Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме



бет31/61
Дата08.02.2022
өлшемі330,31 Kb.
#119216
түріСабақ
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   61
Байланысты:
00039933-5932f97c

§ 13


Бекітемін:
Күні 26.12.16



Химия

Сыныбы 10





Сабақ тақырыбы:

Сандық есептер

Сілтеме:

10 оқулық. .

Жалпы мақсаттар:

  • Есептер шығару дағдыларын үйрету

  • сабақ уақытын бағалауға үйрету, еңбекқорлыққа және пәнге қызығушылығын арттыру.

Күтілетін нәтижесі

Реакция ласушы заттардың біреуі артық болған жағдайда химиялық реакция теңдеуі бойынша зат мәлшерін, зат массасын, өнімнің көлемін есептеу қабілеттері дамытады.

Түйінді идеялар

Есептер шығару дағдыларын үйрету.

Сабақтың әдісі

Топтық, жеке жұмыстар, тест жұмысы.

Сабақтың көрнекілігі

Интерактивті тақта .

Ұйымдастыру кезеңі



Оқушылармен сәлемдесу , түгелдеу.
Оқушыларды топқа бөлу.
Оқушыларға бағалау парақшалары таратылады.

Үй тапсырмасын сұрау



Есептер шығару.тест

Жаңа сабақ

Химиялық теңдеулер бойынша есептеу, егер реакцияға қатысқан екі заттың біреуі артық алынса. 
1- топ
Есеп №1. 20 г МgО құрамында 94,5г НNОбар ерітіндісімен әрекеттеседі. Қанша грамм тұз пайда болады. 
Бұл есепте ең бірінші әрекет, ол магний оксиді мен азот қышқылының қайсысының артық алынғанын анықтау. 
0,5моль 0,5моль
m( MgO) =20г MgO + 2 НNО3 = Mg(NO3)2 + Н2О 
m(НNО3 ) =94,5г 1моль 1моль
m (Mg(NO3)2) -? γ( MgO) = 20г : 40г/моль = 0,5моль
γ(НNО3 ) = 94,5г : 63г/моль =1,5моль
М( MgO)=40г/моль γ( MgO)=0,5моль=γ(Mg(NO3)2) = 0,5моль
М(НNО3 )=63г/моль Осыдан:
М(Mg(NO3)2)=148г/моль m(тұз) = γ · М = 0,5моль·148 г/моль =74г
Жауабы: 20г MgO азот қышқылымен әрекеттескенде 74 г Mg(NO3)2 тұзын береді.
Химиялық реакцияға қатысқан артық заттарды анықтаудың бірнеше әдістері бар. 
1-әдіс. Заттардың сандық мөлшерін моль ұғымы арқылы анықтау. Бұл әдіс №1 есепте қарастырылды.
2-әдіс Химиялық реакцияға қатысқан заттардың массалары арақатынасы арқылы
Реакция теңдеуі бойынша:
m (MgO) : m (НNО3 ) = 40 : 126 = 2 : 6,3
Есептің шарты бойынша: 
m (MgO) : m (НNО3 ) = 20 : 94,5 = 2 : 9,4
6,3 < 9,4 қышқыл артық алынған
3-әдіс. Химиялық реакцияға қатысқан заттардың массаларын салыстыру. Химиялық реакция теңдеуі бойынша: 
m (MgO) = 1моль · 40 г/моль = 40 г
m(НNО3 ) = 2моль · 63г/моль = 126г 
20 г < 40 г 2есе кіші, олай болса, қышқыл да 2 есе аз болу керек, яғни 
m (НNО3 ) = 126 г : 2 = 63г, ал есептің шарты бойынша қышқыл 94,4 г олай болса қышқыл артық алынған.
4-әдіс. Пропорционалдық коэффициент арқылы.
20г 94,5
MgO + 2 НNО3 = Mg(NO3)2 + Н2О 
40г 126
20 г : 40 г = 0,5; 94,5 : 126 = 0,75 
0,5 < 0,75 қышқыл артық алынған.
5-әдіс. Пропорция әдісі арқылы.
20г mх
а) MgO + 2 НNО3 = Mg(NO3)2 + Н2О 
40г 126
20 : 40 = mх : 126
m(НNО3 ) = 20 г ·126 г / 40 г = 63 г
63 < 94,5 - қышқыл артық алынған.
mх 94,5 г
ә) MgO + 2 НNО3 = Mg(NO3)2 + Н2О 
40г 126
mх ׃ 40 = 94,5 : 126
m (MgO) = 40 г ·94,5 г / 126 г = 30 г
Теориялық мүмкіншілікпен салыстырғанда өнімнің шығымын анықтауға арналған есептер. 
Бұл есептеулерде өнімнің шығымының массалық үлесі туралы ұғым қалыптастырылады. Өндіріске байланысты есептеулерде алынған өнімнің шығымы әруақытта шығынға байланысты болады. Сондықтан да технологиялық есептеулерде өнімнің шығымына байланысты формуланы пайдалануға болады. 
Нη= mП / mТ ·100; η = m прак / m теор 
2- топ
Есеп №2 Құрамында 45% S бар 320 т күкіртті колчеданнан 405 т күкірт қышқылы алынған. (есептеу сусыз қышқылға) Күкірт қышқылының шығымының массалық үлесін анықтаңдар.
Шешуі: 
m (руда) = 320т Формуланы жазамыз 
ω(S) = 0,45 η = mпр / mт
mпр (Н2 SО4) = 405 т Өнімнің шығымының массалық ү лесін анықтау үшін күкірт қышқыл - 

η (Н2 SО4) - ? - ының практикалық және теориалық 


массасын білсе болғаны. Ал, практика- 
М(S) = 32·10-3кг/мольярлық масса есептің шартыңда көрсетілген.
М(Н2 SО4) = 98 ·10-3 кг/моль Сондықдан да, күкірт қышқылының теориалық массасын анықтау үшін алдымен рудадағы күкірттің массасын анықтау керек. 
mS = 32 ·103 кг · 0,45 = 144 · 103 кг = 144т
Күкірт қышқылын алу кезінде жүретін химиялық реакция теңдеуін жазамыз. 
S + О2 = SО2 ; 2 SО2 + О2 = 2SО3 ; 
SО3 + Н2О = Н2 SО4
Үш теңдеуді біріктіріп жалпы теңдеу алынады:
2S + 3О2 + 2 Н2О = 2 Н2 SО4
Сонымен өндіріс үрдісінде 1 моль күкірт 1 моль күкірт қышқылын береді: S → Н2 SО4
Енді есепті қажетті әдістермен шығаруға кірісеміз. Алдымен күкірттің сан мөлшерін табады: γ = m / М 
γ (S) = 144 · 103 кг׃ 32 ·103 кг /моль = 4,5 · 106 моль
Күкірт қышқылының массасын табамыз: m = γ · М 
m теор ( Н2 SО4) = 4,5 · 106 моль · 98 · 103 кг /моль = 441· 103 кг = 441 т
Осыдан күкірт қышқылының шығымын анықтаймыз:
η (Н4) = 405 т / 441 т = 0,94 = 94%
Жауабы: η (Н2 SО4) = 94%
3- топ
Есеп №3. 20 г аммоний хлориді артық мөлшерде кальций гидроксидімен әрекеттескенде қанша көлем аммиак түзіледі, егер аммиактың көлемдік шығымы 98% болса.
Ше шуі:
m(NН4СІ) =20 г η = Vпр / Vт Vпр = η · Vтеор
η(NН3 ) = 98% 
2 0г хл
V(NН) = ? NН4СІ + Са(ОН)2 = 2 NН3 + СаСІ2 + 2Н2О
107г 44,8
Химиялық теңдеу бойынша 
m(NН4СІ) =2 моль · 53,5 г/моль = 107 г
V(NН) = 2 моль · 22, 4 л/моль = 44,8 л 
Пропорция құрамыз: 
20 ׃ 107 = V ׃ 44,8
Vтеор (NН3) = 20 г ·44,8 л / 107 г = 8,4л 
Vпр (NН3) = 8,4л · 0,98 = 8,2л
Жауабы: 20 г NН4СІ 8,2 л NН3 алынады.
Термохимиялық теңдеулер бойынша есептеу
4- топ
Есеп №4. 12г сутегі оттегінде жанғанда қанша мөлшерде жылу бөлінеді, егер сутегінің жануының термохимиялық теңдеулері мынаған тең болса:
12 г х
2 + О2 = 2Н2О + 571,6кДж
4г 
Химиялық теңдеу бойынша 4 г сутегі жанғанда 571,6 кДж жылу бөлінеді. Енді есепті бірнеше әдіспен шығарайық.
1- әдіс. Пропорция әдісі.
12 г ------------------------------ х 
4 г -------------------------- 571,6 
х = 12 · 571,6 / 4 = 1714,8 кДж
2-әдіс. Зат мөлшері арқылы есептеу.
Химиялық теңдеу бойынша 2 моль сутегі жанғанда 571,6 кДж жылу бөлінеді. Ал 12г сутегін сандық мөлшерге аударсақ: 
γ = m / М 
γ(Н2) = 12 г / 2 г / моль = 6 моль сутегі шығады. Сонда 6 моль Н2 3 есе көп жылу бөледі.
Q = 571,6 ·3 = 1714,8 кДж



Тапсырмалар

1. Артық алынған заттарға байланысты 8-11сыныптарға арналған есептер жинағынан төмендегі есептерді шығарыңдар: №5-107, 5-109,5-111,5-118,5-135,5-136, 6-25.
2. 30 г тұз қышқылымен 25г кальций карбонаты әрекеттестірілген. Реакция нәтижесінде қандай көлем көмірқышқыл газы бөлінді.
3. 10 г азот қышқылы мен 5,35г темір гидроксиді (ІІІ) әрекеттестірілген. Тұздың массасын анықтаңдар.

Бағалау



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет