Математика. 6 сынып
Сабақ тақырыбы: “Функция туралы ұғым. Функцияның формуламен берілуі». Есептер шығару.
Сабақ мақсаты:
Функция анықтамасын қайталау. Тәуелсіз айнымалы және тәуелді айнымалы ұғымдарын қайталау. Аргументтің мәніне сәйкес функцияның мәнін табуды, функцияның мәні берілсе, аргументтің мәнін табуды қарастыру. Функцияның анықталу аймағы, функцияның мәндерінің аймағы анықтамаларын қайтала отырып, есептер шығаруға үйрету.
Логикалық ойлау қабілеттерін және математикалық тілде сөйлей білу дағдыларын жетілдіру, дамыту.
Ізгілікке, мейірімділікке, үлкендерді құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақ типі: Бекіту сабағы
Сабақтың әдіс-тәсілі: Сұрақ – жауап, есептер шығару.
Сабақ жоспары:
І. Ұйымдастыру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ. Өткенді қайталау
ІV. Есептер шығару.
V. Қорытынды.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру.
Оқушыларды түгендеу.
Сабаққа әзірліктерін тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. №1165, 1166, 1167, 1170
ІІІ. Өткенді қайталау. Математикалық диктант. «Сөйлемді аяқта»
Математикалық диктант. «Сөйлемді аяқта»
Оқушының аты-жөні:
1 Әр түрлі екі шаманың арасындағы тәуелділік координаталық жазықтықта .......................... кескінделеді, оны .............................. деп атайды
2.Тәуелсіз айнымалының әрбір мәніне тәуелді айнымалының бір ғана мәні сәйкес келетін тәуелділікті .......................... деп атайды.
3. “Функция” сөзі латынның functio сөзінен шыққан, қазақша ........................, ........................ дегенді білдіреді.
4. “Функция” терминін 1694 ж математикаға тұңғыш енгізген неміс физигі, математигі ................................... болатын.
5.Тәуелсіз айнымалы .................................. деп аталады.
6.Тәуелді айнымалы ...................................деп аталады.
7.Функционалдық тәуелділіктің жазылуының жалпы түрі: ......................... оқылуы “икстен эф”.
8.Тәуелсіз айнымалының қабылдайтын мәндерінің жиыны функцияның ........................ аймағы деп аталады.
9. Тәуелді айнымалының қабылдайтын мәндерінің жиыны функцияның .......................... аймағы деп аталады.
|
1 Әр түрлі екі шаманың арасындағы тәуелділік координаталық жазықтықта сызықпен кескінделеді, оны график деп атайды
2.Тәуелсіз айнымалының әрбір мәніне тәуелді айнымалының бір ғана мәні сәйкес келетін тәуелділікті функционалдық тәуелділік немесе функция деп атайды.
3. “Функция” сөзі латынның functio сөзінен шыққан, қазақша орындау, атқару дегенді білдіреді.
4. “Функция” терминін 1694 ж математикаға тұңғыш енгізген неміс физигі, математигі Готфрид Вильгельм Лейбниц болатын.
5.Тәуелсіз айнымалы аргумент деп аталады.
6.Тәуелді айнымалы функция деп аталады.
7.Функционалдық тәуелділіктің жазылуының жалпы түрі: y=f(x), оқылуы “икстен эф”.
8.Тәуелсіз айнымалының қабылдайтын мәндерінің жиыны функцияның анықталу аймағы деп аталады.
9. Тәуелді айнымалының қабылдайтын мәндерінің жиыны функцияның мәндерінің аймағы деп аталады.
ІV. Есептер шығару.
Карточкамен жұмыс.
-
«А» деңгей»
1)х-тің қандай мәнінде функцияның мәні нөлге тең: у=14-5х (х=2,8)
2)х-тің қандай мәнінде функцияның мәні оң болады: у=-2х+4 (-∞; 2)
3)х-тің қандай мәнінде функцияның мәні теріс болады: у=3х-9 (-∞; 3)
«В» деңгей»
Функцияның анықталу облысын табыңдар:
1) у= 5/(2х-6) х≠3 (-∞; 3)ᴗ (3; +∞)
2) у= (х+8)/3 (-∞; +∞)
3) у=1,5х-3 (-∞; +∞)
«С» деңгей»
f(x)= 3/(2+х) және g(x)= (х+1)/2 функциялары берілген.
f(1)+ g(3) табыңдар.
Жауабы: f(1)+ g(3)=3
|
Оқулықпен жұмыс
V. Қорытынды.
1)Үйге тапсырма.
2)Оқушылар бағалау парағында өз білімдерін бағалайды
Оқушының аты-жөні
|
Үй тапсырмасы
|
Математикалық диктант
|
Есептер шығару
|
Карточкамен жұмыс
|
Оқулықпен
Жұмыс
|
|
|
|
|
Орташа бағасы:
|
3) Кері байланыс. Оқушылардан интервью алу парағын таратып, сабақ туралы пікір жазуды тапсырылады.
Тәсіл «Мен қандай құспын?»
Сіздің сабақтағы әрекетіңізді бағалауды ұсынамын.
Критерилер
|
3 балл
|
2 балл
|
1 балл
|
Белсенділігі
|
жоғары
|
орта
|
төмен
|
Сабақ материалы
|
Жақсы меңгердім
|
Жартылай меңгердім
|
Нашар меңгердім
|
Тапсырманы орындау
|
Өзім істей аламын
|
Біреу көмектесіп отырса жасаймын
|
қиналамын
|
Сіз әр критерий бойынша балл қойып, сосын қосуыңыз керек.
- Ал енді сіз қандай құс екенсіз?
3 – 5 балл –сіз торғайсыз,білімді бір дәннен жинайсыз
6 – 7 балл – сіз бұлбұлсыз,өз біліміңізді басқаларға бересіз
8 – 9 балл – сіз бүркітсіз,сіз үшін білімнің барлық құпиясы ашылды.
Достарыңызбен бөлісу: |