«Ой шақыру кезеңі»
Сұрақтар қою арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсатын бірлесе отырып анықтайды.
Адамзаттың құндылықтар дегеніміз не?
Мәдениет дегенді қалай түсінеміз?
Әлемдік мәдениетке нелер жатады?
Мәдениетті құндылық деп санаймыз ба?
(оқушылардың жауабы тыңдалады)
Оқушылар жауаптарын қорытындылай отырып, бүгінгі сабақтың тақырыбын анықтатамын.Оқу мақсатымен таныстырамын. Сабақ мақсатын бірлесе отырып құрамыз.
Біздің сабағымыздың оқу мақсаты:
8.4.2.1. Сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас бөліктері: әуен, әуез,тембр,қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолдану;
8.3.2.1.Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, мақала, құрастырып жазу.
|