Сабақ тақырыбы Екісанның қатынасы. Екісанның пайыздық қатынасы



бет80/93
Дата18.10.2022
өлшемі23 Mb.
#153728
түріСабақ
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   93
Байланысты:
6 сынып1 токсан
doc1560164854
Есеп.
Ауаның температурасы таңертең -2 С (суық) еді, түсте 5 С (жылы) болды. Ауаның температурасы неше градусқа өзгерді?
Оқушылар жауабын презентация бойынша тексереді. Оқушылардың жауаптарын негіздеуі талап етіледі.



Ынталандыру сөздерін қолдану «жақсы», «жарайсың», «өте жақсы»



http://www.mathematics-repetition.com/tag/reshenie-zadatch-na-masshtab



Сабақтың ортасы

Температураның өзгерісін табу үшін температураның соңғы мәнінен алғашқы мәнін азайту керек. 5-(-2) өрнегінің мәнін табу керек. Мұндағы –(–2)=2. Себебі –2 – ге қарама – қарсы сан +2.
5– (–2) =5+2=7.
Бір саннан екінші санды азайту үшін, азайғышқа азайтқышқа қарама - қарсы санды қосу керек.
a-b=a+(–b)
a– (–b)=a+b
–a– (+b)= –a–b
–а–(–b)=–a+b
Оқушылар төмендегі кестедегі мысалдарды мұғаліммен бірге талқылайды.

Азайғыш

Азайтқыш

Жазылуы

Айырманың мәні

6

-2

6-(-2) =6+2=8

8

3

-6

3-(-6)=3+6=9

9

-7

+3

-7-(+3) =-7-3=-10

-10

-2

+9

-2-(+9)=-2-9=-11

-11

Кестедегі мысалдарды талқылап болған соң, мұғалім оқушылардан қорытынды шығаруын сұрайды.
Мұғалім оқушылармен бірге келесі мысалды талқылайды.
Таңбалары әр түрлі сандарды азайту таңбалары бірдей сандарды қосумен есептеледі.
Мысалы: 1,8–(–2,7) =1,8+2,7=4,5

Азайғыш

Азайтқыш

Жазылуы

Айырманың мәні

-9

-3

-9-(-3)=-9+3=-6

-6

-2

-5

-2-(-5) =-2+5=3

3

Кестедегі мысалдарды талқылап болған соң, мұғалім оқушылардан қорытынды шығаруын сұрайды.
Таңбалары бірдей сандарды азайту таңбалары әр түрлі сандарды қосумен есептеледі.
Мысалы: -9,1-(-1,5)=-9,1+1,5=-7,6
Координаталық түзудегі кесіндінің ұштарының координаталары бойынша кесіндінің ұзындығын табайық.
Мысалы, координталық түзуде А(-4), В(3) болатын АВ кесіндісінің ұзындығын бірлік кесінді есебімен табайық. Ол үшін:

  1. А(-4) және В(3) нүктелерін координаталық түзуде кескіндеу керек.

  2. А(-4) және В(3) нүктелерінің арасында неше бірлік кесінді бар екенін табу керек.


АВ=3-(-4)=3+4=7
AB=7 (бірлік кесінді)
Оқушылардан жауаптарын негіздеуді талап еткен жөн.
Координаталық түзудегі кесіндінің ұзындығын табу үшін оның оң жақ шеткі нүктесінің координатасынан сол жақ шеткі нүктесінің координатасын азайту керек.
Оқушылар презентациямен жұмыс жасағандықтан, көз жаттығуын жасау қажет.
https://www.youtube.com/watch?v=J9Gc_-7KM2s
Оқушылар келесі сұрақтарға жауап береді:

  • 1. Рационал сандар қалай азайтылады?

  • 2.Таңбалары әр түрлі сандарды азайту таңбалары қандай сандарды қосумен есептеледі?

  • 3.Таңбалары бірдей сандар қалай азайтылады?

  • 4.Координаталық түзуде кесіндінің ұзындығын қалай табады?

Қателескен жағдайда мұғалім түзетеді.
1 – тапсырма. Айырманы табыңдар:
А) 7,2 – (–7,2)
Ә) 5,1 – (+5,1)
Б) 8,6 – (+10)
В) (–9,2) – (–5,3)
Г) (–2,9) – (–4,3)
Ғ) (–6,8) – (–3,1)
Д) (-6) – (-11)
Бірнеше оқушылардан тақтаға шығып өз жауаптарымен бөлісулері сұралады. Жауаптардың дұрыс па жоқ па екенін қалған оқушылардан сұрап талқыланады.



2 – тапсырма. Азайтуды орындаңдар:
А) (–5) – (
Ә) (–8) – ( )
Б)
В) -5,7 – (-1,3)
Г) 3,6-(-5)
Ғ) -6-(+8,1)
Д) -7,5-(-2,1)
3 – тапсырма. А(а); В(b) болатындай АВ кесіндісінің ұзындығын (бірлік кесінді есебімен) табыңдар, мұндағы:
А) а=–3;b=4
Ә) a=6; b=-4
Б) a=-7; b=0
В) a=-8; b=-3
Г) а=-3;b=-1
Ғ) a=-5; b=-2
Д)a=3;b=-6




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   93




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет