Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
Дизайн және технология
|
Мектеп: №55
|
Күні: 01-08.02.2019
|
Мұғалімнің аты-жөні: Сұлтанбекова Р
|
Сынып: 8
|
Қатысқандар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақ тақырыбы
|
Халықтық пішім негізінде киім үлгісінде бұйым дайындау.
|
|
Осы сабақта
қол жеткізілетін
оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
|
8.2.3.2 Әртүрлі конструкциялар мен материалдарды (тоқыма, табиғи және жасанды) қолдана отырып, өз бетінше құрастырған технологиялық құжат арқылы күрделендірілген бұйымдар дайындау
8.2.3.1 Қол мен тігін құрал-жабдықтарын және олардың құрылғыларын қолдана отырып,тоқыма материалдарын өңдеу мен сәндеудің тиімді әдістерін анықтау және қолдану.
|
Сабақ мақсаттары
|
Оқушылар:
иықты бұйымды модельдеу ережелерімен танысады;
таңдаған материалдарын, тәжірибелік жұмыста қажетті құрал-жабдықтарды қолданады;
модельді модельдеуді орындайды.
|
Жетістік критерийлері
|
- модельдеу ережелерінің ерекшеліктерін түсінеді;
- тәжірибелік жұмысты орындау кезінде алған білімдерін қолданады;
- қажетті материалдар мен құрал-жабдықтарды қолдану кезінде қауіпсіздік ережесін сақтайды.
|
Тілдік мақсаттар
|
Оқушылар сабақ тақырыбы бойынша арнайы терминологияны қолдануларына болады.
Оқушылар алған ақпараттарын талдап, қажеттілігіне қарай қорытынды жасайды.
Пәнге тән лексика және терминология:
Дизайндық нұсқау: идея қалыптастыру, стиль, халықтық пішім,
пішім …
Өнеркәсіптік жұмыстың кәсіби маманы.
Диалог және жазу үшін қажетті сөз тіркестері:
Біз мұндай материалдар қолданылған киім бұйымдары, өзекті болады деп болжаймыз, өйткені ...
Біздің идеямыз жаңартпашыл болып табылады, өткені біз жаңа матаны дәстүрлі матамен үйлестіреміз.
Мұндай материал түрін қолдану, бізге ... түсінуге көмектеседі. Модельді модельдеу бізге ... мүмкіндік береді.
|
Құндылықтарды дарыту
|
оқушылар арасындағы өзара құрмет, ынтымақтастыққа;
өз отанына сүйіспеншілікке тәрбиелеу;
азаматтық жауапкершілікке және патриоттық сезімге баулу;
топта жұмыс жасау арқылы адалдыққа тәрбиелеу.
|
Пәнаралық байланыстар
|
Қазақ тілі – сабақ тақырыбы бойынша қажетті сөздер мен сөйлемдер.
|
Бастапқы білім
|
Бұл үшінші тоқсанның бесінші сабағы, оқушылар ұлттық киімнің әртүрлі түрлері және стильдерімен таныс.
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақта жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басталуы
2-3 минут
1-2 минут
|
1. Ұйымдастыру кезеңі:
мұғалім оқушыларды белсенді оқу іс-әрекетіне және жаңа білім алуға бағыттайды;
«Сұрақ қой» тәсілі арқылы оқу барысына ынталандыру үшін, белсенді оқу іс-әрекетіне бағыттайды (жұппен жұмыс, оқушылар күтпеген жағдайда, музыкалық композиция сүйемелдеуімен жұп құрады). Оқушыларға сары, қызыл, көк және жасыл түсті әртүрлі қамзолдар бейнеленген карточкаларды таңдау ұсынылады. Оқушылар суреттерді қарастырады және әртүрлі конструкция мен сәндеу түрлерін ескере отырып, жұппен осы суреттер бойынша сұрақтар құрастырады. Белгіленген уақытта жұптар сұрақтарды жазады және бір бірінің сұрақтарына жауап береді. Мұғалім жұмыс барысын қадағалап, жұмысқа көмек қажет жұптарға көмектеседі.
Мақсатты тұжырымдау
Оқушылар карточкалардағы әріп немесе сөздерді қарастырып, олардан қандай терминология (модельдеу) құрастыруға болатынын ойланады және одан сабақтың тақырыбы мен мақсатын құрастырады. Мұғалім оларды сынып тақтасына бекітіп, қажеттілігіне қарай түзету енгізеді. Оқушылар оқу мақсатын, сабақтағы тәжірибелік жұмысты түсіндіреді.
|
Электронды презентация
1 слайд.
Сабақ тақырыбына сәйкес әртүрлі музыкалық композиция.
1 қосымша
Электронды презентация,
2 слайд
|
Сабақтың ортасы
1 минут.
1-2 минут
1-2 минут
3-5 минут
1-2 минут
15-20 минут
минут
|
Топтарға бірігу
Оқушылар өз карточкаларының түстері: сары, қызыл, көк және жасыл түс бойынша төрт топқа бірігеді.
Миға шабуыл
Оқушылар берілген сұрақтарға жауап береді:
- Сіздерге денебітімнің қандай түрлері таныс?
- Жобаланған тігін бұйымының конструкциясына денебітім түрі қалай әсер етеді?
- Тігін бұйымын тігу кезінде өлшем алу не үшін қажет? Әр топ бір сұрақ таңдап алады, оны талқылайды, сыныптастарына жауабын ұсынады.
Жаңа ақпарат
Модельдеу – киімнің жаңа моделін жасайтын шығармашылық жұмыс. Модельдеу – көркемдік және техникалық болып екіге бөлінеді.
Көркемдік (шығармашылық) модельдеумен суретші-сәнгерлер, Сән үйінің дизайнерлері, тігін фабрикаларының тәжірибелік зертханалары айналысады. Олар сән бағытын, модельдің қолданылуын, модельдің кімге арналғанын, қандай матадан тігілетінін, көркемдік сәндеу түрін, модельдің түстік шешімін, фурнитура, аксессуарларын ескере отырып, модель топтамаларын жасайды. Сәнгерлер шығармашылық дереккөздерді халықтық көркем шығармашылықтан, сәндік өнерден алады.
Техникалық модельдеу – базалық лекало арқылы эскиз, сурет, сән журналдарындағы фотосуреттер бойынша киімнің жаңа модельдерін жасау. Техникалық модельдеумен инженер-конструкторлар айналысады.
Дизайнер – барлық қажетті дағдыларға ие болғандықтан, басқа мамандардың қатысуынсыз бұйымды жобалауға және дайындауға қабілетті маман.
Киімді модельдеу – бұйымның жалпы құрылымын өзгерту және көптеген модельдеу тәсілдері бар. Қағаз қуыршақтар және оның әртүрлі киім түрлерін көрсету арқылы, оқушылар қамзолдың әртүрлі фасондары арқылы денебітімнің бойы мен көлемін өзгертуге, үлкейтуге немесе кішірейтуге, кемшілігін жасыруға, ерекшелігін көрсетуге болатынын байқайды.
Бұйымды жасауда модельді көркемдік сәндеу, фурнитура мен мата түсін таңдау маңызды рөл атқарады.
Тәжірибелік жұмыс
Тапсырма: оқушылар альбомға, аз ғана уақыт ішінде бірнеше эскиз салулары қажет.
Оқушылар тақтаға ілінген қағаз қуыршақтағы қағаздан жасалған әртүрлі қамзол түрлері арқылы қамзолдың етегі, бел сызығы, мойын ойындысының әртүрлілігін бір біріне көрсетеді. Қалауына және қажетті жабдықтар мен ресурстардың болуына қарай, бұл жағдайда интерактивті тақтаны қолдануға болады.
Бірлескен әңгіме
Оқушылар топтарда қамзолды модельдеу түрлерін талқылайды.
Тәжірибелік жұмыс. Топпен жұмыс.
1 кезең. Мұғалім киімдерді модельдеу жобалық бұйымды түрлендіретініне және барлығының пішім негізі бірдей болғанымен, оларды бір-біріне ұқсамайтындай етіп модельдеуге болатынына оқушылардың назарын аударады.
Модельді өзгерту үшін пішім негізіне қажетті өзгерістер мен толықтырулар енгізу керек. Мұғалім мойын ойындысы, бұйымның төменгі сызығын, жеңінің түрін қалай өзгертуге болатынын көрсету үшін, сынып тақтасында модель сызбасының суретін немесе электронды презентация қолдануына болады.
кезең.
Жеңі тұтаспішімді сызба пішімі негізінде иықты бұйымды (қамзол) модельдеуді орындайды.
1 топ:
Мойын ойындысын модельдеу.
2 топ:
Қолтық ойындысын немесе жеңді модельдеу.
3 топ:
Бұйымның төменгі қиығын модельдеу.
3 кезең.
Оқушылар жұмыстарын сыныптастарына көрсетеді.
Бағалау
Өзіндік бағалау: Оқушылар өз жұмыстарын ерекшелігін түсіндере отырып, бір-біріне көрсетеді.
|
Электронды презентация
3 слайд
Иықты бұйым құрылымы: https://www.youtube .com/watch?v=lgqSBDll9Y
Жеңі тұтаспішімді иықты бұйым негізінің сызба құрылымы https://www.youtube .com/watch?v=chp_ 2R_uxJo
Қағаз қуыршақтар,
2 қосымша,
Оқушылардың қағаздан және қолда бар материалдардан жасаған әртүрлі қамзол түрлерінің қағаз суреттері
Флипчартағы модель сызбасы
|
Сабақ соңы
1-2 мин.
|
Рефлексия
Оқушыларға осы сабақтағы іс-әрекетті сипаттайтын сөздерді (тақтаға жазылған сөздер: танымдық, тартымды, ақпараттық, жаңа, пайдалыжәне т.б.) белгілеу ұсынылады.
|
|
Саралау
|
Бағалау
|
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
|
Топта жұмысқа қабілеті жоғары оқушылар басшылық жасайды. Топ ішінде рөлді бөліп беру ұсынылады.
|
Өзін өзі бағалау, өзара бағалау, топта бағалау, мұғалімнің бағалауы.
|
Үзілісте сыныптың ауасын тазартып, желдетіп алу, сонымен қатар – әртүрлі көркемдік материалдармен және құралдармен жұмыс жасау кезінде қауіпсіздік ережесін сақтау.
|
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?
Жеткізбесе, неліктен?
Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?
Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?
|
Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
|
|
Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?
|
Достарыңызбен бөлісу: |