Сабақ тақырыбы: ІІ тарау т. ҮШБҰрыштар теңсіздігі. Қысқа мерзімді жоспар 24. 02. 2017 жыл



Дата06.07.2018
өлшемі230,76 Kb.
#47909
түріСабақ
Алматы облысы Ақсу ауданы

«Бижарас Садырбайұлы атындағы орта мектебі, м.д.ш.о.» к.м.м.

2016 – 2017 оқу жылы

Пәні: ГЕОМЕТРИЯ
7 – сынып
сабақ тақырыбы:
ІІ тарау. 3.2.т. ҮШБҰРЫШТАР ТЕҢСІЗДІГІ.
Қысқа мерзімді жоспар
24.02. 2017 жыл
математика пәні мұғалімі:
МУХАМАДИЕВ Т.Ж.





Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: ІІ тарау.3.2.т.

Мектеп: Б.Садырбайұлы ат. орта мектебі

Күні: «24 02 . 2017 ж.

Мұғалімнің аты-жөні: Мухамадиев Т.Ж.

Сынып: 7. пәні: Геометрия

Қатысқандар саны:… Қатыспағандар саны: ........

Сабақ тақырыбы

3.2.т. Үшбұрыштар теңсіздігі / 62 бет./








Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Үшбұрыш теңсіздігін білу және қолдану; оқушыларға үшбұрыштар теңсіздігі туралы түсінік беру, үшбұрыштар тең-сіздігін есептер шешуде қолдана білу білік, дағдысын қалыптастыру. үшбұрыштар теңсіздігін қолданып, үшбұрыштарды салу, есептер шығару бейімділігін дамыту,


Сабақ мақсаттары

Танымдық белсенділіктерін, ойлау қабілеттерін арттыру, сыни ойлай және бағалай білуге, тиянақтылыққа, тапқырлыққа, ұқыптылыққа, алғырлыққа, жауапкер-шілікті сезіне білуге, еңбекқорлыққа, табандылыққа тәрбиелеу.

Жетістік критерийлері

Сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыту, есте сақтау және ойлау қабілетін арттыру. Өзін – өзі бағалау және өзгенің жұмысын нақты өлшемдер бойынша бағалау.

Тілдік мақсаттар

Үшбұрышқа байланысты атаулар – медиана, биссектриса, гипотенуза, катеттердің мағынасын қазақ тілінде түсіндіре алу.

Құндылықтарды дарыту



Оқушыларға үшбұрыштар туралы қызық мәліметтер бере отырып, үшбұрыш туралы түсінікті бекіту, көз қарастарын кеңейту, өз пікірлерін білдіре білуге үйрету. Сиқырлы үбұрыш септері арқылы логикалық ойламымен тез есептей білу дағдыларын дамыту. Бірлесе отырып жұмыс жасай білуге тәрбиелу.

Пәнаралық байланыстар

алгебра, сурет пәндері

АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақта

Бастапқы білім


Үшбұрышқа байланысты алғашқы ұғымдар, өлшемдер, суреттер, қасиеттерді түсіндіре алу.

Сабақ барысы



Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы


Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу.

Түрлі түсті қағаздар арқылы 2 топқа бөлу. «Үшбұрыш » және «Теңсіздік». Топ мүшелерінің міндеттерін бөлісу. Бағалау парақтарын және құралдарды беру.



1. Үй жұмысын тексеру. Үйге берілген тапсырмаларды тақтаға орындау. Әр топтан 2 оқушы . № 200 және № 202.

2. Авторлық орындық. Эсселерді оқыту. « Үшбұрыштар елінде.»

« Үшбұрыштар өмірде»



3. Ауызша тест. «Иә» және «Жоқ». 10 сұрақ.

«Иә»-жасыл белгі, оң қол. «Жоқ» - қызыл белгі, сол қолды көтеру.





сұрақ

дұрыс жауап

1

Үшбұрыш дегеніміз - бір түзуде жататын 2 нүктені кесінділермен қосқанда шығатын фигура.

жоқ

2

Қабырғалары бойынша үшбұрыштар 5 түрге бөлінеді

жоқ

3

Бұрыштары бойынша үшбұрыштар 3 түрге бөлінеді: сүйір бұрышты, доғал бұрышты, тікбұрышты.

иә

4

Үшбұрыштың бұрыштарының қосындысы 1800 болады.

иә

5

Тікбұрышты үшбұрыштың гипотенузасы ең қысқа қабырғасы болады.

жоқ

6

Үшбұрыштың ең үлкен қабырғасы ең кіші бұрышына қарсы жатады.

жоқ

7

Теңбүйірлі үшбұрыштың 2 қабырғасы да

2 бұрышы да тең болады

иә

8

Теңсіздік дегеніміз – 2 өрнектердің өзара кем немесе көп екенін анықтау

иә

9

Катет дегеніміз кез – келген қабырға

жоқ

10

Гипотенуза 900 бұрышқа қарсы жатқан қабырға.

иә

Бағалау парағына бағаларын қойдыру

Түрлі түсті қағаздар Бағалау парақтары.
суреттер

Интерактивті тақта



Сабақтың ортасы



Жаңа сабақты өз бетімен меңгерту тапсырмалары.

4. Дәптермен жұмыс.

№ 1. Дәптерге 1 түзуде жатпайтын А,В,С нүктелерін салып, белгілеу, сызғышпен оларды кесінділермен қосу. Қабырғаларды өлшеп шамасын жазу.

№ 2. Ең үлкен қабырғасының ұзындығы қандай?. Қалған екі қабырғаның қосындысы және айырмасы қандай. ? Ең үлкен қабырғаны осы шамалармен салыстыр. Не айтуға болады?

5. Ауызша сұрақтар

№ 3. АВ қабырғасы үшін қандай теңсіздіктер орындалады ?

АС қабырғасы үшін қандай теңсіздіктер орындалады ?

ВС қабырғасы үшін қандай теңсіздіктер орындалады ?

№ 4. Үшбұрыштың 1 қабырғасы басқа 2 қабырғаның қосындысына тең немесе үлкен болуы мүмкін бе ?

Дәптер


Интерактивті тақта








6. Топтық жұмыс. Үшбұрыштар теңсіздігі

І топқа. Қосынды үшін а в + с

Суретін салуды, белгілеуді айтып отырады. Қосымша кесінді, нүктелерге түсінік беріп, шыққан фигуралар бойынша қажетті ережелерді пайдаланады, теңсіздікті қорытады. а в + с

ІІ топқа. Айырма үшін в а- с

Теореманың тұжырымын және одан шығатын салдарды айтып

а в + с теңсіздігін түрлендіру арқылы в а- с теңсіздігін

қорытады

Сергіту сәті. Тыныс алу жаттығуы.

Постер


Сабақтың соңы

7. Ауызша есептер. Осындай қабырғалары бар

үшбұрыштар бола ма ? «Иә» және «Жоқ». 10 сұрақ.



үшбұрыштың берілген қабырғалары

дұрыс жауап

1

1, 1, 1

иә

2

2, 1, 0

жоқ

3

2, 2, 1

иә

4

3, 1, 2

жоқ

5

3, 2, 1

жоқ

6

3, 2, 2

иә

7

3, 3, 2

иә

8

1, 8, 10

жоқ

9

10, 10, 1

иә

10

1, 10, 11

жоқ











8. Суретпен жұмыс. Дәптерге суретті салу және жауабын жазу

Үшбұрыштардың белгісіз бұрыштарын табыңыз

№ 1

№ 2

№ 3







жауабы: үш бұрышы да 600

жауабы: 2 бұрышы

500 және 500



жауабы: 2 бұрышы

45 0 және 450



№4

№5

№6







жауабы: 800

жауабы: 2 бұрышы 75 0 және 750

жауабы: 250

9. Дәптерге есептерді шығарыңыз

№5. Тең бүйірлі үшбұрыштың екі қабырғасы 6 см және 2 см.

Үшінші қабырғасын табыңыз.

№ 6. Үшбұрыштың бір қабырғасы 1,5 см, ал екіншісі 0,7 см.

Үшінші қабырғасының мәні бүтін сан болса, оның ұзындығы қандай ?
10. Математикалық диктант. Дәптерге берілген сөйлемді 2 түрлі жағдай бойынша аяқтап жаз:

а) Үшбұрыштың бір қабырғасы .........

б) Үшбұрыштың бір қабырғасы .........

11. Бағалау парағын толтыру. Екі жұлдыз, бір тілек.

Оқушыларды бағалау, журналға және күнделікке бағаларын қою.



12. Үй жұмысы. 3.2.т. қайталау № 189, №196 есептерін шығару.

62 – 64 беттер


Интерактивті тақта.

Дәптер

Интерактивті тақта.



Дәптер

Интерактивті тақта.



Дәптер




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет