Жалпы білім беретін №32 орта мектептің
бастауыш сынып мұғалімі
Зұлқашева Ләззат Серікқызы
1 сынып
Ашық сабақ
Ана тілі
Сабақ тақырыбы: Әнші төлдер.
Мақсаты:1. Оқушыларға төрт түлік мал туралы алған білімдерін пысықтай отырып , олардың төлдерін дұрыс атай білуге үйрету.
2. Жаттығу жұмыстарын, топтық жұмыс түрлерін жүргізу арқылы, дыбыс және оның түрлері тақырыбында алған білімдерін кеңейте түсу.
3.Малды қадірлеуге, жамандық жасамауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Слайд, төрт түлік суреттері,флипчарт, видео
Сабақтың жүру барысы:
І.Ұйымдастыру бөлімі:
Психологиялық ахуал туғызу.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
«Төлдер» өлеңін жаттауды сұрау.
ІІІ . Жаңа сабақ.
-Балалар 4 түлік малдын төлдерін қалай атайтынын білесіңдер ме? (Слайд)
-Балалар мына суретте нелердің суретін көріп тұрсыңдар?
-Бота,қозы,лақ,бұзау,құлын
Бұларды бір сөзбен қалай атаймыз?
-Төлдер
-Төлдердің арасындағы дөңгелек не деп ойлайсыңдар?
-Нота,музыка
-Дұрыс,адам қатты қуанған кезде өзінің көңіл-күйін әнмен жеткізеді екен.
-Сол сияқты төлдерде ән салады екен.
-Айтып көрейікші, бұзау қалай әндетеді?
-мө-мө
-Қозы қалай әндетеді?
-Мә-мә
-Олай болса бүгін біз «Әнші төлдер» деген өлеңмен танысамыз.
Дәптермен жұмыс
Күннің жадын , тақырыпты жазу.
Оқулықпен жұмыс
«Әнші төлдер» мәнерлеп,тізбектеп оқу. Түсінік беру.
Тақтамен жұмыс
37- жаттығу.Жіңішке дауысты дыбыстардың астын сызу.
Сергіту сәті.
Топтық жұмыс
Жұмыстарын ортада қорғау.
Қорытындылау:
Әр топ төлдер әнін айтады.
1-топ.Қошақаны қойдың Қайда қалып қойдың Бұлтиып тұр бүйірің Қай өрістен тойдың 2-топ.Секең-секең, ей, лақ Жүрмін саған келіп-ақ Тынып тапсаң болмай ма? Секірмей-ақ,кей уақ 3-топ.Томпаң-томпаң торай Дауысының зоры-ай Дөкей бола қаласың Толысымен он ай. 4-топ.Ботақаны нардың Жарға неге бардың ? Тілерсегің дірілдеп Секіре алмай қалдың
Үй тапсырмасы:
«Әнші төлдер» мәнерлеп оқу. «Бөрте лақ» жаттау.
Бағалау
Атырау облысы
Көкарна елді мекені
№32 орта мектеп
қазақ тілі 1 сынып ана тілі
ФИО Зұлқашева Ләззат Серікқызы
Достарыңызбен бөлісу: |