Білімді тексеру және өз бетінше тексеру кезеңі:
|
Есептер шығару
|
Үй тапсырмасын беру кезеңі:
|
Есептер шығару
|
Сабақ қорытындысын шығару кезеңі.
|
Бағалау. формативті
|
Бекітемін:
Күні 29.12.16 сыныбы 9
№ 30 сабақ
|
Химия
|
|
Сабақ тақырыбы:
|
Есептер шығару
|
Сілтеме:
|
Қызықты химия есептері. Әдістемелік құрал.
|
Жалпы мақсаттар:
|
Есеп шығару қабілеттерін дамыту
|
Күтілетін нәтижесі
|
Есептер шығару арқылы баланың ойлау, есте сақтау, ғылым тілінде сөйлей алу қабілеттері дамиды, химиялық заңдар мен құбылыстарды түсінуі қалыптасып, дүниетанымы артады
|
Түйінді идеялар
|
Химия есептерін щығарудың тиімді жолдары
|
Сабақтың әдісі
|
жеке жұмыстар
|
Сабақтың көрнекілігі
|
Периодтық жүйе, слайдтар
|
Ұйымдастыру кезеңі
|
Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу
|
Үй тапсырмасын сұрау
|
Үйге берілген жаттығу жұмыстарын тексеру
|
Жаңа сабақ
|
1-есеп
Барий хлоридінің 100 мл ерітіндісіне араластыра отырып 100 мл күміс нитратының және 150 мл күкірт қышқылының ерітіндісі бірге құйылды. Әрбір ерітіндінің концентрациясы 0,1 моль/л болды. Түзілген тұнбаның массасын анықтаңдар және ерітіндідегі еріген заттардың концентрациясын анықтаңдар.
есептің шешуі:
Жүретін реакцияның теңдеуі:
BaCl2 + AgNO3 + H2SO4 =BaSO4 + AgCl + HNO3 + HCl
Есептің шартында берілген мәні бойынша реакцияға қатысқан заттардың зат мөлшерін табамыз: BaCl2 – 0,01 моль, AgNO3 – 0,01 моль и H2SO4 – 0,015 моль. Күкірт қышқылының мөлшері 0,005 моль артық мөлшерде (реакция теңдеуі бойынша) екені анықталды.
Барий сульфаты мен күміс хлориді тұздары тұнбаға түседі, реакция теңдеу бойынша тұнбаға түскен тұздардың мөлшерін анықтауға болады: BaSO4 – 0,01 моль, а AgNO3 – 0,01 моль
Тұнбаның жалпы массасы:
2330,01 + 143,50,01 = 2,33 + 1,435 = 3,765 (г)
Ерітіндіде 0,005 моль мөлшерде күкірт қышқылы, 0,01 моль азот қышқылы, 0,01 моль тұз қышқылы қалады. Түскен тұнбаның көлемін ескермей отырып, ерітіндінің көлемін табамыз.
100 мл + 100 мл + 150 мл = 350 мл
Тұз қышқылы, азот және күкірт қышқылдарының концентрациясын табамыз:
HCl концентрациясы = HNO3 концентрациясы= = 0,0286 моль/л,
Ал күкірт қышқылының концентрациясы 2 есеге дейін аз болып, 0,0143 моль/л тең болады.
2- есеп
Өзгерістер нәтижесінде тек қана екі зат: азот және су түзіле жүретін реакция теңдеуіне мысал келтіріңдер. Бұл реакциялардың ғылым мен техникадағы маңызын, қолданылатын жерлерін көрсетіңіздер. (бір типті реакция теңдеуін көрсетпеу керек).
есептің шешуі:
1.Азот оксидтерінің сутекпен тотықсыздануы.
2.Азоттың сутекті қосылыстары: аммиак, гидразин, гидразингидрат, аммоний азиді және т.б. оттекпен тотығуы (немесе озонмен). Азоттың сутекті қосылыстарының сутек пероксидімен тотығуы. Азоттың сутекті қосылыстарына азоттың оксидтерімен және азоттың оттекті қышқылдарымен әсер ету.
3.Аммоний нитратының ыдырауы.
N2O + H2 реакциясы газкөлемдік анализде қолданылады.
Нитраттың ыдрауы – азоттың алынуы.
Азотқышқылды зауыттарда бөлінген NO газын басқа газдардан бөліп алу үшін NH3 пен жүргізілетін химиялық реакция қолданылады. Ракеталық техникада = гидразин мен оттектің, сутегінің асқын тотығы мен азот қышқылының реакциялары қолданылады.
3- есеп
Колбада концентрленген күкірт қышқылының артық мөлшерімен өңделген 0,18 г жай жақты. Реакция нәтижесінде түзілген газ тәрізді заттарды ізбес суы арқылы өткізген кезде 5,1 г тұнба түзілді. Белгісіз А жай затын анықтаңдар. Жауаптарыңды сәйкес есептеулермен реакция теңдеулерімен дәлелдеңдер.
есептің шешімі:
Активтілігі төмен металдар және бейметалдар концентрленген күкірт қышқылымен әрекеттескен кезде бөлінген күкірттің (IV) оксиді, ізбес суымен тұнба түзе алады: Ca(OH)2 + SO2 = CaSO3 + H2O
Активті металдар концентрленген күкірт қышқылымен әрекеттескен кезде күкіртсутек түзіледі, бірақ кальций сульфиді суда ериді.
(CaSO3) = 5,1 : 120 = 0,0425 (моль).
1.Бір валентті металдар үшін реакция теңдеуі: 2A + 2H2SO4 = A2SO4 + SO2 + H2O
Осы реакция теңдеуінен металдың молярлық массасын таба аламыз:
0,18 : 0,04252 = 2,12 (г/моль).
2, 3, 4-валентті металдар үшін сәйкесінше 4,23; 6,36; 8,47 (г/моль) алынады. Бірақ моярлық массасы мұндай металл жоқ.
2. Яғни белгісіз А заты– бейметалл. Ол заттың концентрленген күкірт қышқылымен тотыққан кездегі өнімі газ болып табылады, ол газ ізбес суымен әрекеттесіп тұнба түзеді. А заты күкірт немесе көміртек болуы мүмкін.
3. Күкірт үшін: S + 2H2SO4 = 3SO2 + 2H2O
(S) = 0,18 : 32 = 0,0056 (моль)
(SO2) = 0,0056 3 = 0,0168 (моль)
m(CaSO3) = 0,0168 120 = 2,04 (г), массасы 5,1 г аз.
Көміртек үшін: C + 2H2SO4 = 2SO2 + CO2 + 2H2O
(CaCO3) = (C) = 0,18 : 12 = 0,015 (моль); m(CaCO3) = 0,015 100 = 1,5 (г).
(CaSO3) = (SO2) = 0,03 (моль); m(CaSO3) = 0,03 120 = 3,6 (г)
Тұнбаның жалпы массасы: 1,5 + 3,6 = 5,1 (г) тең, бұл есептің шартына сәйкес келеді.
Олай болса, А – заты көміртек.
4- есеп
Ластанған ауадан күкіртсутекті анықтаудың бір әдісі төмендегіше жүргізіледі: зерттелетін ауаның белгілі көлемін бромның сулы ерітіндісі арқылы немесе мыс сульфаты өткізіп және ерітіндінің электрөткізгіштігінің өзгерісін өлшейді. Жоғарыда аталған сіңіргіш заттардың бірі күкіртсутектің концентрациясын кең диапазонда (0 ден бастап 50 мг кубометр ауада) анықтау үшін қолданылады, ал басқасы –аз концентрацияда (0 ден бастап 5 мг кубометр ауада) қолданылады, бірақ жоғары сезімталдығы арқылы ажыратылады. Анализ жүргізілген екі жағдай үшін де сіңіргіштерді таңдаудың мәнін түсіндіріңдер.
есептің жауабы:
Химиялық реакция теңдеуі:
а) CuSO4 + H2S = CuS + H2SO4
б) 4Br2 + H2S + 4H2O = H2SO4 + 8HBr
(Бромартық мөлшерде алынған)
Мынадай жағдайда а) түзілген қышқылдың электрөткізгіштігінің жоғары болуына байланысты электрөткізгіштік артады, реакцияға жұмсалған тұзбен салыстырғанда (мыс иондарына қарағанда, сутек иондарының қозғалғыштығы жоғары болады). Мынадай жағдайда б) электрөткізгіштік мәнінің өсуі аса маңызды (бір моль күкірт қышқылы және 8 моль бромсутек қышқылы түзіледі), соған байланысты күкіртсутектің концентрациясын дәлірек анықтап алуға болады, бірақ жоғары концентрациялы сіңіргіш зат– бром суын алуға болмайды, сондықтан ерітіндінің сіңіргіш көлемі үлкен емес.
|
Тапсырмалар
|
Тапсырма
Оқулықтағы есептерді шығару
|
Бағалау
|
Формативті бағалау
|
Кері байланыс
|
Рефлексия:
• Сабақ ұнады ма?
• Қандай тапсырманы орындаған ұнайды ?
• Қандай тапсырманы орындау кезінде қандай қиындықтар келтірілді ?
Оқушы рефлексиясы
|
Үйге тапсырма
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |