Тапсырма 3. Серіппені сыққанда бірінші ретте оның ұзындығы 1,2 см-ге қысқарса, екінші ретте тағы да 1,9 см-ге қысқарды. Серіппенің ұзындығы барлығы неше сантиметрге қысқарды? Серіппенің қысқаруын теріс санмен жазып көрсетіңдер.
Тапсырма 4. Кестені толтырыңыздар:
таңбалары бірдей, таңбалары әртүрлі рационал сандарды қосуды орындайды;
Сабақ барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт
Педагогтің әрекеті
Оқушының әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Сабақтың басы
Сабақтың басталуы(3 мин) Амандасу. Сыныпты түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Алдыңғы жоспардағы үй жұмысын тексеру, қиын деңгейін талдау.
Жұпқа бөлу (1 мин) Сабақтың сабақ тақырыптары мен мақсаттарын тұжырымдау және жазу (1 мин) Сабақ тақырыбы: Таңбалары әр түрлі рационал сандарды қосу.
Сабақтың мақсаты: Оқушылар таңбалары әр түрлі рационал сандарды қосуды үйренеді(
Білім жаңғырту (10 мин)
Сөйлемді аяқтаңыз:
1. қосылғыштардыңорнынауыстырғаннан…
2. кез келген санның нөлмен қосындысы...
3. қарама-қарсы сандардың қосындысы...
4. қарама – қарсы сандардың ... өзара тең
Оқушылардың өздері жауабын ұсынады.
Ынталандыру сөздерін қолдану «жақсы», «жарайсың», «өте жақсы»
Өтілген тақырыпты есептерді шығару арқылы бекіту. Жұптық жұмыс(10 мин) Бірнеше оқушылардан тақтаға шығып өз жауаптарымен бөлісулері сұралады. Жауаптардың дұрыс па жоқ па екенін қалған оқушылардан сұрап талқыланады. 1 – тапсырма Фирманың ақша есебінің өзгерісі біпінші айда +5,8 млн тг, екінші айда -3,1 млн тг, ал үшінші айда +0,6 млн тг болды. Фирманың үш айдағы ақша есебінің өзгерісі неше тг? Фирма зиян шеккен бе, әлде пайда тапқан ба? 2 – тапсырма
Таңертең ауаның температурасы +8 С болды. Түсте +4 С – қа өзгерді. Кешкі ауаның температурасы тұске қарағанда -3 С-қа өзгерсе, түн ортасында тағы да -2 С – қа өзгерді. Түн ортасында ауаның температурасы неше градус болды?
3 – тапсырма
Жұлдызшаның орнына «+» немесе «-» таңбасын қойыңдар: