Шылау сөздер білдіретін мәніне қарай үшке бөлінеді: 1) септеулік шылау; 2) жалғаулық шылау; 3) демеулік шылау.
Жалғаулық шылаулар сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстырады. Жалғаулықтар бірыңғай мүшелердің немесе салалас құрмаластың сыңарларын төмендегі мағыналық қатынаста байланыстырады:
1. Ыңғайластық қатынасты білдіретін жалғаулықтар: мен, бен, пен, менен, бенен, пенен, да, де, та, те, және, әрі.
2. Қарсылықтық қатынасты білдіретін жалғаулықтар: бірақ, алайда, дегенмен, әйткенмен, сонда да, әйтпесе.
3. Талғаулықты немесе кезектестік мәнді білдіретін жалғаулықтар: әлде, біресе, кейде, яки, бірде, я, не, немесе, болмаса, не болмаса, я болмаса.
4. Себеп-салдарлық қатынасты білдіретін жалғаулықтар: себебі, өйткені, сондықтан, сол себепті.
Кері байланыс
1.Жанр түрін анықтауда, дәлелмен сөйлеуде қандай қиындықтар болды?
2.Топтық тапсырманың сіздің білім алуыңызға қандай әсері болды? Жағымды немесе жағымсыз.Неліктен?
Үйге тапсырма: Ғылыми жаңалықтар (ашулар) мен технологиялар туралы ток шоуға дайындалып келу. Ол үшін осы тақырыпта ізденіп, ақпараттар дайындап келу.
|
https://www.youtube.com/watch?v=f1n7CxdDlB4
|
Қосымша мәлімет
|
Рефлексия
Сабақ / оқыту мақсаты қолжетімді болды ма? Оқушылар нені білді? Сыныпта қандай ахуал қалыптасты? Уақыт бойынша үлгердім бе? Сабақ жоспарынан ауытқушылық болды ма? Болса неге?
|
Бұл бөлімді сабақ бойынша
ойларыңызды білдіру үшін пайдаланыңыз.
Сол бағанада берілген сұрақтарға жауап беру
арқылы өзіңіздің сабағыңыз жайлы пікіріңізді білдіріңіз
|
Оқу мақсаты қолжетімді болды.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |