Сабақ тақырыбы Имандылыққа жат ұғым Сабақ барысы Сабақтың мақсаты



бет1/3
Дата03.11.2022
өлшемі121 Kb.
#156362
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
Адам өмірі


«Бекітемін»________________
Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:Турешова Ж.Ж



Пән

Тәрбие сағаты




Мұғалім

Канекенова Б,Е,

Мектеп, сынып

ЖББ Ж.Досмұхамедов атындағы орта мектеп-балабақша кешені ,
1 «А»-сынып

Сабақ тақырыбы

Имандылыққа жат ұғым

Сабақ барысы



Сабақтың мақсаты

Өмірге деген құштарлықтарын,қызығушылықтарын ояту,
өмірдің мәні туралы ой пікірлерін ортаға салдыру,өмірге жақсы көзқараспен қарауға, қадірлей, бағалай білуге тәрбиелеу өмірден өз орындарын таба біліп, айналасына қуаныш сыйлай білуге үйрету.


Сабақтың көрнекіліктері

Өмір туралы қанатты сөздер, слайд.

Тәрбие сағатының барысы



Кіріспе сөз: — Саламатсыз ба, балалар! Біздің бүгінгі тәрбие сағатымыз ӨМІР жайлы болмақ. Сол себепті бүгінгі сабағымды күні кеше ғана дүниеден озған ҚР халық жазушысы, біздің жерлесіміз Қ.Мырзалиевтің өмір жайлы мына өлеңімен бастағым келіп отыр.
Адам жылап туады
Ағайынын қуантып.
Және жылап өледі
Өзгені де жылатып.
Жылайтыны туарда
Жамандар бар қинайтын,
Жылайтыны өлерде
Жақсылар бар қимайтын.
Ия, шындығында адам өмірге жылап келіп, жылап кетеді. Өмір адамға бір-ақ рет беріледі. Сол өмірді қалай етіп өткізем деу адамның өз қолында. Өмірде адаспаудың ең бірінші жолы ол – өзіңді-өзің тану, өзіңді-өзің сыйлау, өзіңді- өзің қадірлеу.
Өмір дегеніміз – адам баласының туған күнінен бастап, осы күнге дейінгі жүрген жолы.. Өмір былайша алып қарағанда төрт-ақ әріптен тұратын сөз. Алайда осынау сөзге қаншама ұғым сыйып жатыр десеңізші. Оның әрбір мезеті сынақтан тұрады. Қиындық пен қуаныш кезектесіп жетіп отырады. Бір ағамыз: “Өмір – сырын білгізбейтін тентек ат секілді, қай жағыңнан келіп тебетінін білмей де қаласың” деген екен. Иә, шынында да солай. Басқаша алып қарағанда өмір шеті де, шегі де көрінбейтін үлкен өзен тәрізді. Ал, біз сол өзенде ақырын жүзген қайықпыз Олай болса, Өмір адамға бір-ақ рет беріледі. Осы қамшының сабындай қысқа ғана өмірде бір-бірімізбен тек сыйласып өткенге не жетсін.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет