Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме



бет30/61
Дата08.02.2022
өлшемі330,31 Kb.
#119216
түріСабақ
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   61
Байланысты:
00039933-5932f97c

Күтілетін нәтижесі

  • Катиондар мен аниондарға сапалық реакция жасай білуі керек.

Түйінді идеялар

Катиондар мен аниондарға сапалық реакция.

Сабақтың әдісі

Топтық, жеке жұмыстар, диалог әдісі.

Керекті құрал - жабдықтар

Иондардың электр өрісінде қозғалысын демонстрациялауға арналған құрал (құрылғы), хлоры бар құты, сусыз мыс (II) сульфаты, мыс купоросы, хромат, дихромат, перманганат кристалдары, сілті ерітінділері, натрий металы, эксперимент есептерін шығаруға арналған реактивтер: крахмал, йод және калий йодиді ерітінділері.

Сабақтың көрнекілігі

АКТ, электрондық оқулық , слайд.

Ұйымдастыру кезеңі



Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу.
Оқушыларды топқа бөлу.
Оқушыларға бағалау парақшалары таратылады.

Үй тапсырмасын сұрау



Үйге берілген диссоциациялану дәрежесі, күшті және әлсіз электролиттер туралы мәліметтерді қайталаймыз. Үш оқушы тақтаға мынадай реакция теңдеулерін жазады:
а) қышқылдардың металмен, негіздік оксидпен, негізбен әрекеттесуі.
ә) сілтілердің қышқылмен, қышқылдық оксидпен әрекеттесуі.
б) қышқылдардың сілтілердің, тұздардағы диссоциациялану теңдеулері.
Басқа оқушылар берілген тапсырмалар бойынша топтық жұмыс орындайды.
Тапсырмалар. а) мына қышқылдардың диссоциациялану теңдеуін жазыңдар: бромсутек, азот, хлорлы HСlO4 және марганец HМnO4 қышқылдары. Диссоциацияланғанда бірдей иондар түзетін электролиттердің астын сызыңдар.
ә) төмендегі тұздардың диссоциация теңдеуін жазыңдар: натрий карбонаты, натрий нитраты, мыс (II) сульфаты, калий сульфаты. Бұл тұздар диссоциацияланғанда қандай иондар түзіледі?
б) мына металл гидроксидтерінің иондарға диссоциациялану теңдеуін жазыңдар: калий, кальций, барий, магний, цезий. Бұл электролиттер диссоциацияланғанда түзілетін иондардың астын сызыңдар жаттығу жұмыстарын тексеру.

Жаңа сабақ

Мағынаны тану . Мәтінмен жұмыс
Оқушылар берілген мәтінді өз беттерінше оқиды.
Иондар мен атомдардың қасиеттеріндегі айырмашылық натрий хлоридінің атомдары мен иондары құрылысының сызбасын қарастырудан басталады. Атомнан молекуладан және ионнан түзілетін заттардың қасиеттері әртүрлі болатынын көрсету үшін:
1- топ хлоры бар сынауық,
2- топ металл натрий
3- топ натрий хлоридінің ерітіндісі көрнекі көрсетіледі.
Бұдан кейін иондардың электр өрісінде қозғалуын катод және анод ұғымдарын талқылаймыз. Осының негізінде оқушылар «катион» және «анион» ұғымына анықтама береді. Сусыз мыс (II) сульфатының еруін көрнекі көрсете отырып, кристалдық тордағы иондар мен гидраттанған иондардың әртүрлілігі туралы ұғымды бекітеді.
Тапсырма. Мына ерітінділердің сапалық құрамын зерттеп салыстыру жолымен түрлі түсті қай ион беріп тұрғанын анықтаңдар:
а) калий хроматы және калий сульфаты;
ә) калий сульфаты және калий перманганаты.
б) никель, кобальт тұздарының кристалгидратын ерітінді түрінде көрсетуге болады.
Иондар қасиеттерін оқытуды қорытындылай келе оқушыларға берілген кестені толтыру ұсынылады.



Ерітінділерге түс беретін
иондар

Ерітіндінің түсін өзгертпейтін
иондар

Катиондар: Cu2+ (көк), Fe3+ (сары), Ni2+ (жасыл)
Аниондар: MnO4- (күлгін), Cr2O72- (қызыл сары),CrO42- (сары)

Катиондар: K+, H+, Na+, Zn2+, Ca2+, Ba2+, т.б.
Аниондар: Cl-,OH-, NO3-,SO42-, CO32-,
Br, I- және т.б.






Тапсырмалар

Есептер шығару
1. №3 52- бет
2. №4 53 бет

Бағалау

Формативті бағалау: екі жұлдыз, бір ұсыныс. Критерий арқылы бағалау

Кері байланыс

Рефлексия:
• Сабақ ұнады ма?
• Қандай тапсырманы орындаған ұнайды ?
• Қандай тапсырманы орындау кезінде қандай қиындықтар келтірілді ?
Оқушы рефлексиясы

Үйге тапсырма



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет