Сабақтың ортасы
|
Жаңа сабақ:Әз-Наурыз туралы аңыз.
*Әз-Наурыз туралы не білеміз?
5.Өз бетімен білім алу.Оқулықпен жұмыс
-Іштей оқу
-Дауыстап бөлікке бөліп оқу
6.Топтық талқылау,көршісіне баяндау.
*Видеоподкаст арқылы ғылыми мағлұмат беру.
Наурыз мейрамы — ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Қазіргі күнтізбе бойынша (наурыздың 22) күн мен түннің теңесуі кезіне келеді.
Қазақстанда Наурыз мейрамы үш күн: 21-23 наурыз аралығында аталып өтеді.
21 наурыз түні даланы Қыдыр аралайды. Ұлыс күні қазақ елі үшін әрқашан қасиетті, киелі саналған. Халық таза, жаңа киімдерін киген. Ауылдың ер адамдары бір-бірімен қос қолдасып, төс қағыстырады; әйелдер құшақтасып, бір-біріне игі тілектер айтады. Бірін-бірі мерекеге арнап дайындалған наурыз көже ішуге шақырады. Оған қойдың басы мен сүр ет салып пісірілуі – қыс тағамымен (етпен) қоштасуды, құрамына ақтың қосылуы – жаз тағамымен (сүт, ақ) қауышуды білдіреді. 7.Кластермен жеке жұмыс.
Тапсырмасы:Наурызкөжеге қосылатын жеті дәмді тауып белгіле.
Дарынды мен талантты оқушыға жеке топшама
Дарындыға:Бес жол өлең.(Наурыз)
Таланттыға: Ұлттық ойын,салт-дәстүр,ұлттық тағам,ұлттық киім,мерекелерді тауып жаз.(керекті сөздер тізбегі беріледі)
8.Сергіту.
9.«Фишбоун»әдісі ( Балық қаңқасы)
Авторы Данко Барон
Топтық жұмыс.
Талдап,қорытынды шығару.
Басы- тақырып
Қаңқасы-дәлелдемелер
Құйрығы-қорытынды.
1-топ: Ұлттық ойындар түрлері,пайдасы.
2-топ: Қазақстың салт-дәстүрлері туралы
3-топ: Ұлттық тағамдар түрлері,пайдасы.
10.Жұптық жұмыс.
Шығармашылық тапсырма:
Өлеңнің жалғасын табу
Наурыз менің елімнің ------------ берекесі,
Жаңа жылы қазақтың ----------- мерекесі.
Шаңырағы биіктеп күнге ---------- жақын,
Ұлаңғайыр керілсін ----------- керегесі.
Бүгінгі сабақта не туралы айттық?
Есіңде не қалды?
Сен үшін қызықты тапсырма қандай болды?
|
Слайд№3
Видеоподкаст
«Әз-Наурыз»
«Наурызкөже»
Кластер
«Наурызкөже»
Сергіту
«Ұлттық би»
видеоподкаст
Постер
Топтық бағалау
Бағдаршам,
Смайлик,
Бармақ әдістері
Жұптық жұмыс
Өлеңнің жалғасын табу
|