Сабақ тақырыбы Ғылымның рөлі Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты



бет106/110
Дата21.05.2024
өлшемі10,07 Mb.
#202679
түріСабақ
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   110
Байланысты:
5-сынып жаратылыстану қмж-1

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет



Ресурстар

Сабақтың басы
5 минут

Әлемді өзгерткен жаңалықтарға жатады ….
… ашылуы адамзатқа … берді.
Алғашқы әлемді қалай суреттер едіңіздер?
Қандай ашылулар әлемді өзгертуге ықпалы болды?


Сабақтың ортасы
10 минут
7 мин
5 мин
10 мин
5 мин


Оқушыларды суреттердің көмегімен 3 топқа біріктіруге болады, мысалы, техника, табиғат және жасуша бөліктері.
(С) ДНҚ туралы мультфильмді көрсетіңіз, оқушылар мультфильмді мұқият көруі және ДНҚ ашылуының маңызы туралы қорытынды жасаулары үшін оның мазмұны бойынша алдын-ала дайындалған сұрақтарды ұсыныңыз.
Мультфильмді көріп болған соң топта талқылау үшін сұрақтар беріледі және өз ойларын ортаға салады.
(М) Балаларға Нобель сыйлығы туралы әңгімелеп беріңіз, себебі бұл аса көрнекті ғылыми зерттеулер, төңкерістік ашылымдар немесе мәдениет пен қоғамның дамуына қомақты үлес қосқаны үшін жыл сайын берілетін беделді халықаралық жүлде.
(М) Телефон дайындау кезіндегі қауіпсіздік ережелерін оқушылармен бірге анықтау


(Э, Т) «Телефон» атты физика бойынша өнертапқыштық тәжірибесі. Ұсынылған ресурстарды қолданып, оқушыларды телефонды құрастыруларын өтініңіз. Оқушылар телефонды дайындап болған соң оны тексеріп көрулері қажет. 
Топтық жұмыс кезіндегі критерий

  • Топ мүшелері толықтай іс-әрекетке қатысу

  • Қауіпсіздіктің сақталуы

  • Топта бірін-бірі сыйлау, құрметтеу

  • Берілген уақытты сақтау

(Т) Оқушыларға сөздер мен сөз тіркестерін таратып беріп, солардың арасынан әлемді өзгерткен ашылымдар мен жаңалықтарды таңдауларын сұраңыз. Оларды келесі бағыттар бойынша бөлулері керек: «Жер және ғарыш», «Заттар мен материалдар», «Энергия және қозғалыс», «Адам және табиғат». Мысалы, электр тоғы мен телеарна, болат, силикон, вакцина, жеке компьютер, пенициллин, динамит, ұялы телефон, ғаламтор, пластмасса, тефлон, фотография, резеңке, заманауи көлік, ғарыш кемелерін ұшыру, наркоз, компас, мұнай, протез, трансплантант, батарейка, телескоп, ДНҚ және т.б. жаңалықтар.
Әрбір топ өздерінің жіктеуін көрсетеді және өздерінің таңдауларына негіздеме берулері керек. Оқушыларды олардың өздері білетін немесе бұл тізімге жатқызуға болатын ғылыми жаңалықтар мен өнертабыстарды атап, тізімді толықтыруларын ұсыныңыз.

Топқа бөлу үшін суреттер
ДНҚ туралы мультфильм:
https://www.youtube.com/watch?v=sWwpAn4pN80
Нобель сыйлығы туралы мәліметтер:
http://nobeliat.ru/
http://n-t.ru/nl/hm/
http://www.nobelprize.org/
Әлемді өзгерткен жаңалықтар: https://www.youtube.com/watch?v=6yM0egDhqXA
пластикалық стақандардан жасалған тефлон:
http://allforchildren.ru/sci/sci015.php
Ресурстар:
қағаз, желім, тескіш, ермексаз,
2 пластикалық стақан, 5-6 м жіп, қайшылар, жабысқақ таспа,

Сабақтың соңы
3 мин

(Ж) Оқушы өз сабақ барысындағы іс әрекетіне төмендегі сөйлемдерді аяқтау арқылы рефлексия жасайды.
Мен жасай аламын…
Мен есте сақтадым…
Мен қиналдым…
Менде іске аспады…
Мен мұқият болдым…
Мен белсенді жұмыс жасадым...
Мен қызықты ой жеткізе алдым…
Мен топта жолдастарыма көмек бере алдым…

Рефлексия парағы



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   110




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет