Сабақ тақырыбы: Ғарышқа түрен салған қЫРан қазақ!



Дата02.07.2018
өлшемі26,97 Kb.
#45583
түріСабақ
Сынып: 9 «А»

Күні: 12.04.17.

Сабақ тақырыбы: ҒАРЫШҚА ТҮРЕН САЛҒАН ҚЫРАН - ҚАЗАҚ!

Сабақ мақсаты: оқушыларға ғарышкерлер мейрамы туралы түсінік беру, Отанымызға деген сүйіспеншіліктерін арттыру, қазақтың тұңғыш ғарышкерлері Тоқтар мен Талғаттың ерекшеліктерін ардақтап, құрметтей білуге тәрбиелеу; балалардың ой-өрісін, тіл байлығын, сөздік қорын дамыту, оқушыларға патриоттық тәрбие беру.

Барысы.

Мұғалім: Құрметті оқушылар! Ғарышкерлер мерекесіне арналған "Ғарышқа түрен салған қыран - қазақ!" атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер!

Бүгін Дүниежүзілік авиация және ғарышкерлер күні. Осыдан тура 55 жыл бұрын алғаш жер серігі де, бірінші адам да әлем бойынша қазақ жерінен, Байқоңырдан ғарышқа аттанған болатын. Байқоңыр ғарыш айлағынан алғаш рет әлем бойынша ғарышқа жол салған Юрий Гагарин болды. Араға 30 жыл салып, қазақтың атын шығарып ғарышкер Тоқтар Әубәкіров те көкке самғады. Осылайша Қазақстан ғарыш кіндігіне айналды.
I кезең: "Ғарышқа түрен салған қыран -қазақ!"

Мұғалім: Алпыс бірдің сәуірі адамзат баласын шырт ұйқысынан оятқан кеш болды. Оның алдында ғана әлі зерттелмей келген ғарыш кеңістігіне жердің жасанды серігі ұшырылған болатын. Енді, міне, аспанға адам ұшты. Тұңғыш ғарышкер Юрий Гагариннің есімі бір сәтте жер бетіндегі адамдардың аузында жатталып қалды. Сол кезден бастап жер бетінде ғарышкер болғысы келетін балдырғандар қатары күрт көбейе түскен еді.

Аспанға ғарышкер ұшқан сайын "Ғарышкерлер қалашығы", "Жұлдызды қалашық" деген сөздер жиі естілетін, жанның бәрі шын жүректен құмартатын. "Байқоңыр" дегеннің қайда екенін Кеңес Одағының азаматтары жөнді біле де бермейтін, бәрі де жабық есік жағдайында, аса құпия түрде болды. Жасырын нысанның үстінен керек десеңіз құс та ұшыра алмайтынды.

Расында да "Миллиондаған жанның асқақ арманына айналған Байқоңыр қандай мекен өзі?" деген орынды сұрақ туындайды. Ал, шын мәнісінде, Байқоңырға барсаңыз, Төретамда болсаңыз, әсіресе жаз айында төбеңіз көкке екі елі тимей тұрғандай әсерге бөленетініңіз анық. Бұл туралы Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың былай дегені бар: "Қазіргі ғарыш айлағы орналасқан жерді сонау VII ғасырда түркінің даңқты философы, ақын әрі сазгер Қорқыт ата "жердің кіндігі" деп атаған. Сол сияқты ерте замандарда талай-талай керуен жолдары өткен киелі өңір. Сондықтан ғарышқа тұңғыш адамның дәл осы жерден ұшуы тегіннен-тегін емес!"

Расында да кезінде Циолковскийдің сұқ саусағы дәл осы жерге бекер шұқшиған жоқ. Әйтпесе Ресей Федерациясының ұланғайыр кең даласында осындай жер табылмады дейсің бе? Былайғы жұртқа ішкі сырын аша бермейтін Владимир Путиннің өзі де 2006 жылы Байкоңыр ғарыш айлағында болғанда "Әлемдік тарихтың ең бір ұлы кездері - жасанды жер серігінің, тұңғыш ғарышкер Юрий Гагариннің ғарышқа ұшуы, ашық ғарыш кеңістігіне шығу тәрізді қайталанбас оқиғалар осы жерден бастау алды" деп тебіреніп кеткен кезі бар.

Қазіргі уақытта жер жүзінде отызға тарта ғарыш айлағы бар. Байқоңыр соның бірі және бірегейі! Соңғы он бес жылда Қазақстан мен Ресей арасында ғарыш айлағы қызметінің барлық саласын реттейтін әрі дамытатын отыздан астам келісімшартқа қол қойылды. 2005 жылы Қазақстан Президенті Назарбаев пен Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин Астанада "Байқоңыр" кешенін тиімді пайдалану жөніндегі ынтымақтастықты дамыту туралы келісімге және "Байқоңыр" кешенінің қызмет етуін қамтамасыз ету мәселелеріне байланысты ықпалдастықты одан әрі дамыту туралы меморандумдарға қол қойды. "Байқоңыр" кешенін Ресейге жалға беру 2050 жылға дейін ұзартылды. Бірақ қазақстандықтар бұдан былай қарапайым жал-ға берушінің рөлін ойнағысы келмеді. Ол жөнінде сол жылы Қазақстанның Сыртқы істер министрі болып Қасым-Жомарт Тоқаев та мәлімдеген еді.

Қазіргі кезде жер спутниктерін басқаруға Қазақстанның ғарыш саласындағы өз азаматтары тартылып отыр. Ғарыштық байланыс және навигация, баллистика, бағдарламалау және телеметрия саласы бойынша ең үздік деген мыңға жуық білікті маманның ішінен сен тұр, мен айтайын дерлік 35 адам іріктеліп алынды. Олар Ресейде оқып-үйрену курсынан өтуде. Қазірдің өзінде отандық операторлар соңынан от бүркіген зымырандарды басқару ісіне машықтанып үлгерді. Жер серіктерін ұшырып, оның жұмысын басқаруға казақтың маңдайы жарқыраған жігіттері сақадай сай отыр. Бұған қалайша қуанбайсың, қалайша марқаймайсың! Қазақстанның тұңғыш ғарышкерлері Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаевтың қатары толығатын күн де қашық емес.

Қазірде Ресейдің ғарышкерлер даярлайтын орталықтарында Айдын Айымбетов пен Мұхтар Аймаханов деген екі қазақ азаматы дайындықтан өту үстінде. «Бұйырса, сол екеуінің бірі аспанға ұшып қалуы мүмкін»- деп 4 жыл бұрын айтылған еді. Иә, Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы ғарышкерлерінің ұшуы 2013 жылдың күзіне жоспарланған. Қазақстандық М. Аймаханов пен А. Айымбетов оқуды 2003 жылдың маусымында Ю.Гагарин атындағы ғарышкерлер дайындау орталығында бастады. 2005 жылдың шілдесінде екеуі де "ғарышкер-сынақшы" мамандығын алып, қазір ғарышқа ұшқан қазақ ұлдарының қатарын көбейтуге толықтай әзір.

Осыған қарап қазақтың аз уақытта ғарыштық кеңістікке ғаламат құштарлықпен қадам жасауға ұмтылуда ұлтымызды жаңа сапалық белеске көтере түскенін еріксіз мойындайсыз. Бүгінгі таңда өркендеп өсудің жаңа бағыттарын ойластырған елдердің біразы ғарышқа көз тігіп отырғаны бар. Бұл ретте біздің де ғарыштық ғылыми зерттеулерді жетілдіруге бет бұруымыз дұрысақ. Мұның өзі мемлекетіміздің қандай да болмасын күрделі міндеттерді шеше алуға қарымы да, қуаты да жетуге айналғанын айқын көрсетпек.

Өкінішке қарай, еліміздің «Каz-Sat» атты тұңғыш жер серігінің ұшырылуы аса сәтті бола қойған жоқ. Алайда "Жаңаның бәрі найзаның ұшында" дегендей, бұл аталмыш саладағы ғалым мамандарының алдағы зерттеулеріне сабақ болады әрі жігерлерінің туын еш жықпайды деп үміттенеміз.

Мемлекет басшысы алға қойып отырған бәсекелестікке қабілетті елу елдің қатарына қосылу үшін ғылымымыз қарышты дамуы керек. Ғарыш біле білсек ең күрделі ғылымдардың бірі болып табылады. Бұл бағытта Үкіметіміздің де атқарып отырған жұмыстарын ескергеніміз жөн. Сол азаматтардың көмегімен шетелдерде оқып білім алып жатқан болашақ кадрларымыздың бар екендігін ескерсек, бізде алдыңғы күнге деген үмітіміз молая түсетіні рас.
II кезең: "Біз - ниеті ғарыштағы елміз"

1991 жылдың 2-қазаны әлі есімізде. Ел болып толқыған күн еді. Қазір қазақ ұлы ғарышқа ұшады. Тоқтар Әубәкіров! 5-сыныптағы 6 ұлдың 5-еуі осыдан кейін ғарышкер болуға бел байлаған. Байқоңырдан көк жүзіне сіңіп кеткен "Союз ТМ-13" кемесінің ізіне сағынышпен қара-а-а-а-ап қалған едік.

Құлағымыз ғарыш жаққа тігулі жүрді. Теледидардан жарқ ете қалған Тоқтар ағамыздың жүзіне қызыға қараймыз. Экранды сипап тілеуін тілейміз. Тоқтар ағамыздың ғарышта да көңілі көтеріңкі. Өзі талай құлағында ойнаған ұшақтың кішкентай макетін ауасыз кеңістікке жібере салып, соңынан күле қарайды. Енді бір сәтте борттағы басқа ғарышкерлермен әлденеге мәз болып, алақандарын шарт еткізе қағады. Әй, ырза болғанымыз-ай! Шынын айтқанда, сол күндері ғарышта Тоқтар ағамызбен бірге барлық қазақ жүрген еді. 8 күннен кейін қазақ ұлы ғарыштан аман-есен оралды! Кешкі жаңалықтардан көріп отырмыз; әуелі аспаннан формасы белгісіз бір зат көрінді де, жерге жақындағанда парашюті кенет жазылып қалықтай жөнелді! Ендігі бір кадр ғарышкерлерді көрсетті. Тоқтар ағамыздың жүзінде қатты шаршау бар, бірақ көзі!.. Иә, көзінде бақыт оты адаулап тұр! Оң қолын әнтек көтереді. Қаумалап, кабинадан түсіріп алып жатқандарға әлде ерекше ырзашылықпен, әлде Жер-Анаға табаны қайта тиетініне көңілі сенбейтіндей қимастықпен қарайды. Аяғы өзіне бағынар емес, Екі жағынан көтеріп әкеліп, қазақтың сайын даласына қойылған кресло-орындыққа отырғыза шыққан жаққа мойын бұрып әдемі жымиды! Біз теледидар алдында тұрып қол соқтық! Апаларымыз көзіне жас алды.

Содан бері 25 жыл өте шығыпты. Біз содан кейін де ғарышқа бірнеше рет жол салдық. Адам баласының қиялы жетпейтін биіктен өзі сонша қорғансыз, бірақ адамзатқа сонша қорған Жер-Анаға қазақ көзімен қарадық. Қазақ көңілі түскен жанға "Биіктен көрін" дейді. 25 жылда ел ретінде ғарышқа самғай алдық па? Биіктен көріне алдық па? Міне, әңгіме осында. Ұлттың ұлт екенін, елдің ел екенін танытатын атаулы күндер болады. Соның бірі - осы 2-қазан. Ғарышқа топырлатып қыран ұшырып жатқан ел емеспіз. Сондықтан сенатор Ғани Қасымовтың көтерген бастамасын, яғни 2-қазанды «Қазакстанның ғарыш күні» деп атауға толық қосыламыз.



Ш кезең: "Арманы айға ұшырған азамат"

Біз қазақтан тұңғыш шыққан ғарышкер туралы не білеміз?

27-шілде 1946 жылы Қарағанды облысының Қарқаралы ауданындағы Май ауылында дүниеге келген Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіровты ұшқыш болады деп ешкім ойламаған еді. Жасқа толмай жатып әкесі өмірден озды. Ол он жасында-ақ винтовка жасап, бесінші сыныпта сүңгір қайық жасауға әрекеттенеді. Қалайда әкесінің атына жаман сөз ергізуді қаламаған бала Тоқтар өзіне талапты қатаң қоятын. Авиация туралы оқулықтарды көп оқып, қолдан ұшатын модельдер жасаған еді.

Тоқтардың ұшқыш-сынақшы мектебінен дәріс алуына Дінмұхамед Қонаев атамыз өз үлесін қосты. Сөйтіп, авиация өнеркәсібі министрлігіне ауысты. Бірақ Тоқтар оны да місе тұтпады. 1988 жылы Кеңес Одағында тұңғыш рет әуеде жүріп ұшаққа екі рет май құйдыру арқылы Солтүстік полюске ұшу сапарын ерлікпен аяқтады. Кеңес Одағының Батыры атанды.

Кеме жер төңірегіндегі "Мир" кешенімен түйісті. Онда бірге ұшқан ғарышкерлермен биотехнология, металлургия, медицина салалары бойынша және Арал аймағына ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілді. Зерттеу нәтижесінде Арал үстіндегі тұзды шаң борамасының пайда болуы, оның зияндыларының ғарыштық суреттері алынды, атмосфераны және жер бетін зерттеу жүргізілді, жұлдызды аспанға бақылау жасалды. Осы зерттеулер арқылы ғалымдар, мамандар түрлі болжамдар жасады.

Тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіровтың ізбасарлары Мұхтар Аймаханов пен Айдын Айымбетов бүгінде Мәскеудегі Жұлдызды қалашықта дайындық үстінде. Алғашқы ғарышкерлердің де, болашақ ғарышкерлердің де бала күнгі арманы өмірлік мақсатына айналса деген тілек білдіреміз.


IV кезең: "Ғарышты игерудің пайдасы бар ма?"

Қазір адамзат өмірін ғарышсыз елестете алмайды. 1961 жылдың 12-сәуірінде Ю. Гагарин алғаш ұшқанда ешкім де дәл бүгінгідей бәрі мобильді, бәрін де ғарыштан бақылауға болатын заманға жететінін ойламаған болар. Ғарыш өмірдің барлық саласына жаңалық әкелді. Мәселен, ауыл шаруашылығын дамыту керек дейік. Ол үшін ауа райының құбылысы, мал жайылымы, ауыз судың жеткіліктілігі бақылануға тиіс. Ал оны бақылау тек ғарыш арқылы жүзеге асады. Бұл пікірді мәжіліс депутаты Мұрат Әбеновтың сөзімен түйіндесек: "Чехияда іссапарда болдым. Олардың бос жатқан жерін көріп, неге игермейтінін сұрадым. Сонда олар "Біздер, Еуропа елдері, белгілі бір дақыл түрлерін ғана отырғызамыз деген келісімшартқа отырдық. Бұл жер - игерілмеуге тиіс жер, сол үшін де ақы төлейді" деді. Қызық көріп: "Сіздерді қайдан біледі? Берген ақшаны алып, қосымша неге пайда таппасқа?" деп сұрағанымда: "Бәрі ғарыштан бақыланады" деді. Демек, дамыған елдер бір-бірімен бәсекелес болмас үшін шектеу қойған. Егер еккен өнім өтпей қалса, ысырап болады. "Міне, ғарыштың пайдасы" дейді М.Әбенов. Жалпы Жердің жасанды серіктері елдің географиялық жағдайын, геофизикалық өзгерісін, атмосферасын зерттейді. Жер шарына қаупі бар апаттардың алдын алады.


V кезең: "Жадыңда жүрсін"

  • 4-қазан, 1957 жыл. Әлемде алғаш рет Жердің жасанды серігі ұшырылды.

  • 3-қараша, 1957 жылы тұңғыш рет Лайка атты ит ғарышқа сапар шекті.

  • 2-қаңтар, 1959 жыл. Екінші ғарыштық жылдамдықпен "Луна-1" атты жер серігі ұшырылды.

  • 12-сәуір, 1961 жыл. Адамзаттың бірінші рет ғарышқа ұшуы. "Восток" орбиталық ғарыш кемесінде Юрий Гагарин ұшты.

  • 16-шілде, 1963 жыл. Әйел адамның бірінші рет ашық ғарыш кеңістігіне сапары. Тұңғыш әйел ғарышкер - В.В.Терешкова.

  • 18-наурыз, 1965 жыл. А.А. Леонов бірінші рет ашық ғарыш кеңістігіне шықты.

  • 1969 жыл. Ай бетіне алғаш адамдар қонды. Олар - Н. Армстонг, Э, Олдрин, М. Комид.

  • 1988 жыл. Бірнеше рет пайдалануға арналған ғарыш аппараты "Боранның" ұшырылуы.

Отандық жер серігі туралы не айтамыз? Жақында Ұлттық Ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаев баспасөз қызметкерлерімен өткізген жиында не деген екен?

Жер серігі байланыс жүйесі өте тиімді. Алдағы жылы 100 миллион, одан кейінгі 200 миллиондай АҚШ доллары игерілмекші. Мұндай қомақты қаржының бөлінуі қазақстандық Ұлттық Ғарыш агенттігін әлемдегі ғарыш кеңістігін игеруші ондықтың қатарына қосады.
Каталог: uploads -> doc -> 12e0
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
12e0 -> Сабақ тақырыбы: Балықтарға жалпы сипаттама. Шеміршекті және сүйекті балықтар класы. Үй тапсырмасын тексеру
12e0 -> Сабақтың тақырыбы : Мектеп кітапханасы Сабақтың мақсаты : Білімділік: Оқушының білімдік танымдарын өмірмен
12e0 -> Сабақ жоспары Сабақ-4 Күні Сыныбы: 10 сынып Сабақтың тақырыбы
12e0 -> Сабақтың тақырыбы Рационал сандарға амалдар қолдану Сілтеме Слайд


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет