Керекті құрал - жабдықтар
|
Қышқылдар топтамасы, сілті ерітінділері, мыс (II)оксиді, мырыш, темір және мыс сымдар, тұздар топтамасы: мыс (II)сульфаты, темір (III) хлориді, «Қышқылдар» және «Негіздер» диаипазитивтері, «Тұздардың,қышқылдардың және негіздердің суда ерігіштігі» кетесі.
|
Сабақтың көрнекілігі
|
«Қышқылдар» және «Негіздер» диаипазитивтері, «Тұздардың,қышқылдардың және негіздердің суда ерігіштігі» кетесі
|
Ұйымдастыру кезеңі
|
Оқушылармен сәлемдесу , түгелдеу.
Оқушыларды топқа бөлу.
Оқушыларға бағалау парақшалары таратылады.
|
Үй тапсырмасын сұрау
|
Үйге берілген жаттығу жұмыстарын тексеру.
|
Жаңа сабақ
|
Мағынаны тану . Мәтінмен жұмыс
Оқушылар берілген мәтінді өз беттерінше оқиды.
Химия теориясы. Оқулықта 47-беттегі 3-кестені оқып, талдап, бір-біріне түсіндіру. (2мин) Әр топтан бір оқушы тақтаға шығып, жазып түсіндіреді, оқушылар дәптерлеріне жазады. (5мин)
Енді осы түсінгендері бойынша 4-топқа тапсырма береді. (20мин)
Сынауық. Қысқыш. Құты. Құйғыш.
CaCO3, BaCI2, FeSO4, K2SO4
Осы берілген тұздар бойынша әр топ үй жұмысы ретінде презентация жасап, ЭДТ-тұрғысынан қасиеттерін жазып, постер жасап келеді де, сабақта қорғайды және осы берілген тұздардың қышқылдармен, сілтілермен, тұздармен алмасу реакцияларын көрсететін эксперимент жасайды.
Химия зертханасы:
Сынауық тобы. Кәдімгі бор кальций карбонаты, натрий карбонаты ерітіндісіне кальций хлориді ерітіндісін құйғанда түзіледі. Реакция теңдеуін жаз.
Қысқыш тобы. Барий хлориді ерітіндісіне күкірт қышқылын аздап қосқанда тұнба түзілгені байқалады. Ол қандай тұнба? Реакция теңдеуін жаз.
Құты тобы. Темір (II) сульфаты ерітіндісіне натрий гидроксидін құйғанда қоңыр жасыл тұнба түзіледі, бұл қай зат, реакция теңдеуін жаз.
Құйғыш тобы. Калий гидроксиді ерітіндісіне фенолфталейн тамызғанда таңқурай түске боялады, үстіне 1-2 тамшы күкірт қышқылын тамызса, түссізденеді. Реакция теңдеуін жаз.
Топтық тергеу әдісі бойынша мәтінді қорғайды..
Топтар постер қорғайды. Топтағы оқушылар бір- бірін екі жұлдыз бір ұсыныс арқылы бағалайды.
|
Тапсырмалар
|
Есептер шығару
Есеп шығару оқулық бойынша
Тұздар туралы қысқаша хабарлама
|
Бағалау
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |