Күтілетін нәтижесі
|
Тұздар гидролизі туралы түсініктері қалыптасады.
Гидролиз теңдеулерін құра алады, ерітінділерін ортасын болжап айтады.
Өз бетінше тапсырманы орындайды.
Сұрақ қоя біледі.
Топпен жұмыс жасайды
|
Түйінді идеялар
|
Тұздар гидролизі.
|
Сабақтың әдісі
|
Топтық, жеке жұмыстар, диалог әдісі.
|
Сабақтың көрнекілігі
|
Тақырыпқа байланысты слайдтар, электронды оқулық, үлестірмелі тапсырма парақшалары, бағалау
парақтары, кубиктер, әртүрлі геометриялық пішіндер қиындылары
|
Ұйымдастыру кезеңі
|
Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу.
Оқушыларды топқа бөлу.
Оқушыларға бағалау парақшалары таратылады.
|
Үй тапсырмасын сұрау
|
1. Қалтадағы сұрақтар
1- қалта
1. Электролиттік диссоциация теориясы бойынша қышқылдарға анықтама бер.
2-қалта
1. Электролиттік диссоциация теориясы бойынша тұздарға анықтама беру
3-қалта
1.Күшті электролитке жататын қышқылдарға және негіздерге мысал келтіріңдер.
Үй тапсырмасына берілген қышқыл, негіз, тұздарға «Бес жолды өлең»
|
Жаңа сабақ
|
Мағынаны тану . «Су неліктен қышқылдар мен негіздер сияқты индикатордың түсін өзгертпейді?» деп сұрақ қоямыз.
Ерітінділердің ортасы қышқылдық және сілтілік қасиеттерді тасымалдаушы бөлшектер концентрациясының ерітіндідегі мөлшерімен сипатталатынын білгеннен кейін былай жазып көрсетеміз:
|
Тұздардың типтері
|
Мысалдар
(формулалар)
|
1.
2.
3.
4.
|
Күшті негіздің катионы мен күшті қышқылдың анионынан түзілген тұздар
Күшті негіздің катионы мен әлсіз қышқылдың анионынан түзілген тұздар
Әлсіз негіздің катионы мен күшті қышқылдың анионынан түзілген тұздар
Әлсіз негіздің катионы мен әлсіз қышқылдың анионынан түзілген тұздар
|
|
H+ = OH- - бейтарап орта;
H+< OH- - сілтілік орта;
H+> OH- - қышқылдық орта.
Бұдан соң сабақ мазмұнын ашуға кірісеміз, басында «гидролиз» (грекше-су, lisis- айыру, ыдырату) түсінігінің этимологиясын түсіндіреміз. Гидролиз-заттардың сумен әрекеттесуі. Гидролиз нәтижесі тұздың қандай негізбен қандай қышқылдан түзілгеніне тікелей байланысты екенін ескерген жөн.
Мына берілген мысалдар арқылы тұздар гидролизін талқылаймыз: NaCO3, Zn(NO3)2, HCl, NaCl және Al2S3.
1- топ
Күшті негізбен әлсіз қышқылдан түзілген тұздардың гидролизі Na2CO3.
Бастапқыда оқушыларға тұздың диссициациялануын жазғазған жөн:
Na2CO3↔2Na+ + CO32-
Содан соң гидролиз теңдеуін жазады:
2Na+ +CO32- + HOH↔2Na+ +HCO3- + OH-
Осыған фенолфталеин тамызсақ, натрий кабонаты ерітіндісі алқызыл (малина) түске боялады. Бұдан мынадай қорытынды шығады: күшті негіз бен әлсіз қышқылдан түзілген тұздарды еріткенде ерітіндіде гидроксид иондары пайда болып, индикатор түсін өзгертеді, яғни реакция ортасы сілтілік болады.
2- топ
Әлсіз негізбен күшті қышқылдан түзілген тұздардың гидролизі, мысалы, AlCl3, Fe(SO4)3, Zn(NO3)2.
Алюминий хлоридінің гидролизін қарастырамыз. Оның ерітіндісінде Al3+ және Cl- иондары бар. Al3+ ионы судың гидроксид ионын қосып алады:
Al3+ + HOH↔Al(OH)2+ + H+
Al(OH)2+ + HOH↔Al(OH)2+ + H+
Ерітіндіде Н+ иондары жиналып қалады. Ерітіндіге лакмус тамызса, ерітінді қызарады. Ерітінді ортасы – қышқылдық.
Оқушылар мынадай қорытындыға келеді. Күшті қышқылмен әлсіз негізден түзілген тұздардың гидролизінде катиондар (әлсіз негіздің) су молекуласының гидроксид иондарын қосып алады да, артық сутек иондарының есебінен қышқылдық орта көрсетеді.
3- топ
Үшінші тапсырманы оқушылар өздері шеше алады, яғни күшті қышқылмен күшті негізден түзілген тұздарды еріткенде гидролиз жүре ме, мысалы: NaCl, KCl?
Тәжірибелер нәтижелерін және гидролиздің түрлерін кестеге толтырады:
Тұз формуласы
|
Лакмус түсі
|
Орта
|
Қандай қышқылмен негізден түзілген тұз
|
Na2CO3
AlCl3
|
Көк
Қызыл
|
Сілтілік
Қышқылдық
|
Күшті негіз бен әлсіз қышқылдан
Әлсіз негізбен күшті қышқылдан
|
Топтағы оқушылар бір- бірін екі жұлдыз, бір ұсыныс арқылы бағалайды.
|
Достарыңызбен бөлісу: |