Сабақ тақырыбы Ғылымның рөлі Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты



бет105/110
Дата21.05.2024
өлшемі10,07 Mb.
#202679
түріСабақ
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   110
Байланысты:
5-сынып жаратылыстану қмж-1

Сабақ жоспары№53*54



Бөлімі:
5.4D Әлемді өзгерткен жаңалықтар

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 5

Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Әлемді өзгертетін жаңалықтар

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

5.7.1.1 әлемді өзгерткен ғылыми жаңалықтарға мысалдар келтіру
5.7.2.1 болашақ ғылыми зерттеулер үшін зерттеу идеяларын ұсыну

Сабақ мақсаттары

  • Ғылыми жаңалықтар мен өнертабыстардың не екенін

  • Жаңалықтардың әлемді қалай өзгертетінін біліп, түсінетін болады.

Бағалау критерийлері

Оқушылар ғылыми жаңалықтар мен өнертабыстардың не екенін және әлемді өзгерткен жаңалықтарды біледі.
Жаңа технологиялардың не екенін түсінеді.
Ғылыми жаңалықтарға ауызша мысал келтіре алады және олардың маңызын түсіндіре алады
Жаңа ғылыми ашылулар әлемді қалай өзгерткеніне талдау жасайды.
Болашақтағы ғылыми жаңалықтарға өз ойын қоса алады.

Тілдік мақсаттар



Пәнге тән терминология: Жаңалық, ғалым, ғылым, прогресс, техника, технология, зерттеулер
Диалог үшін пайдалы баянды сөйлемдер:
Әлемді өзгерткен жаңалықтарға жатады ….
… ашылуы адамзатқа … берді.
…, …., ….,… мына аймаққа жатады …
Егер …… болса, онда ….. жасауға мүмкіндік бар.
Кейбір жаңалықтар …… ашылады.

Құндылықтарды дарыту



Оқушылар бір – бірінің ойын тыңдайды, өзара сыйластықты қалыптастырады. Жұпта, топта, топпен жұмыс істей білу. Оқушылар белсене қозғала отырып, сымбаттылықтарын сақтауға жаттығу жасайды. Бір-бірінің іс-қимылдарын түсіне білу.

Пәнаралық байланыстар

Физика пәнімен телефон жасауда электр тоғын пайдалану керектігін, биология пәнімен ДНҚ туралы мәлімет алуда байланыстыра алады.

АКТ қолдану дағдылары

Осы сабақта оқушылар интерактивті тақта көмегімен тақырыпқа сай әртүрлі сайттар арқылы жаңа ақпаратты тез ұғып, түсіну дағдыларын дамыта алады.

Бастапқы білім



Оқушылар қоршаған ортаның құбылыстарын, үдерістерін және нысандарын оқыту қажеттігін түсіндіреді (3 сынып).
Қоршаған ортаның құбылыстарын, үдерістерін және нысандарын оқытуға қажетті жағдайлар мен тұлғалық қабілеттерді анықтай алады (2 сынып).
3 сынып «Жаратылыстану» пәнінің бағдарламасынан оқушылар аса маңызды ғылыми жаңалықтар және олардың адамның күнделікті өміріне әсері туралы біледі. Өзіндік таңдаулар мен ой-толғаулардың негізінде зерттеулердің өзекті бағыттарын анықтай алады (4 сынып).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   110




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет