Келесі тапсырма: Сіздер тыңдаған түрлі жанрдағы бейне фильмдер мен материалдардағы ғылымның Сыр өңіріндегі дамуы туралы автор көзқарасы мен көтерілген мәселені тауып, соны талдау керек.
Ол үшін:
Т а) таңдаған жанрдағы бейне фильм мазмұны бойынша негізгі тірек сөздерді тауып жазады.
ЖЖ ә) топтағы әрбір оқушы бір тірек сөз бойынша автор көзқарасына негізделген пікірлер мен деректер, дәлелдер әзірлейді.
Т б) Жазған ұсыныс-пікірін топ алдында талқылайды.
С. в) Топта талданған материалдарды біріктіріп, ықшамдап, аудитория алдында қорғайды.
Тапсырманы орындар барысында айтар ойларын сөйлем түрінде дәптерлеріне алдын ала жазып алулары керек.
Бағалау кезінде оқу мақсаты мен оқушы әрекеттеріне қарай жетістік критерийлерін оқушылармен бірлесе отырып құрып алуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |