Бақылау жұмысын орындау кезеңі:
|
10-сыныптың химия курсы бойынша қорытынды тест
Бір дұрыс жауапты көрсет.
1.Жай зат емес, химиялық элемент оттек туралы сөз болып тұрған сөйлем:
А) оттек суда ериді;
В) оттек судың құрамына кіреді;
С) оттекпен біз тыныс аламыз; - сынып бойынша білімдерің тексеру, бастапқы химиялық ұғымдар, бейорганикалық қосылыстар, Д.И.Менделеевтің периодтік заңы тақырыптары бойынша білімдерін тексеру, жүйелеу.
D) оттекте көптеген заттар жанады;
Е) атмосфера құрамында оттек массасы бойынша 20,9%.
2. Тек қана жай заттар орналасқан қатар:
А) су, күкірт, оттек;
В) йод, күкірт, азот;
С) қант, су, фосфор;
D) көмірқышқыл газы, су, сынап;
Е) су, ас тұзы, натрий.
3. Кез келген химиялық элементтің атомында протондар, электрондар және ядро заряды саны тең:
А) элементтің атомдық нөміріне;
В) периодтың нөміріне;
С) топтың нөміріне;
D) салыстырмалы атомдық массасына;
Е) қатардың нөміріне.
4. Реттік нөмірі 17 болатын элементтің жоғары оксиді мен ұшқыш сутектік қосылысына сәйкес келетін жалпы формула:
А) Э 2О7, НЭ;
В) Э О3, Н 2Э;
С) Э 2О5, ЭН3;
D) ЭО2, ЭН4 ;
Е) Э 2О7, Н2Э.
5. Ковалентті полюссіз байланыс мына молекулада:
А) NaCl;
В) Cl2;
С) CaCl2;
D) NH3;
Е) Р2O5.
6. Қатты күйдегі атомдық, молекулалық және иондық кристалл торлы заттар қатары:
А) алмаз, натрий хлориді, графит;
В) оттек, су, бор;
С) кремний (IV) оксиді, мыс, азот;
D) алмаз, көмірқышқыл газы, натрий фториді;
Е) графит, сутек, натрий.
7. Хлордың жоғары тотығу дәрежесін көрсететін қосылысы:
А) HCl;
В) KClO3;
С) HClO;
D) Cl2;
Е) Cl 2O7.
8. Қышқылдық оксидтің, екі негізді қышқылдың, сілтінің және қышқылдық тұздың формулалары:
А) CO2, H2SO4, Al(OH)3, NaHCO3;
В) SO2, HCl, NaOH, Ca(HCO3)2;
С) NO2, H 2CO3, KOH, Al(OH)2Cl;
D) SO3, H 2SiO3 , Ba(OH)2, KHSO2 ;
Е) CO2, H 2SO4, Al (OH)3, Na 2CO3.
9. Сумен қыздырмай-ақ әрекеттеседі:
А) мырыш;
В) мыс;
С) алюминий;
D) темір;
Е) литий.
10. Табиғатта оттек түзілетін реакция:
А) 2KMnO4 = K2MnO4 + MnO2 + O2;
В) 2HgO = 2Hg + O2;
С) 2KClO3 = 2KCl + O2;
D ) 6CO2 + 6H2O = C6H12O6 + 6O2;
Е) 2H2O = 2H2 + O2.
11. Заттың көрсетілген үлесі (қ.ж.) ең көп молекула санынан тұрады:
А) 2 моль N2;
В) 132 г CO2 ;
С) 44,8 л H2;
D) 9г H2O;
Е) 16,8 л O2.
12. Ауадан ауыр газ:
А) СО;
В) O2;
С) H2;
D) N2;
Е) NН3 .
13. Ең белсенді бейметалл атомының электрондық конфигурациясы:
А)1s2 2s2 2p4;
В) 1s2 2s2 2p63s2 3p4;
С) 1s2 2s2 2p63s2 3p5;
D) 1s2 2s2 2p5;
Е) 1s2 2s2 2p6 .
14. Li → Na→ K→ Rb қатарында атом зарядының өсуіне қарай металдық қасиеттері:
А) күшейеді;
В) әлсірейді;
С) өзгермейді;
D) периодты түрде өзгереді;
Е) күшейеді, сосын әлсірейді.
15. 200 г кальций карбонаты күкірт қышқылының ерітіндісімен әрекеттескенде түзілетін көмірқышқыл газының (қ.ж.) көлемі:
А) 4,48 л;
В) 22,4 л;
С) 44,8 л;
D) 11,2 л;
Е) 16 л.
16. Реттік нөмірлері 3 және 9 элементтер атомдары арасындағы пайда болатын химиялық байланыс:
А) полюсті ковалентті;
В) полюссіз ковалентті;
С) иондық;
D) металдық;
Е) сутектік.
17. Осы заттар арасында 2 реакциядан кем емес реакция жүреді:
А) азот қышқылы, кальций оксиді, темір (III) гидроксиді;
В) күкірт қышқылы, мырыш, көміртек (II) оксиді;
С) барий оксиді, мыс (II) оксиді, калий гидроксиді;
D) кремний (IV) оксиді, натрий оксиді, су;
Е) тұз қышқылы, мыс, темір (II) гидроксиді.
18. Реакция теңдеуінің оң жағындағы коэффициенттер қосындысы:
Al + HCl → AlCl3 +H2
А) 8;
В) 5;
С) 13;
D) 3;
Е) 6.
19. Реакцияның термохимиялық теңдеуі бойынша 2KClO3(қ) = 2KCl (қ) + O2(г) + 91кДж 182 кДж жылу бөлінді. Сол кезде бөлінген оттектің массасы тең:
А) 96 г;
В) 192 г;
С) 288 г;
D) 576 г;
Е) 64 г.
Есептер
1.Тұз қышқылының HCl массалық үлесі 20% және тығыздығы 1,1 г/мл 60 мл ерітіндісіне мырыш қосылды. Түзілген ерітіндіден мырыш хлоридінің қандай массасын бөліп алуға болатынын есептеңдер.
2.Көлемі 2,8 л (қ.ж.) қандай да бір газды бос күйіндегі массасы 110,3 г болған ыдысқа жіберді. Енді ыдыстың газбен бірге массасы 115,8 г тең болды. Газдың ауа бойынша салыстырмалы тығыздығын есептеңдер.
3.Реакция сызбанұсқалары мен тотықтырғыштың тотығу дәрежелерінің өзгеруіндегі сәйкестіктерді анықта:
Реакция сызбанұсқасы Тотықтырғыштың тотығу дәрежелерінің өзгеруі.
1. H2SO4(к) + Zn→ ZnSO4 + H2S + H2O
2. Cu + H2SO4 → CuSO4 + SO2
3. ZnS +O2 → SO2 + ZnO
4. H2S +SO2→S + H2O
A) S-2→ S+4
Б) 2O-2→ O2 0
В) S +4→ S0
Г) S +6→ S-2
Д) S +6→ S+4
Е) S 0→ S+4
Ж) O2 0→ 2O-2
4.А, Б, С,D, Е заттарын анықта. Заттарды атап, олардың қай класқа жататынын анықта. Химиялық реакция теңдеулерін жазып, реакция типін көрсет.
t0 А D
CaCO3 + С CaCO3
B E
5.Электрондық конфигурация мен ион арасындағы сәйкестікті тап:
1. 1s2 2s2 2p6
2. 1s2 2s2 2p63s2 3p6
А) F-
Б) К+
С) S2-
D) O2-
Е) N3-
6.Жұмыртқаның қабығы негізінен кальций карбонатынан тұрады. Егер қабықтың массасы 10 г болса, онда әрбір тапқан жұмыртқамен тауықтың организмі қанша кальций жоғалтатынын, және тауық жылына 220 жұмыртқа табатын болса, ол жеммен бірге жыл бойы қанша кальций алуы қажет екенін есепте. Сонымен қатар үй құс фермасында 5 тауық болатын болса, оларды қоректендіруге қажет бордың жылдық қорын тап.
Тест жауаптары:
Сұрақ
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
11
|
12
|
13
|
14
|
15
|
16
|
17
|
18
|
19
|
Жауабы
|
В
|
В
|
А
|
А
|
В
|
D
|
Е
|
D
|
Е
|
D
|
В
|
В
|
D
|
А
|
С
|
С
|
А
|
В
|
Е
|
Есептердің жауаптары
1. Шешуі:
Жүретін реакция теңдеуін жазамыз:
Zn+2HCl = ZnCl2+H2
М(HCl)=36,5 г/моль
М(ZnCl2) =136г/моль
Ерітіндінің массасын табамыз: mер-ді = V• p = 60 • 1,1 = 66 г;
Еріген заттың массасын табамыз: mер.з. = m ер-ді • w; mер.з. = 66 • 02 = 13,2 г;
n(HCl ) =13,2/ 36,5 =0,312 моль ,реакция теңдеуі бойынша, мырыш хлоридінің мөлшері
2 есе аз және тең 0,312/2 =0.180моль.
Мырыш хлоридінің массасын табамыз: m = М • n; m =0,180 •136 =24,59 г
Жауабы: мырыш хлоридінің массасы 24,59г.
2. Шешуі:
Белгісіз газдың зат мөлшерін табамыз: n = 2,8/ 22,4=0,125 моль
Газдың ыдыссыз массасын табамыз: 115,8 -110,3 = 5,5 г;
Газдың молурлық массасын табамыз: 5,5/0,125 = 44 г/моль;
Газдың ауа бойынша салыстырмалы тығыздығын есептейміз: 44/29 =1,52
Жауабы: газдың ауа бойынша салыстырмалы тығыздығы: 1,52
3. 1-Г, 2-Д, 3-Ж, 4- В.
4.
.
х = 4 г
Жұмыртқа қабығындағы Са - 4г.
220 жұмыртқада: 220 * 4 = 880 г Са болады,
5 тауық жылына 220 * 5 = 1100 жұмыртқа табады.
5 тауық үшін 1100 * 10=11000г =11кг бор қажет.
Жауабы: тауықтың организмі әр табылған жұмыртқамен 4 г кальций жоғалтады, бір тауық жылына жеммен бірге 880 г кальций алуы қажет, 5 тауық үшін 11 кг бор қажет.
|