Бекітемін:
Күні 21.12.16 сыныбы 10
№29 сабақ
Тақырыбы:
|
Химия
№2 Бақылау жұмысы.
|
Білімділік мақсаты:
|
Оқушылар ж ф ЭД теория тұрғысынан алған білімдерін тексеру.
|
Сабақ типі:
|
Қорытындылау сабағы.
|
Сабақ өткізілу түрі:
|
Жазбаша бақылау жұмысы.
|
Құралдар мен реактивтер:
|
Бақылау материалдары.
|
1.Ұйымдастыру
кезеңі:
|
Амандасу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аудару. Сабақтың жалпы мақсатын ашу, оны өткізу жоспарын көрсету.
|
Бақылау жұмысын орындау кезеңі:
|
1.Жазбаша бақылау жұмысын орындау.
І нұсқа ІІ нұсқа
1) Реакция теңдеулерін аяқтап, толық және қысқартылған иондық теңдеулерін жазыңдар.
А) СаСІ2 + Н2СО3 = А) АgNО3 + НСІ =
Б) Ва(NО3)2 + Н2SО4 = Б) АІСІ3 + Zn(OH)2 =
2) Тұздардың гидролизін жазып ортасын анықтаңдар.
А) Na2CO3 А) CaSO4
Б) ZnCl2 Б) AuCl3
В) KCl В) Na2SiO3
Г) FePO4 Г)Cr(NO2)2
3) Кальций хлориді ерітіндісіне 15г мырыш 3) 200г темір (ІІІ) хлориді карбонаты қосылды. Қанша грамм тұнба гидролизденгенде қанша грамм
түзіледі және қанша грамм зат артық қалады? тұнба түсетінін есептеңдер.
|
VIII.Үй тапсырмасын беру кезеңі:
|
Білімділік міндеттері:
-оқушыларға үй тапсырмасының берілу мақсаты, мазмұны шығарылу жолы түсінікті болуын қамтамасыз ету.
1. Үй тапсырмасын орындауға берілетін нұсқаулар.
қайталау.
|
IX.Сабақ қорытындысын шығару кезеңі.
|
-
|
№19 сабақ
|
Химия
|
|
Сабақ тақырыбы:
|
Химиядық элементтердің иеродттық жүйесінің ІV-VII топ элементтеріне сипаттама.
|
Сілтеме:
|
9 (жаратылыстану- математикалық бағыт) оқулық. Н. Нұрахметов, К.Жексембина, Н. Заграничная.
|
Жалпы мақсаттар:
|
Химиялық элементтердің периодтық жүйесіндегі бейметалдардың орны мен қасиеттерін атом құрылысы тұрғысынан қарастыра отырып, оқушылардың білімдерін одан әрі дамыту. «Аллотропия» ұғымын және оның себептерін түсіндіру.
талдау, жүйелеу дағдыларын қалыптастыра отырып дамыту, есте сақтау қабілеттерін дамыту, сөздік қорын молайту.
Оқулықпен жұмыс істеу кезінде тақырыптағы басты мәселені анықтап, өз бетімен білім алуға үйрену
|
Күтілетін нәтижесі
|
Бейметалдар туралы білім қалыптасады. Бейметалдарды ажыратып, жіктей алады .Оқушылар диалог әдісі арқылы сыни тұрғыдан ойлана алады. Критерий арқылы оқушылар бір-бірін бағалайды.
|
Түйінді идеялар
|
Бейметалдардың периодтық жүйедегі орны. Диалог әдісі арқылы оқушылар сыни тұрғыдан ойлану. Тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар бір-бірін критерий арқылы бағалау. Кеңейтілген тапсырмалар арқылы талантты және дарынды оқушылар айқындау.
|
Сабақтың әдісі
|
Топтық, жеке, жұптық тапсырмалар, диалог әдісі.
|
Сабақтың көрнекілігі
|
Графит, күкірт, фосфор, бром, йод, алмаз бен графиттің кристалдық тор модельдері, электртерістік қатары, периодтық кесте.
|
Ұйымдастыру кезеңі
|
Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу.
Оқушыларды топқа бөлу элементер таңбасы арқылы.
Оқушыларға бағалау парақшалары таратылады.
|
Қызығушылықты ояту
|
Түрткі сұрақ : Бейметалдар туралы не білеміз ( топтастыру жұмысы)
Бейметалдар
|
Жаңа сабақ
|
Мағынаны тану. Мәтінмен жұмыс.
1 топ. Бейметалдардың периодтық жүйедегі орны.
2 топ. Бейметалдардың электртерістігі және тотықтырғыштық, тотықсыздандырғыштық қасиеттері
3 топ. Бейметалдар және олардың қосылыстары.
Оқушылар берілген мәтінді өз беттерінше оқып диалог әдісі бойынша талдайды. Постерге түсіріп басқа топтарға түсіндіреді. Байланысқандықтан оның қасиеттері де өзгеше
|
Ой толғаныс
|
R ↑ ИЭ, ЭТ↓ жоғ. төмен е – Ят. қүш.↓ БМЕ↓, МЕ↑
Белгілі 109 элементтің 22-сі бейметалдарға жатады. Бейметалдар топырақ массасының 84%- ін, өсімдік массасының 98,5%- ін және адам денесі массасының 97,5%- ін құрайды. Көміртек, сутек, азот, фосфор және күкірт органогенді элементтер болып табылады. Біз демалатын ауа бейметалдардан түзілетін жай заттардың қоспасы болып табалады.
Сутекпен және электртерістігі төмен бейметалдармен әрәкеттескенде барлық бейметалдар тотықтырғыш қасиеттер көрсетеді. Сонымен қатар барлық бейметалдар (фтордан басқа) тотықсыздандырғыш қасиеттер көрсете алады. Бір бейметалдың өзі тотықтырғыш та, тотықсыздандырғыш та қасиет көрсете алатын реакциялар да бар. Мұндай реакциялар өздігінен тотығу тотықсыздану реакциялары (диспропорцялану) деп аталады:
СІ2 + Н2О → HCІ + НСІ0
3CІ2 + 6К0Н = 5КСІ + КСІО3 + ЗН20
Бейметалдар оксидтері 2 топка бөлінеді: тұз түзетін және тұз түзбейтін. Тұз түзбейтін оксидтерге N2O, NO, CO жатады. Бейметалдардың тұз түзуші оксидтері қышқылдық оксидтер типіне жатады. SіО2 - ден басқа барлық қышкылдық оксидтер суда ериді, нәтижесінде қышқылдар түзіледі. Егер бейметалл екі немесе одан да көп оттекті кышкылдар түзсе, бұл қышқылдардың күші бейметалдың тотығу дәрежесінің артуымен өседі (Усанович теориясын еске түсіріңдер):
+1 +3 +5 +7
НСІ0 →НСІ02 →НСІ03 →НСІ04
Бейметалдардың сутектік қосылыстарының суда ерігіштігі әр түрлі. Метан және силан суда ерімейді.
ІV А топша р-элементтер: көміртек, кремний, германий, калайы, және қорғасын жатады.
Реттік нөмірінің өсуімен ІV А топша элемент атомдарының радиусы заңды түрде артады, иондану энергиясы және салыстырмалы электртерістігі кемиді. Көміртек және кремний топшаның қалған элементтерінен қасиеттері жағынан ерекшеленеді. Бұлар нағыз бейметалдар. Германийде металдық белгілер бар, ал қалайы мен қорғасында металдық қасиеттері басым болып келеді.
Бұл топ элементтері үшін +2 тотығу дәрежесін көрсететін қосылыстары да тән. Кремнийдің мұндай қосылыстарының беріктігі әлсіз, бірақ қорғасынға қарай артады.
|
Кейінгі тапсырмалар
|
Химиялық диктант:
1. Алюминий гидроксиді екідайлық қасиет көрсетеді. (иә)
2. Бор – металл элемент. (жоқ)
3. Галий – ІV топ элементі (жоқ)
4. Алюминий – күмістей ақ түсті ауыр металл (жоқ)
5. Алюминийді балқымаларынан электролиздеу арқылы алады (иә)
6. Белгілі 109 элементтің 22 бейметалдарға жатады (иә)
7. Сутек органогенді элементтер қатарына жатады (иә)
8. Азоттың (ІІ) валентті оксиді тұз түзетін оксид (жоқ)
|
Бағалау
|
Формативті бағалау : екі жұлдыз, бір ұсыныс.
Топтағы оқушылар бағалау парақшаларына критерий арқылы бағалайды
|
Кері байланыс
|
Бүгінгі сабақта не үйрендім? Оқушы рефлексиясы
|
Үйге тапсырма
|
| Достарыңызбен бөлісу: |