1-тапсырма. о/м. 2.1.4.1.
Ұжымдық «Суретті әңгімеле»
Тілдік дағды: тыңдалым, айтылым, оқылым
Ойлау деңгейі: білу.
Барлық оқушылар: Тірек сөздерді қатыстыра отырып, берілген тақырып бойынша әңгіме құрайды.
Мәтін «Көктем»
Білім алушы «суретті әңгімеле» әдісі арқылы тірек сөздерден мәтін құрастырады. Қимылды білдіретін сөздерді табады, сұрақ қояды.
Тірек сөздер: Шуақты, жас шыбықтар, күн, қопсытып, ұя, балалар, көгерді, аспан, көңілді, құстар, туған жер, қарсы алды.
-Суреттен көктемнің қандай белгілерін байқадың?
-Балалар не істеді?
-Балалардың қимыл атауларын білдіретін сөздерді ата
-Бұл сөздер қандай сұраққа жауап береді?
-Қай сөз табына жатады?
Білім алушылар тірек сөздерден мәтін құрастырып, іс-әрекетті білдіретін сөздерді таба отырып, қимылды білдіретін сөздердің етістік деп аталатын сөз табы екенін ұжымда ережесін құрастырды.
Критерий:Тірек сөздерді қатыстыра отырып, берілген тақырып бойынша әңгіме құрайды.
Дескриптор:
Тірек сөздерді пайдаланады.
Әңгімелеу мәтінін құрайды.
Қимылды білдіретін сөздерді табады, сұрақ қояды.
ҚБ.
Қимылды білдіретін сөзді ата.
Қимылды білдіретін сөздер қай сөз табы болады?
Кері байланыс: Ынталандыру: Жарайсың!
Білім алушы үйренеді: Тірек сөздерді қатыстыра отырып, берілген тақырып бойынша әңгіме құрайды.
2- тапсырма. 2.1.4.1.
Топтық жұмыс. «Суретті әңгімеле»
Тілдік дағды: тыңдалым, айтылым, жазылым
Ойлау деңгейі: түсіну, қолдану
Кейбір оқушылар: тірек сөздердегі, әңгімедегі
етістіктердің маңызын түсінеді.
1-топ. Суретке қарап, іс-әрекетті білдіретін сөздерді қатыстырып, сөйлем құрайды.
2 топ. Зат есім мен етістік
тен құралған сөздерді байланыстырып, сөйлем құрайды.
3- топ. Суретке қарап мәтін құрайды, мәтінге тақырып қояды.
Дескриптор:
Іс әрекетке байланысты сөйлем құрайды
Зат есім мен етістікті байланыстырады.
Сурет бойынша мәтін құрастырады.
ҚБ.
Іс әрекетті білдіретін сөздер қандай сөз табы?
Сөйлем қандай сөз таптарынан құралады?
Мәтінде қандай іс әрекетті білдіретін сөздер бар?
Кері байланыс: Үйрендім, Үйренгім келеді.
Білім алушы үйренеді: іс әрекетті білдіретін сөздермен жұмыс жасап біледі.
Сергіту сәті: «Гүл мен тілек»
3-тапсырма. 2.1.4.1.
Жұптық жұмыс. «Суретті әңгімеле»
Тілдік дағды: тыңдалым, айтылым.
Ойлау деңгейі: түсіну.
Кейбір оқушылар: әңгіме құрауда етістік не үшін қажет екенін түсінеді, дәлелдеулер жасайды.
Мәтінмен жұмыс
Білім алушылар жұпта жұмбақ шешіп, сөйлемде көп нүктенің орнына етістіктер қолданып, мәтінді оқып, түрін ажыратады. Білім алушылар тапсырманы орындап болған соң, барлық жұптар әңгіме, сөйлем, жұмбақ құрастыруда етістіктің неге қажет екенін түсіндіреді, дәлелдейді
1-жұп тапсырмасы:
Әсем бақта ән салады,
Әніне жұрт тамсанады. (Бұлбұл)
2-жұп тапсырмасы:
Көктем..... Жер ..... Күн......, найзағай ..... Құстар жылы жақтан............
3- жұп тапсырмасы:
Қайың тегіс және таулы жерлерде өседі. Қайыңнан түрдлі үй жихаздары жасалады. Оның маймен былғары өңделеді. Ол улы газдарды өткізбейді. Қайың-аса пайдалы ағаш.
Дескриптор:
Жұмбақты шешеді.
Көп нүктенің орнына тиісті етістікті қояды.
Мәтіннен етістіктерді табады, ат қояды.
Етістіктің не үшін қажет екенін дәлелдейді.
ҚБ.
Етістік сөйлемнің қай жерінде кездеседі?
Етістік не үшін қажет?
Кері байланыс: Не үйрендім ? Не білдім?
Білім алушы үйренеді: әңгіме құрауда етістік не үшін қажет екенін түсінеді, дәлелдеулер жасайды.
|