерімен кескіндеп, олардың ішіне жиын элементтерін тиісінше орналастырыңдар. D жиынының элементтрер санын көрсетіп жазыңдар.
1) А ; В ;
2) А ; В
Тапсырма 5.
6; -3,5; 8 -9; -2 ; 0; 1; -100; 99 сандарынан:
1) N-натурал сандар жиынын;
2) Z- бүтін сандар жиынын;
3) Q-рационал сандар жиынын құрастырыңдар.

Оқушыларға келесі тапсырмаларды талқылап алуды ұсынуға болады:
Тапсырма 1.Күн шуақ қаласындағы Дархан ақылдылығымен және есте сақтау қабілетінің мықтылығымен танымал болған. Бірақ ол өзінің қаржы мәселелерін есте сақтап емес, әр кіріс шығыстың цифраларын дәптерге жазып отырған . Кірісті «+» таңбасымен, алшығысты «-» таңбасымен белгілеп отырған.
Мысалы, жазба +15 + 3 + 8 – 5 + 9 – 3 + 2 – 7 – 1 – 2 + 4,бұл жазбадан Дарханда каңтар айының басында 15 тиын болғанын дәлелдейді. Сосын оған 3 тиын қосылып, кейін 8 тиын қосылып, сосын 5 тиын жаратып...т.б.
а) Қаңтар айында Дарханның тағы басқа қандай кіріс, шығыстары болды?
б) Бір айлық қорытынды есепті шығарудың қандай тиімді жолы бар?
Оқушы

  • Дарханның барлық кіріс/шығытарын анықтайды;

  • қорытынды дұрыс есептейді;

2) Сол қаладағы барлық балалар Дархан секілді өздерінің кіріс шығыс дәптерлерін арнап , қаржы өзгерістерін жазып отырған. Мысалы: Айжан, Марат, Мақсат жәнеДиастыңқараша айына жазбалары:
Айжан: +8 – 2 + 4 + 9 – 11 – 5 + 4 + 5 – 2;
Марат: + 17 – 1 – 3 + 6 – 2 - 5 + 4 – 2 + 1;
Мақсат: + 5 + 1 + 6 – 2 – 8 + 4 – 3 – 3;
Диас: + 3 – 2 + 1 – 3 + 4 – 2 – 1 – 5.
а) Қараша айында әр баланың тиындар саны қалай өзгерді?
б) Ай соңында АйжанменМаратта неше тиын болды?
в) Мақсатта қандай өзгерістер болды? 
г) Диаста қандай қарыз пайда болды? Оны қалай белгілесек дұрыс болады?
д)Сандар сәулесімен балалардың тиындарының өзгерісін бақылап көр. Барлық жағдайда сандар жеткілікті ме? Қандай сандарды және қай жерде белгілеген ыңғайлы? Пайда болған шкала неге ұқсап тұр?
Оқушы

  • әр баланың тиындарының саны қалай өзгеретінін түсінеді;

  • Айжан мен Мараттың тиынын есептейді;

  • Диастың қарызын қалай есептейтінін түсінеді;

  • Шамаларды бүтін сандармен сипаттайды.


Кейін оқушыларға жаттығу ретінде ауызша немесе жазбаша мынадай тапсырмаларды усынсаныз болады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   93




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет