Сабақ тақырыбы: Ы.Алтынсарин «Ата-әжеме хат»
Сабақ мақсаты:
1. Білімділік : Оқушыға ақынның өмірі жайлы қысқаша мағлұмат беріп, «Ата-әжеме хат» әңгімесін мәнерлеп оқуға және хат жаза білуге үйрету.
2.Дамытушылық:Математикалық жұмбақтарды шешу арқылы ойлау қабілеттерін, әдемі, мәнерлі сөйлеуге дағдыландыру, өз ойларын жеткізу;
3.Тәрбиелік:Үлкендерді сыйлауға,туысқандарын сыйлауға,сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар:Ы.Алтынсарин суреті,слайдтар,сұрақ-жауап.
Әдіс-тәсілі:түсіндіру,сұрақ-жауап.
Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру.
1.Психологиялық дайындық.
-Балалар,орнымыздан тұрайық қане
Қуанамын мен де
Қуанасың сен де
Қуанайық достарым
Арайлап атқан күнге.
-Балалар,бүгін бізге қонаққа басқа сыныптардың ұстаздары келіп отыр. Ойлы бала,озар» апталығына байланысты,ұстаздар бізді сынамақ.Оларға сауаттылығымызды,әдептілігімізді және тәртіпті екенімізді көрсетуіміз керек.
Адам күнделікті өмірде,деніміздің саулығына, аман-есен бір-бірімен қауышқанына аспанымыз ашық,бейбіт елде өмір сүріп жатқанына қуану керек екен..Олай болса,мен сендерге қуаныш тілей отырып сабағымызды бастаймыз, әдебиеттік оқу пәнінен алган білімдерімізді тиянақтаудан бастаймыз.
2.«Ойы озық кім екен?» деп аталатын ойын ойнап өтілген тақырыптар бойынша сұрақтар қойып. Жауап берген окушыны марапаттау.
Ойын шарты: сұрақтарға жауап беру.
1.Тұңғыш «Әліппе» оқулығын жазған кім?
2.Қартқожа қай жазушының кейіпкері?
3.Қазақ халқының ұлы ғалымы Шоқан Уалиханов туралы жазған жазушы кім?
4.Абайдың нақыл сөзін аяқта...
5.Ертегілер нешеге бөлінеді?
6.Спандияр Көбеев туралы не білесің?
7.Астанаға жыр арнаған ақынды ата.
8.Абай өлеңіндегі жаман іс.
9.Қазақша жыл санау қалай басталады?
3.Үй тапсырмасын пысықтау.
Жақан Смақов
«Апаның тілін алса егер»өлеңін оқыту
-Жақан Смақов туралы не білесің? Оленди тиянактап не жайында айтылгандыгын сұрап адамның адам болып калыптасуына улес косатын отбасы.
Оленде айтылган апа, бала барлыгы нені кұрайды.Отбасын кімдер кұрайды. Ал осы отбасы мушелери бір бірінен жыракта жүргенда калай хабарласады .Олар бұрынгы кездерде бір бірімен хат жазу аркылы,хабарласып отырган.
4. « Жаңа мәліметтер» кезеңі .
Тақтадан не көріп тұрмыз? (Сандар мен әріптер) оқушылар енді сіздерге тапсырма. Осы сандарды өсу ретімен жазып шығыңыздар бүгінгі сабақта өтетін мәтін авторын оқи аламыз.
5. « Шапшандыққа тапсырма»
Қандай сандарды көріп тұрмыз;
10 20 30 40 50 60 70 80 90 100 110 120 130 140 150 160
Ы Б Ы Р А Й А Л Т Ы Н С А Р И Н
-Бізде тақтада Ыбырай Алтынсарин сөзін шыққанын көріп тұрмыз.
-Ы.Алтынсарин кім екенін білесіңдер?
Балалардың жауаптарын тақтаға ілгізу.
«Білетініміз»
Ы.Алтынсарин туралы айту.Ол кісінің есіміне берілген Қостанай қаласында Ы.Алтынсарин даңғылында орналасқан мұражайы, Ы.Алтынсарин атындағы жеке балалар мектебі және кітапхана бар екен.Ы.Алтынсариннің арман еткен мектебі 1864жылы 8 қаңтарда Торғай жерінде ашылды.Оған 14 бала оқуға тартылды. Қалың қазақтан тұңғыш 14баланың есімдері ерекше тарихта қалды..(слайдтан көрсету)
-Сонымен балалар,бүгінгі сабағымызда хат туралы көптеген жаңа мәліметтер білетін боламыз, сонымен қатар хат жазуды үйренеміз.
Бүгінгі сабакта сендермен « Ата-ажеме хат» мәтінімен танысамыз.Хат деген сөзді калай түсінесіндер. Хат сөзін тусіндіру, хат адамдар арасындағы қатынас құралы.
Достарыңызбен бөлісу: |